7


  • Учителю
  • Ана тілі «Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов

Ана тілі «Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ана тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары.



Барлық оқушылар саны: 15

Қатысқан: 15

Сабақ тақырыбы

«Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар.Оқулық авторы Т.Әбдікәрімова. С.Рахметова. Б.Қабатай.

Алматы. «Атамұра».2010ж

Мақсаты

Оқушыларға М.Сүндетовтың өмірі мен шығармалары туралы мәліметтер беру. «Қайырымдылық» шығармасының мазмұның өз беттерімен меңгеруге үйрету. Сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту.

Өзара ынтымақтастыққа, қайырымдылыққа, адам бойындағы құнды қасиеттерді білуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Мәтіннен қорытынды шығарып, негізгі ойды анықтады.

М.Сүндетов туралы білімдерін кеңейтті. Сөздік қоры көбейді. Қайырымдылық, адамгершілік, құнды қасиеттерді бойына сіңірді.

Көрнекілік

Интерактивті тақта, маркер, суреттер, бағалау парағы, түрлі-түсті жетон бағдаршам, стикер, слайд.

Дерек сөздер

Самопознание.kz2013ж.Оқулық.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

2мин.

Әдіс-тәсілдері



Психологиялық дайындық:

«Қимыл-қозғалыс» жаттығу.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылармен амандасу.

Мұғалім көмегімен қимыл-қозғалыс жаттығуы жасалады.

Оқушының іс-әрекеті

1Көршіңе қарап жымиып амандас.



2Қарсыластарыңа қарап қол алыс.

3. Оң жақтағы қарсыласыңа қарап,бір-біріннің арқаларыңнан қағыңдар.

4Қолдарыңнан ұстап,секіріңдер.



2.Үй тапсырмасын тексеру.

5 мин.





Интеллектуалды ойын.

«Кім жылдам ?»Мұғалім жетон арқылы бағалайды.

А.10 ұпай - қызыл

В.20 ұпай - сары

С.30 ұпай- жасыл.



Ұяшықты оқушылар таңдайды. Мұғалім бағалайды.

Топ басшы бағалау парағына жетонды тіркеп отырады.

Сұрақ-жауап.

Жеке, топтық.

Диалогтық оқыту



















Топқа бөлу. Түрлі-түсті стикер арқылы.







Көшбасшылық.

Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері.

Ж.Аймауытов.

10 . Ж.Аймауытовтың өмір сүрген жылдары?

20 . Ж.Аймауытовтың қандай шығармаларын білесің?

30 . Ж.Аймауытовтың «Торғай» мәтіні қалай аяқтар едің?

«Торғай» мәтіні.

10. Сұр жыланның күш көрсеткен жерін мәтіннен тауып оқы.

20 .Торғай мәтінінің кейіпкері қандай адам?

30 балл: Жыланнан қорыққан торғайды сипатта.

Топ ережесі сақтауларын айту.

Бағалау парағын оқушыларға тарату.

10балл.1889-1931.Павлодар обл.Баянауыл ауданына қарасты Қызыл ту жері.

20балл.Қартқожа.

Шернияз.Елқорғаны. Мансапқорлар.т.б.





Қайырымды, батыл,жыланнан қорықпады.т.б.





Түрлі-түсті стикер арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

Топ басшысын сайлау. Топ басшысы бағалау парағын толтырады.Жетонды тіркеп отырады.



Жаңа сабаққа дайындық 2мин.





















1 мин.

Сыни тұрғыдан ойлау.

«Ой қозғау»

(суретпен жұмыс)





















АКТ.Сергіту сәті «Қамажай»

1.Адам бойындағы ізгі қасиеттерді айтып беріңдерші?

2.Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер.Неге депойлайсын?

Слайдтағы суреттерді көрсетіп, бұл қайырымдылық екенін айту.









Қимыл қозғалыс жаттығуын АКТ арқылы көрсету.



Оқушылар өз ойларын ортаға салады:

1.Қайырымдылық

  1. Мейірімділік

  2. Адамгершілік

  3. Жанашырлық

  4. Сыйластық

  5. Қамқорлық,батырлық

  6. Ұстамдық,жан жылуы т.б.



Мадақтау.

4.Жаңа сабақ. 10мин







Топтастыру стратегиясы.

Ой жүгірту.





















Интербелсенді оқу/оқыту

Жеке, жұппен, топта талдау.







.



(Ақпаратты өздігінен игереді)

Оқушы-оқушы. Мұғалім-оқушы.

Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қайырымдылық.»

Сабағымыздың мақсаты:

М.Сүндетовтың өмірі мен шығармаларымен танысамыз.

Қайырымдылық мәтінін оқып,адам бойындағы құнды,асыл қасиеттерді бойымызға сіңіреміз.

Мұғалім автор туралы мәлімет береді. Тақырыпты таныстырып, мұғалім бірден сөздікпен жұмыс жүргізеді.









Оқулықпен жұмыс. 251 бет

Мәтінді үш бөлікке бөліп оқушыларға оқыту.





Оқушыға дәптерге туған жылын жазады.















Бәкене - аласа.

Қақ - іркіліп қалған жауын суы



Автор туралы қосымша мәліметтер алады.

Оқушы автор туралы мәліметті өздері дәптерге тірек сызба арқылы түсіреді.

Мәтінді үш топтан үш оқушы оқиды. Бір-біріне түсіндіреді.

Дайын болғанда қолдарынан ұстап ,жоғары көтереді. Топ басшысы бағалау парағына жауаптарды бағалайды.



Мадақтау.

6мин



Еркін ойлау (жүйелі ойлауға үйренеді)

«Сұрақтар шеңбері».

(Біреуінің ойын екінші оқушы жалғастырады).

















1Қайырымдылық мәтіні не жайында болды?

2.Мектептен келе жатқан Мұхтар қандай жағдайға душар болды?

3. Апасы Мұхтарға не себепті риза болды.

Мұхтардың орында сендер болсаңдар не істер едіңдер?

(Ой жинақтау үшін уақыт беру). Әр топтың жауабын ынталандыру үшін смайлик таратамын.

Сұраққа дайын болғанда қолдарын топпен бірге жоғары көтеріп отырады. .







топпен талдап жауап береді. Топ басшы бағалайды.

Әр топқа үш шапалақ.

Бекіту.6мин.



























Қорытынды.5мин.



Бағалау.3мин.











Үй тапсырмасы.2мин















Рефлексия.2мин

«Ой толғаныс»

(Дамыту,қызығушылық).

«Автор стратегиясы.»

Сын тұрғысынан ойлау.







Сын тұрғысынан ойлау.

(Талдау,бақылау,қорытынды.)



Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.











Дамыта оқыту технологиясы. Деңгейлік тапсырмалар.













АКТ.



Балалар, автор қандай адам дейсіңдер?

Егер мен автор болсам.......хат жазамыз.

Автор орындығында оқушы отырып ,оқып береді.





Адам бойындағы жақсы,жаман қасиеттерді суреттер арқылы топтап жабыстырады.











А деңгейі: Қайырымдылық мәтініне сурет салу

В деңгейі:Қайырымдылық мәтінін мазмұндау, мақал-мәтел жаттау.

С деңгейі: «Менің қайырымды істерім» эссе жазу

Мұғалім: Үш-ақ адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Абай Құнанбайұлы

Мұғалім: Енді өзіміздің жүрегімізде қандай жақсы қасиеттеріміз бар жүрекшеге жазып ілейік.

Бағдаршам арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Әр оқушы автордың орына өзін қойып хат жазады.

Әр топ бір- біріннің хатын оқып,баға қояды ең жақсы хаттар автор орындығында оқылады.

Топ басшылары бағалайды.



Коллаж жасау арқылы,

оқушы өз ойын айтады.

Топ басшысы қорытынды бағасын шығарады.

Суммативті бағалау.









Оқушы үй жұмысын алады.























флипчартқа салынған жүрекше суретінің үстіне стикерді апарып жабыстырады.

























3 «ә» сыныбының күнтізбелік жоспар құрылуында ана тілі пәнінен оқу материалына сай тақырыпты таңдап, аудандық семинарда ашық сабақ өткіздім.

Сабаққа мақсат қоя отырып, әр этаптарына көңіл бөлуді жөн көрдім. Ол үшін 3 айлық курстан өткен 7-модульді қолдануды ойладым. Кембридж университетінің бағдарламасының аясында өткен 7 модуль мен әдіс-тәсілдердің тиімділігін іске асыруды ойластырдым. Себебі сабақтың жоспарын дұрыс құрса, сабақ қызықты да ұтымды болу жақтарын қарастырдым.

Сабақтың тақырыбы: Мағзұм Сүндетов «Қайырымдылық»

Мақсаты: Оқушыларға М.Сүндетовтың өмірі мен шығармалары туралы мәліметтер беру. «Қайырымдылық» шығармасының мазмұның өз беттерімен меңгеруге үйрету. Сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту.

Өзара ынтымақтастыққа, қайырымдылыққа, адам бойындағы құнды қасиеттерді білуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі: Мәтіннен қорытынды шығарып, негізгі ойды анықтады.

М.Сүндетов туралы білімдерін кеңейтті. Сөздік қоры көбейді. Қайырымдылық, адамгершілік, құнды қасиеттерді бойына сіңірді.

Сабақтың құрылымы: Ұйымдастыру кезеңінен басталды. Оқушылармен амандасу.

Сыныпта оқушыларға психологиялық атмосфера қалыптастыру үшін «қимыл-қозғалыс» жаттығуын жасаттым.

«Кім жылдам?» интеллектуалды ойын бойынша ұяшықтағы балдық жүйемен берілген 10,20,30 сұрақтарына жауап іздедім.

10 ұпай - қызыл

20 ұпай - сары

30 ұпай- жасыл, оқушылар өз жас ерекшеліктеріне қарай ұпай сандарын таңдап, сұраққа жауап беріп отырды. Оқушыны түрлі-түсті жетон арқылы бағалап отырдым.

Сұрақтар: Ж.Аймауытов.10.Ж.Аймауытовтың өмір сүрген жылдары?

20.Ж.Аймауытовтың қандай шығармаларын білесің?

30.Ж.Аймауытовтың «Торғай» мәтіні қалай аяқтар едің?

«Торғай» мәтіні. 10.Сұр жыланның күш көрсеткен жерін мәтіннен тауып оқы

20.Торғай мәтінінің кейіпкері қандай адам?

30 балл: Жыланнан қорыққан торғайды сипатта

1.Адам бойындағы ізгі қасиеттерді айтып беріңдерші?

2.Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер. Слайдтағы суреттерді көрсетіп, бұл қайырымдылық екенін айттым.

Оқушыларды түрлі-түсті стикерлер арқылы топқа бөлдім. Оқушылар өздері топтың топ басшысын сайлады.Қағазға жазылған бағалау парағын тараттым. Топ басшылары түрлі-түсті жетондарды бағалау парағына белгілеп отырды. Топта топ ережесін еске түсіріп әр оқушының ойы құнды, бір-бірін топта тыңдап, бір-біріне көмек көрсету керектігі, топта белсенді болуға шақырдым.

Сыни тұрғыдан ойлау «Ой қозғау» стратегиясын қолдандым интерактивті тақтадағы суретпен жұмыс барысында оқушы өз ойын адам бойындағы ізгі қасиеттерді айтты.

Қайырымдылық,мейірімділік, жанашыр,қамқорлық т.б. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, өмірмен байланыстырды. Теледидардан көрген «Жан жылуы», «Қайырымдылық» концерт болғаны. Сара Алпысқызы «өзін-өзі» тану пәнінің авторы мен балаларды адамгершілікке,мейірімділікке шақырады бізге бұл пән ұнайды.Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашып берді.

Сергіту сәті интерактивті тақтадағы жаттығуды оқушылар қызығушылықпен орындап шықты. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Қайырымдылық.»

Мақсаты: М.Сүндетовтың өмірі мен шығармаларымен танысамыз.Қайырымдылық мәтінін оқып,адам бойындағы құнды,асыл қасиеттерді бойымызға сіңіреміз - деп тақырып пен мақсатын таныстырып шықтым. Диалогтік оқудың маңыздылығын қолдануда тақырыптың авторы Мағзұм Сүндетов жайында слайд арқылы туған жылы шығармаларымен таныстырып шықтым. Оқушылар дәптермен жұмыс жүргізді деректерді тірек сызба құру арқылы жазып алды. Оқушыларға мәтінді бөлікке бөліп бердім, топта дауыстап оқыттым. Әр топ өз бөлігін бір-біріне түсіндірді, топта талданды. Әр топтың сабаққа дайындығын білу үшін оқушылар қолдарын бірге ұстап жоғары көтеріп отырды. Әр топ өз сұрақтарына жауап беріп отырды.

1 топ.Қайырымдылық мәтіні не жайында болды?

2 топ.Мектептен келе жатқан Мұхтар қандай жағдайға душар болды?

3 топ.Апасы Мұхтарға не себепті риза болды.

Мұхтардың орында сендер болсаңдар не істер едіңдер? Әр топты ынталандыру үшін смайликтер тараттым. Бұл «сұрақтар шеңбері» әдісі бойынша топта неше адам отыр өз ойларын жалғастырып жауап іздеп отырды. Оқушыларды еркін, жүйелі ойлауға үйренді. Топта топ басшылары бағалау парағына оқушылар жауабын бағалап отырды. Сабақты бекітуде «Ой толғаныс» әдісін қолдандым. Балалар автор қандай адам дейсіңдер? Егер мен автор болсам... хат жазды. Әр оқушы хат жазып бір-біріне оқытып, баға қойды. Үздік хатты. Автор орындығында оқылды. Әр топ бір-бірін бағдаршам арқылы бағалап отырды. Ал, топ басшысы бағалау парағына бағасын қойды. Сыни тұрғыдан ойлау талдау,бағалау, қорытынды шығарылып отырды.

Коллаж жасалды. Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді суреттер арқылы топтап жабыстырды. Коллаж жасау арқылы, оқушылар өз ойларын қорғап ,талдап,түсіндірді. Оқушылар бұл тапсырманы қызығушылықпен орындады. Топ басшысы қорытынды бағасын айтты. Мұғалім жиынтық бағасын қойды. Үй жұмысын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуды ескеріп тапсырма берілді.

Мұғалім: Үш-ақ адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.Абай.

Кері байланыс. Өзіміздің жүрегімізде қандай жақсы қасиеттеріміз бар жүрекшеге жазып ілейік. Флипчартқа салынған жүрекше суретінің стикерді апарып жабыстырды.

Сабақ барысында өзім алдыма қойған мақсатыма жеттім.

Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысып,топпнен ,жұппен, жеке өз ойларын ялмай айтуға қалыптасып келеді. Топ басшылары көшбасшы роліне еніп, өздерінің топтарымен жоғары деңгейде жұмыс жүргізді - деді қатысушы мұғалімдер. Балалар әр сабақ сайын топпен жұмыс жүргізуде қызығушылықпен ынта қойып істейді.

Кембридж оқыту бағдарламасының 7-модулін өз сабағымда тек тиімді, ұтымды жақтарынан орын алады.

1.Оқыту мен оқуды жаңа тәсілдер.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технология(АКТ).

5.Таланты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Ана тілі «Қайырымдылық» Мағзұм СүндетовИнтерактивтік тақтамен жұмыс









Ана тілі «Қайырымдылық» Мағзұм СүндетовАна тілі «Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов

Топпен жұмыс Көшбасшылық





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал