7


  • Учителю
  • Жергілікті өсімдіктерден алынатын бал түрлері ғылыми жоба

Жергілікті өсімдіктерден алынатын бал түрлері ғылыми жоба

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жоспар





I. Кіріспе. …………….3



Негізгі бөлім



1. Балды өсімдіктердің кейбір экологиялық ерекшеліктері…..5



2. Биотикалық тозаңдану және оның өсімдіктер үшін маңызы….6



3. Шірне және тозаң. Оларды жинау және балға айналдыру.



3. 1 Шірненің балға айналуы..............9



3. 2 Тозаң, оның қоректік маңызы.............12



3. 3 Ара жемісі немесе прополис...........14



4 Қызылорда облысының бал ара шаруашылығы....15



5 Мәдени балдық өсімдіктер.......16



6 Сәнді балдық өсімдіктер .....20



7. Жабайы балдық өсімдіктер....21





Қорытынды......24

Пайдаланылған әдебиеттер....25





























Аннотация





Ара шаруашылығының өнімдері, бал, балауыз, прополис, тозаңдар, бал ұялары араларды өсіру жолдарының мүмкіндіктерін іздестіру, және қандай өсімдіктерден алынады деген сұрақтарға жауап іздеу, олардың түрлерімен танысу үшін ғылыми жұмысымды бастадым.

Зеттеу жұмысымды жегілікті жер әуесқой омарташылармен сұхбаттасуды ұйғардым.

Балды өсімдіктердің кейбір экологиялық ерекшеліктерінен бастағанды жөн көрдім. Сондай- ақ жергілікті жердегі балды өсімдіктерді:

. Мәдени балдық өсімдіктер

. Сәндік бал түзуші өсімдіктер

. Жабайы балдық өсімдіктер - деп бөліп, олардың әрқайсысына жекпе- жеке тоқталдым.

Шиелі ауданында бал омартасынан өндірілетін балға зерттеу жұмысын жүргіздім.























































КІРІСПЕ



Адамзат аралармен ежелден таныс. Алдымен аралар ұяларын ағаштарының қуыстарынан тауып, оларды бұзып, өздеріне ұядан тәтті керемет тағамды тапты. Уақыт өте келе аңшылар жоюды доғартты, келер жылы да осы жерден бал алу үшін ұяны бұзбай тек қана ұялардың бір бөлігін ғана алады.

Адам мен бал аралар арасында қатынас өте ертеден болған. Ара шаруашылығының өнімдері бал, балауыз, прополис, аналық сүт, тозаңдар, бал ұялары адамдардың араларды өсіру жолдарының мүмкідіктерін іздестіруге ниеттендірді және олардың өсіру технологиясын меңгеруге әкелді. Олар аралардың көп мөлшерде өнім алу үшін оларға жағдай жасау үшін ұмытылды. Кейін ұя, рама, бос балауыз жасай бастады. Осылай бал жинау техникасын меңгере бастады.

Қазақстанда ара шаруашылығы ғылыми негізде жүргізіледі. Бұл ғылыми және ара шаруашылығының өндірісіне жемісті еңбектері арқылы мүмкін болып отыр. Ғылыми жұмыстардың бір бағыты энтомафильді өсімдіктерді тозаңдандыруға араларды пайдалану. Сөйтіп ғалымдар қазіргі заманның басты проблемасы табиғатты қорғауға қатысады. Себебі олардың да жұмыстарының негізгі бағыты балды флораны молайту және қорғау. Сонымен қатар ғалымдар осы тұрғыдағы білімді насихаттау және соның ішінде адамның өндірістік қызметін қарқынды өсіру барысында жұмыс жасауда.

Насекомдардың өсімдіктердің тозаңдандырудағы орны қандай? Энтомофильді өсімдіктердің 150 түрінің өнімі насекомдармен тозаңдандыруға бейімді ретінде басқаларына қарағанда артықшылығы бар. Бал аралары семья болып өмір сүреді және өсімдіктердің жаппай гүлдеуі кезінде семьяның саны 10 000-даған болып кетеді. Ара семьяларының керек кезінде кез келген жаққа және ортада көшіруге болады.

Адамзат баласы ежелден бал арасын өсірумен айналыса отырып оған бір жақты қарамаған. Оны табиғи маңызды байлық ретінде де түсініп, балдық өсімдіктер жөнінде мәліметтер жинай бастады. Жазғы кезде ол бұл өсімдіктерді қорғауға алды. Жабық тұқымды өсімдіктер болмағанда оның орнын паротниктер, мүктер, қыналар, жалаңаш тұқымды өсімдіктер және қылқан жапырақты өсімдіктер дамып кеткен болар еді. Ал олар тозаңданбайтын өсімдіктер. Бал аралары және олардың ата тектері өсімдіктердің өнімділігін арттыруға, адам игілігіне қызмет етеді.

Бал арасының өсімдіктер тіршілігіндегі және адам өміріндегі ролі орасан зор. Бұл мәселе әлі соңына дейін шешілмеген мәселе. Бал аралары осы кезге дейін нашар қыстап шығудан, аштықтан, балды дұрыс жинамаушылықтан және сапасыз жемнен, нашар күтімнен зианкестерден және ауруды өсімдіктерді химялық жолмен қорғайтын заттардан көптеп жойылуда. Бор дәуірінде шыға бастаған алғашқы гүлді өсімдіктердің даму жолын сол кезде тарала бастаған насекомдар да бір шама тездетіп, олардың құрлықта кең түрде таралуларына әсерін тигізді.



Демек гүлді өсімдіктердің және соларды тозаңдандырып, солардың сөлі, шірнесі және тозаңдарымен қореқтену барысында екеуінің эвалюциясы қатар бір-біріне бейімделушіліктерін туғыза жүрді деуге болады. Осы тұрғыдан біз гүлді өсімдіктердің тозаңдануға басты бейімделушілік ерекшеліктеріне тоқтаймыз. Жабық тұқымды өсімдіктердің гүлдері эволюция барысында тозаңдануға әсіресе насекомдар мен айқас тозаңдануға деген керемет бейімдеушілік ерекшелектеріне қысқаша тоқталамыз.













































































Негізгі бөлім



1 Балды өсімдіктердің кейбір экологиялық ерекшеліктері



Аралар бал жинайтын өсімдіктер жабық тұқымдылар немесе гүлді (Angiospermoe немесе Magnolio phyto) өсімдіктер бөліміне жатады. Гүлді өсімдіктердің даму жолын сол кезде тарала бастаған насекомдар да бір шама тездетіп олардың құрлықта кең түрде таралуларына әсеріне тигізді. Демек гүлді өсімдіктердің және солардың арқасында сөлі, шірнегі және тозаңдарымен қоректену барысында екеуінің эвалюциясы қатар бір-бірінің өздеріне бейімделушіліктерін туғыза жүрді деуге болады. Осы тұрғыдан біз гүлді өсімдіктердің тозаңдануға басты бейімдеушілік ерекшеліктеріне ерекше тоқталамыз. Жабық тұқымды өсімдіктердің гүлдері эволюция барысында тозаңдануға әсіресе насекомдармен айқас тозаңдануға деген керемет бейімделушілік белгілерді туғызып, қабылдады. Жалпы гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдануының төмендегідей түрлері бар: насекомдар көмегімен тозаңдануды - энфонофимия, құстар - орнитофимия, жарғақанаттылар - хиротерофимия деп атайды. Гүлді өсімдіктер өлі табиғат элементтері арқылы да тозаңданады, мысалы жел арқылы - анегиофимия - анегиофимия және судың көмегімен гидрофимия. Осы тозаңдану кейіптеріне сәйкес биотикалық және абиотикалық тозаңдану тәсілдерін айтуға болады.

Гүлдің жыныстық бөлінулері өздігінен тозаңдануды шектейді немесе мүлдем болдырмайды. Осының барлығы гүлді өсімдіктердің әртүрлі жыныстыларын туғызады. Өсімдіктердің екі үйлілігі популяцияда аталық және аналық гүлдер әртүрлі особьтерде орналасқан, қазіргі уақытта екінші реттік құбылыс деп қаралады. Бұл өздігінен тозаңдануды болдырмайтын ең сенімді жолы. Оның зиянды салдарына - екі үйлі өсімдіктердің популяциясының жартысы тұқым бермейтіні жатады.

Екі үйлі өсімдіктерге: талдар, теректер, екі үйлі қалақайлар, спорашылар, конопиялар тағы басқа көптеген өсімдіктер мысал. Бір үйлілік аталық және аналық гүлдер бір өсімдік үстінде орналасады, насекомдар және жел арқылы тозаңданатын өсімдіктерде, әсіресе кейінгілерде көп кздеседі. Бір үйлі өсімдіктерге қолдан өсірілетіндерден асқабақ тұқымдастарына жататын: қияр асқабақ, қарбыз, жүгері өсімдіктері мысал бола алады.

Жел арқылы көптеген қияр тәрізділер, ағаш тектестілерден: емен, қайың, жабайы жаңғақ, грек жаңғағы т. б. тозаңданады. Бір үйлілік автогомияны болдырмағанымен гейтегомалықтан сақтай алмайды. Өздігінен тозаңдануды шектейтін және жүргізбейтін басқа әдістерге мына төмендегі құбылыстар жатады.

Дихогомия - бұл функциональді дара жыныстылы. Бұл құбылыстың негізінде аталықтың, тозаңдардың және аналықтардың әр уақытта яғни біреулерінде ерте, екіншісінің кеш пісулері жатады. Бірінші жағдай - протандрия яғни тозаңдардың ерте пісіп жетілулері, екінші - пропогиня, яғни аналық аузының ерте пісіп жетілулері. Тозаңдарының және аналық ауыздарының бір уақытта пісіп жетілулерін гоногомия деп атайды. Диохогомия айқас тозаңдануға бейімделушілік және өздігінен тозаңдануды болдырмайтын құбылыс деп қарастырылады.

Бірақ кейінгі зерттеулер бойынша дихогомияның түрлі себептермен айхас тозаңдану жүрмей қалғанда гүлдеу кезеңінің соңында кейбір гүлдерде автогомияның жүретіндігі байқалады және гейтогомия кейпінде өздігінен тозаңдану мүмкіндігі туады. Себебі бір особтің үстінде әр түрлі фазада гүлдеп тұрған гүлдер кездеседі. Сондықтан дихогомияның маңызын азды-көпті өздігіне тозаңдануды шектеп, айқас тозаңданудың іске асуына көмектеседі деп түсінген жөн. Протогинияға қарағанда протондрия көбірек кездеседі. Бұл құбылыс шатырша гүлділер, күрделігүлділер, қоңырау гүлділер, қалампыр гүлділер, ерін гүлділер тағы басқа көптеген тұқымдастар өкілдерінің гүлдерінде кездеседі. Мысалы: бозсары қотыротының гүлдері (гүл шоғырының) шет гүлдерінде алдымен аталықтары, кейін аналықтары піседі, ортаның гүлдерінде де сондай құбылысты көреміз және де осындай көріністі айыр шалдыр шөп өсімдігінің гүлінде де кездестіреміз. Елекшөптер популяцияларының түрлерінде аналық аузының пісуі өткен күннен басталады да, келесі күні таңертең 2-3 сағаттай уақытын кетіреді.

Бірүйлі гүлдерінде аналықтарына қарағанда 1-6, ал бақжапырақтарда 4-6 тәуліктей бұрын жүреді. Осындай протогиниялық кездерде тәулікте аз уақытта шашылып таралатын тозаңдарды ұстап алуға аналықтар алдын ала дайын тұратын сияқты. Шөлді жерлерде таралған көптеген алабұта тұқымдастары өкілдерінен де осы құбылысты байқауға болады. Келесі гетерастимия құбылысы - өсімдік түрлеріне бірнеше особьтерінде аналық мойындарының ұзындықтары және аталықтарының орналасуы мен бір-бірінен ажыратылатын екі немесе үш түрлі гүлдері болады. Бұл құбылысқа қарақұмық өсімдіктерінің гүдерінің құрылысы жақсы дамыған. Өсімдіктер алдымен гүлдейді сонаң-соң жеміс береді. Жеміс гүлін жыныстың жетіліп яғни тұқым жарнақтың түйінінде аталық сперимен қосылған уақтында байланады. Тозаңдану дегеніміздің өзі, тозаң қаптағы тозаңның аналықа орын ауысуы. Егер тозаң өзінің гүл мен түйінінен түзілсе - өздігінен тозаңдану, ал егер тозаң басқа өсімдіктерден келсе, онда айқас тозаңдану жүреді.

Аралардың өмірі қазіргі уақытта жер шарында үстемдік алып отырған тұқымдары түйіннің де, дамитын және жеміс қабымен қоршалып тұратын жабық тұқымды өсімдіктер тобымен тығыз байланысты. Ара шаруашылығының жеміс шаруашылығымен байланыстырудың жоғарғы дәрежелі пайдасы бар, ол үшін омарталарды жақсы нәзік, хош иісті бал беретін жеміс-жидек бақтарының жанына орналастыру қажет. Омартаны қоршап тұрған өсімдіктер алуан түрлі болуы және жақсы бал түзушілік қасиетімен ерекшеленуі қажет.



2. Биотикалық тозаңдану және оның өсімдіктер үшін маңызы



Өсімдіктердің айқас тозаңдануларының топтары жоғарыда айтылды. Бұл жерде энтонофимиялық тәсілдің, яғни насекомдардың ролін анықтайды. Жалпы насекомдар гүлдердің эвалюциясында ғана емес, олардың шығуында үлкен роль атқарады. Алғашқы жабық тұқымдылардың қосжынысты - энтонофильді гүлдері болуы мүмкін.

Сондықтан қос жыныстылық автогомияның жүруінің негізі деп саналады.

Ал жабық тұқымдылар гүлдерінің дара және жел арқылы тозаңданулары, екінші реттік құбылыс, яғни, кейін пайда болған. Энтонофимияның шығуына гүлдерде шірнеліктердің пайда болуы және олардың дамулары себеп болады. Оның себебі алғашқы қарапайым гүлдер әлі де шірне бөлу қабілетіне ие болмаған. Насекомдар олардан тек жинау үшін келіп-кетіп жүрген. Шірне, насекомдарға, тозаңға қоса екінші және маңызды қорек қорына айналады. Сөйтіп шірненің пайда болуы бүкіл тозаңданушылар құрамын түбегейлі өгеріске ұшыратады. Болжам бойынша алғашқы тозаңданушылар қоңыздар бөлек, кейін олардың құрамына жоғарғы жарғаққанаттылар, қосқанаттылар және қабыршаққанаттылар орын алып, негізгі роль атқара бастады. Осы тозаңдану тәсілінің күрт өзгеруі бор дәуірінде гүлді өсімдіктердің басқаларға қарағанда тез таралуына күшті әсер етті. Насекомдардың гүлдерге шірне және тозаң жинау үшін баратыны жақсы белгілі. Бірақ кейде тығылатын орын, гүлге жұмыртқа салу, құрыыс заттарын жинау үшін де баратындары белгілі.

Тозаң - ол насекомдардың гүлден жинайтын маңызды қорек көзі. Оның құрамында белок, май, көмірсутек, гүл элементтері, ферменттер, витаминдер болып өте жоғарғы бағалы қорек заты болып саналады. Сондықтан да насекомдар тозаңда тек энтонофильді өсімдіктер емес, сонымен орман жаңғағы, астық тұқымдасты, бодақжапырақтар т.б. анемофильділерден де жинайды. Бірақ кейінгілерден тозаңдану қорына қатыспайды. Айтып кететін нәрсе - энтонофильділердің тозаңдары май белоктарға біршама бай келеді. Тек қана тозаң жинайтын (шірнесі жоқ) өсімдіктер саны 1000-нан асады. Олардың өзін желмен және насекомдардан тозаңданатын екі топқа бөледі, бірінші тобы көбірек. Оларға: қайың ағаш, терек, емен, орман жаңғағы, май қоға, қамыс және арам шөптерден, алабұта, қалақай, гүлтәжі т.б. жатады. Бұлардың бәрі желмен тозаңданып, тозаңдарды өте көп беріп, бал шаруашылығына өте пайдалы. Екінші топқа гүлдері ашық түске боялған, насекомдармен тозаңданатын өсімдіктер: раушан, итмұрын, көкнәр, желайдар, жібілген, аюқұлақ және табиғатының түрлері жатады. Тозаң сарқылғаннан кейін оларға қайтіп насекомдар бармайды. Энтонофильділердің тозаңдары ұзақ уақытқа сақталады, бірақ ылғал, су, олар үшін зиян. Сондықтан тозаңда ылғалдан қорғайтын түрлі бейімдеушіліктер: қоңырау, бокал және тостағанша формалары гүлдердің күлтелерінің қордалары: басқа өсімдік гүлдері гүл сағақтарымен белгілі мерзімде, әсіресе жауын-шашын, тұманды және бұлтты күндері төмен қарай иілімдері пайда болады.

Шірне. Қосжарнақты және даражарнақты өсімдіктер гүлдерінде шірнеліктер (неторниктер) деп аталатын ерекше бездер дамиды.

Шірнеліктердің құрылымын линней дәуірінен зерттеліп келе жатыр. Алғашқы белдің өсімдіктер сипаттамалары Аристотель және Теофрост жұмыстарында кездеседі. Шірнеліктер көлемі және формалары, шығуы және мөлшерінде орналасулары жағынан әр түрлі, екі жағдайда шірнеліктер эпидермалды және субэпидермалды клеткалардың көп қайта берілу нәтижесінде әр түрлі формадағы бездер құрады. Гүлқоршауы және гүл табанының да эпидермалды және супэпидермалды клеткаларынан дамиды. Аталықтар жатын үстінде де пайда бола береді. Шірнеліктердің пайда болуының тағы басқа жолдары бар. Шірнеліктердің орналасу жағдайларына қарай оларды екі топқа бөлуге болады. Бірінші: гүл ішілік, екінші: гүл сыртында яғни басқа мүшелер үстінде. Жергілікті өсімдіктерден алынатын бал түрлері ғылыми жоба

Гүлдік шірнеліктері оның барлық мүшелерінің үстінде пайда болады: тостағанша жапырақшаларда, күлтелерде, аталықтар және аналықтар үстінде де, аталық жіпшелерінде немесе солардың ерекше өскендерінде, жатында, аналық мойнының негізінде гүл табанында осы ең кейінгі жағдайында ол диск деп атайды және көп жағдайда әр түрлі өскіндер құрады, гүлден жас сабақтарда және гүл жапырақшалар үстінде. Тостағанша жапырақшаларда шірнеліктер өте сирек дамиды. Тек жеке ағашының ойық тостағанша жапырақшалары ірі тамшылы шірне бөледі, қарақұлақта шірнелік аталықтар негізінде: ол шырмауықта жатын негізінде бес қабыршақ тәрізді болып дамиды. Жыңғыл туысында шірнеліктер формасы диск тәрізді болып, ол гүл табаны үстінде жататын және аталықтар аралығында орналасады. Асқабақтарда да шірнеліктер гүл табаны үстінде жататын және аталықтар аралығында орналасады. Асқабақтарда да шірнеліктер гүл табаны өскіні сияқты дамиды. Кейбір өсімдіктер гүлдерінде томша тәрізді ерекше орын дамып, бөлінетін шірне соған жиналады. Гүлден жас шірнеліктер сиыр жоңышқа қорығында әсіресе шиенің және қызыл шиенің жапырақ сағақтарында жақсы байқалады. Гүлден жас шірнеліктер алғашқы рет жайырақтарда байқалуы мүмкін. Олар дымақта және сүттегеннің гүлдерінің жабынды жапырақшаларында, мақта жапырағының орталық нүктесінен табуға болады. Бұл шірнеліктердің маңызы онша емес, себебі шірнені аз бөледі және өсімдіктердің жас кездерінде ғана шығады. Дегенмен мақтадан және сиыр аралар әжептеуір шірне жинайды. Шірнеліктердің формалары түтікше, жалпақтау, тегіс немесе ойық, дөңес майда шұңқыршықтар сияқты сүйелді өскіндер тәрізді, диск сақина, мүзді денешік тәрізді болып келеді. Асқабақтың аталық гүлдерінің шірнелері кішкене табақша, шірне бөлетін бездердің астында, оны қамтамасыз ететін майда клеткалардан құралған арнайы ұлпа қабаты орналасады. Көп жағдайда ол ұлпа гүл табанының барлық жазығын ала дамиды.

Шірнелердің орналасулары саны және орналасу формалары өсімдіктердің әр түрлі қуалаушылықта тұрақталған белгілі. Сондықтан да ол қасиет өсімдік систематикасында арнайы түр айырып белгі ретінде пайдаланады. Біріншілік шірнеліктер әдетте тереңірек орналасады және насекомдар шірнені сорамын дегенде, міндетті түрде тозаңқапты және аналық аузына үйкеліседі. Сөйтіп айқас тозаңдануды іске асырады.

Әдетте шірнеліктің түсі жасылдау немесе сары жасылдау, қына өсімдігі солғын жасыл, асқабақ және дала шырмауығы сары қызыл түсті. Көп жағдайда шірнелік ұлпаның ірі клеткаларынан жақсы ажыратылатын 6-8 майда клетка қабатын түзеді. Эпидермис жиі клеткалардың бір қабатынан тұрады, кейде 2-3 қабатты да болады.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қ.Бағашар. Балдың емдік қасиеті. Сыр бойы. 2012 ж. 11 наурыз. 2-бет.

2. Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011.

3. М. Сүлеймен. Ара балының құндылығы оның дәмдік және емдік қасиетінде.

4. Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қазақ Совет энциклопедиясы, Бас редакциясы 1990.

5. Қазақ энциклопедиясы, ІІ т.

6. Қ. Жолдыбайұлы. Ақиқат шуағы, Алтын қалам баспасы, 2007.

7. К. Қопаева. Апитерапия: ара уы - ауруға ем.

8. kk.wikipedia.org























































Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!







12







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал