7


  • Учителю
  • Ойнайық та ойлайық Сыныптан тыс іс-шара

Ойнайық та ойлайық Сыныптан тыс іс-шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты:

Оқушылардың жан-жақты білімге деген құштарлығын,білім деңгейін анықтау.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ұқыптылыққа, бір-бірін сыйлауға,топпен жұмысты ұйымшылдықпен орындауға тәрбиелеу.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Шеңберге тұрып,бір-біріне жақсы тілектер тілеу

Мұғалім сөзі.

Армысыздар мұғалімдер аз жандар,

Білім іздеп,инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Сұрақ -жауап,жұмбақ шешу басталар.

Ал,келіңдер,келіңдер.

Біріңе -бірің еріңдер

Қойған сұрақ тапсырманың

Жауабын тез табыңдар

Құрметті ұстаздар,оқушылар ! бүгін 2 «А» сынып оқушыларының арасында« Ойнайық та ойлайық»атты сайыс болғалы отыр. Топтарға бөлу. Ұрандарын айту

Жарыс бағытымен таныстыру.

1.Таныстыру

2.Сұрақ-жауап

3.4 жол өлең құрастыру

4.«Мақал сөздің мәйегі»,мақал мәтел жалғасы.

5.Жұмбақтар шешу

6.Өз өнерлерін көрсету.





«Қыран» тобы.

«Қыран құстай қалықтап,

Шарықтап алға шығамыз»

«Аққу»тобы:

«Аққу »атты тобымның жұлдыздары

Аққудай көл бетінде қалықтасын.

«»Қыран» тобына сұрақтар қою

1.Білім алу үшін қайда келдіңдер?

2.Білім керек бәріне өлеңін кім жазған?( Ф.Оңғарсынова)

3.Тұңғыш «Әліппе»оқулығын жазған кім? ( А.Байтұрсынұлы)

4.Балаларды оқуға шақырған кім?(Ы.Алтынсарин)

5.Ерланның үйінде бір ағасы,бірағасы бар.Олар үйде нешеу?

6.Бір сағатта неше минут бар.

7.Қосуға кері амалды ата?(азайту)

8.Тұсбағар дегеніміз не?

9.Не тәтті?(Ананың сүті)

10Не жұмсақ(ананың қолы)

11.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

«Аққу» тобына сұрақтар қою

1.Аққу неге өз жұбымен жүреді?

2.Мектеп туралы қандай өлең ,тақпақ білесіңдер?

3.1ғасырда неше жыл бар?

4. 1дм неше см бар?

5.1 тәулікте неше сағат бар?

6.бір тәулікте неше күн бар?

7.Сұлба деген не?

8.Көкжиек деген не?

9.)Қазақ тілінде неше әріп бар?

10Ақ киімді денелі ақ сақалды өлеңінің авторы кім?

11.Нешінші жылы сендер 1-ші сыныпқа келдіңдер?

II. 4 жол өлең құрастыру

Әр топ өз атауы бойынша құрайды.

Қыран тобы қыран жайлы құрайды

Аққу тобы аққу жайлы құрайды

Мақал-мәтел.

Құс патшасы-бүркіт

Аң патшасы-арыстан

Көліне қарай қазы

Жазына қарай жазы

Қарға қарғаның көзінің шоқымас

Қаз келсе жаз келер

Асыл тастан шығады

Өнер жастан шығады

III.Жұмбақтар.

1.Қорықпайды күшті аңнан

Қорқады тек тышқаннан(піл)

2.Жайнаған бақтың әншісі

Тамсанған оған бар кісі(бұлбұл)

3.Түсі қара мақпалдай

Мойны ақ сыр жаққандай

Ұшса оқтай зулайды

Көкте жұлдыз аққандай( қарлығаш)

4.Тұмсығында ауы бар

Бұл қай құс тауып ал(бірқазан)

5Биікке салған ағаш үй

Сол ғой оның мекені

Жаздай сайрап алып ақ,

Қыста алысқа кетеді.(қараторғай)

6.Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ

Тұяғы бейне болат алмас пышақ

Тұмсығы имек,көрмейді күндіз көзі

Шарықтап көкті кезіп түнде ұшар (Үкі)

Екі топтың өз өнерлері

1. «Қыран » тобының дайындаған биін тамашалау

2. «Аққу» тобының дайындаған биі

3 ән. «Қыран»тобының дайындаған әнін тамашалау

4.ән «Аққу »тобының дайындаған әнін тамашалау

5.Көрініс: «Қыран»тобы

6.Көрініс: «Аққу»тобы



Қорытынды.Әділқазылар екі топтың сайыс қорытындысын шығарып,жеңген топты марапаттайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал