7


  • Учителю
  • Урок на тему: 'Ертегілер' 5 класс

Урок на тему: 'Ертегілер' 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Петропавл қаласындағы

№17 ұлттық өркендеу орта

мектеп - кешенінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы



Ертегілер елінде

(5 сынып)

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларға ертегілер туралы білім беру. Ертегілер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Тәрбиелік:Ертегі мазмұны арқылы оқушыларды адамгершілікке, достыққа, жақсылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Ертегілер арқылы сөздік қорларын молайту.Қиялдау қабілеттерін дамыту.

Түрі: аралас сабақ (орыс тілі)

Әдіс -тәсілдер: Түсіндіру, мәнерлеп оқу. Шағын сахналық көрініс көрсете білу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Сәлеметсіздер ме, балалар!

Барлықтарыңды ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстап қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан -жағым.

2. Өткен тақырыптарды қайталау.

Ауыз әдебиеті ғылымда қалай аталады?

«Фольклер» қай елдің сөзі?

Төрт түлік малға нелер жатады?

Мақал дегеніміз не?

Жаңылтпаштың мәні неде?

Үй тапсырмасын тексеру. Жаңылтпашты жатқа сұрау

3. Жаңа сабақ.

Балалар! Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан саласының бірі- ертегілер. Өздерің сүйіп тыңдайтын, іздеп жүріп оқитын ертегілердің түрлері олардың ерекшеліктері туралы бүгінгі сабағымызда қарастырамыз.

Ертегілер ерте заманда пайда болған. Ертегі қиялдан туған шытырман оқиғалы, қызықты әңгіме. Ертегіні айту да өнер. Ертегіні мазмұндамайды. Ертегі дәстүрімен айтады. Ертегі айтатын адамды ертегіші деп атайды.



4. Тірек сызба арқылы ертегі түрлерін көрсетіп атау.



Шыншыл ертегілер



Қазақ ертегілері

Тұрмыс салт ертегілері

Қиял ғажайып ертегілер





Жан -жануарлар немесе хайуанаттар туралы ертегілер



5. Сөздік жұмысы:

Ертегіші- сказочник

Дүниетаным - мировозрение

Шыншыл - правдивый

Мақсатына жету - достигнуть цели

Жаңа сөздерді хормен одан соң жеке -жеке қайталау. Сөз тіркестерін құрау. Дәптерлеріне жазып алу.

6.Оқулықпен жұмыс.

Кітаптан әр ертегінің түрлеріне байланысты мәтінді мәнерлеп оқу. Мағынасын түсіну.

7. Сергіту сәті.

Кел, балалар кел, бері,

Қыздырайық денені.

Орнымыздан тұрып-ақ.

Жүгірейік бір -уақ.

8. Сабақты бекіту.«Кім тапқыр» Интерактивті тақтадан Әр ұлттың ертегілерінен суреттер көрсетіледі. Ертегіні атап беру, ондағы кейіпкерледі атау.

1. «Мақта қыз беп мысық» 2. «Арыстан мен түлкі.»



3. «Алдар көсе мен бай» 4. «Маша мен аю»



5. «Алтын балық»



Оқушылар қай ертегі және қай ұлттың ертегісі екенін тауап алады, кейіпкерлерді атап береді.

9.Үйге тапсырма.Ертегінің түрлерін жаттау.Қазақ халқының бір ертегісін оқып келу.

10. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал