7


Әдебиеттік оқу Ақ жайық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: А. Құдайбергенов. «Ақжайық»



Мақсаты: 1.Ел, жер, өзен, көлдерін білу арқылы әсемдікті түсіндіру,

іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейту.

2.Туған жерге деген сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ояту, тәрбиелеу..

3. Патриоттық, отаншылдық тәрбие беру. Эстетикалық, экологиялық көзқарасының қалыптасуына әсер ету.

Сабақтың көрнекілігі:оқулық.слайд.автор портреті

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық дайындық

Біз қандаймыз,қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндерміз

Жайқалған хош гүлдейміз

ІІ.Өткенді пысықтау

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Дәулет.Қасенов. Қос«батыр» мәтінін мазмұндау. «Батыр болу оңай ма?» тақырыбында эссе жазу.Туған жер,батылдық,қорқақтық туралы мақал -мәтелдер жазып келу.

  • Мәтіндегі балалардың қорқынышына көзқарасыңды айт?

  • Самат пен Сайлаудың орнында болсаң,өзің не істер едің?

  • Мына мақал -мәтелдерді мәтіндегі оқиғаның қай сәтімен байланыстыруға болады?

Өздері ізденіп келген мақалдарын оқыту,түсінгендерін сұрау.

Батыл болсаң батыр да боларсың

Қорыққанға қос көрінер

Сөзжұмбақ шешу:

1.Ер жүрек ,батыл адамды кім дейміз?

2.Мәтіндегі Сайлау қай батырға еліктеді?

3.Көп нүктенің орнындағы сөз «Туған жердей .... болмас»

4.Мәтіндегі кейіпкердін бірінің есімі?

5.Мәтінде Амангелді батырға еліктеген «батыр»есімі?

6.Жұмбақты шеш:

Айдында жүзеді,

Тірі күміс сүзеді?

7.Балықшының құралдарының бірі?

ІІІ.Жаңа сабақ

Айтмағанбет Құдайбергенов. «Ақжайық»

Айтмағанбет Құдайбергенов (Маңғыстау ауданы, Қызық ауылы 1930- 1980) - жазушы.

«Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз»), «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен»), тағы басқа мерзімді басылымдарда («Балықшының баласы», «Махаббат сарайы», «Қуанышты қайдан іздейді?», «Мұғалімнің қызыл сиясы», «Ер кезегі үшке дейін», «Төтенше комиссардың төрт аптасы», тағы басқа ) әңгіме, драма, повестері жарияланған. 1956 жылы Маңғыстау ауданы халық театрын ұйымдастыру жұмысына қатысты. Құдайбергеновтың 2 томдық шығармалар жинағы (2007) Алматы қаласындағы «Нұрлы әлем» баспасынан жарық көрді.

(Жайық өзені,оған құятын өзендер туралы слайд). «Еділ мен Жайық»музыкасы баяу орындалып тұрады.

Батыс Қазақстанның территориясы бойынша 196 өзен ағады.. Бірнеше географиялық аймақтан ағып өтетін, үлкен алапты тек Жайық өзені. Бір географиялық аймақ шегінде орналасқан. Жайық өзеніне-Деркөл, Шаған, Көшім, Үлкен және кіші өзен, Бұлдырты т. б келіп құяды.

Тек Жайық өзенінде кеме жүреді. Облыстың негізгі сала тамыры - Жайық өзені. Облыстың барлық өзендері жазықтық өзендерге жатады. Ал Жайық өзенінің жартысы тау өзеніне жатады. Жайық өзені Орал тауынан басталып, Каспий теңізіне құяды.

- Осы Жайық өзеніне арнап көптеген ақын-жазушыларымыз, сазгерлеріміз ән-өлең шығарған. Осы Жайық өзенінің жағасында «Қыз Жібек» киносы түсірілген.

3.Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді түсініп оқу. Жайықтың сипатын әңгімелеу. Жайық өзеніндегі балық түрлері туралы сұрау.Атырау қаласын екіге бөліп жатқан Жайық өзені туралы қысқаша айтып өту.





  • Іштей оқу

  • Тізбектей оқу

  • Мәнерлеп оқу





Сөздік жұмыс:

Өзек-өзен ағатын арна

Тұнығында- бұл жерде терең деген мағынада

ІҮ.Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.

1.Әке әңгімесіне тақырыпша қой.

2.Өз өлкеңдегі өзен-көлдер туралы не білесің? Сипаттап жаз.

Ү.Сабақты қорыту

- Әкесі мен баласы қайда болды?

- Әкесі Өсерге не туралы әңгімеледі?

- Өзен жағасында кімдер мекендеген?

- Бала немен айналысқан?

- Әжесі не деді?

- Жайық өзенінің түсін не өзгертті?

- Өсер әкесіне не деді?

- Ақжайық қандай өзен?

- Ақжайық - ағысты өзен.

- Тұйық су болса - ол қандай өзен?(Ащы өзен)

- Тұз қайда кетті?





  • Мәтіндегі Жайық өзеніне берілген сипаттаманы оқы

  • Аңыз бойынша Жайық қалай пайда болған?

  • Жайық өзені туралы тағы не білесің?

  • Мәтіндегі автордың негізгі ойын әңгімеле

  • Мәтін соңындағы баланың сұрағына әкесінің берген жауабын қандай мақал-мәтелмен түсіндірер едің?

  • Өсердің сұрағына берген әкесінің жауабына сен қалай қарайсың?

  • Өзен мен теңізді салыстыр.





ҮІ.Үйге тапсырма:

І-топ:суға байланысты тыйым сөздер айт

ІІ-топ: мақал-мәтелдер

ІІІ-топ: жұмбақ құрастыр

Мәтінді түсініп оқу. Жайық өзенінің басталуы, мол байлығы, Ақжайық атану себебін іздестіру.

Өзен-көлдер туралы мақал-мәтел жаттау.

ҮІІ.Бағалау.

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі бойынша мадақтай отырып бағалау.









</<br>




























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал