- Учителю
- Әдебиет пәнінен сабақ жоспары.Сабақтың тақырыбы: Еңбекпенен ел көгерер.
Әдебиет пәнінен сабақ жоспары.Сабақтың тақырыбы: Еңбекпенен ел көгерер.
Батыс Қазақстан Облысы
Орал қаласы №19 орта жалпы білім
беретін мектебінің
Түзету сынып мұғалімі
Шайхуалиева Раушан Серікқызы
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Еңбекпенен ел көгерер.
Сабақтың мақсаты:а\Білімділігі:Ертегінің мазмұнын аша отырып,сөздік қорларын толықтыру.
ә\Тәрбиелілігі:Еңбек етуге, сүюге,еңбекті бағалауға,еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу. б\Дамытушылығы: Ертегіні мәнерлеп оқыта отырып, ой өрістерін дамытуға,білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Пән аралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу.
Әдісі: баяндау, ой-түйіндеу.
Түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: тірек сызба, жаңылтпаш, жұмбақтар.
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1.Өлеңді мәнерлеп оқыту.
-Омарташы немен айналысады?
-Балдың қандай пайдасы бар?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе әңгіме. «Еңбекпенен ел көгерер» мақалының мағынасын ашу.
Оқулықпен жұмыс.
-
Ертегіні мәнерлеп оқу.
Сөздікпен жұмыс: Кер жалқау, айдар тағу, жұт сөздерін түсіндіру.
-
Сұрақ қою арқылы мазмұнын талдау.
-
Ертегіде кімдер туралы айтылған?
-
Қай баланың ісі дұрыс? Неліктен?
Сергіту сәті «Үлкен, кішкентай»
Қонжық «үлкен» сөзін айтқанда, балалар аяқтарының ұштарымен жүреді, ал «кішкентай» сөзін айтқанда, балалар иілген аяқтарымен жүруі керек.
Дәптермен жұмыс: Нақыл сөзді жазып алу.
«Еңбекпенен ел көгерер»
Сергіту сәті. «он саусақ» өлеңін айту.
Баламен жұмыс. Мәтіннен түсінгенін өз сөзімен баяндап беру.
* «Жалқаулық» туралы оқыған әңгімелеріңді еске түсіріп айтып бер.
Сергіту сәті. Фонетикалық жаттығу.
- Еске түсіріп көрейік, үйрек ашуланғанда қандай дыбыс шығарады?
Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш
IV.Сабақты бекіту.
-Ертегіден қандай ой түйдің?
-Еңбек туралы мақал-мәтел айт.
-Ертегіде ағайынды төртеуіне қандай атақ берілген?
V. Үйге тапсырма. Ертегіні мәнерлеп, түсініп оқу. Мазмұнын айту.
Еріншектік, жалқаулық туралы мақал-мәтелдер жинау.
VI. Бағалау.