7


  • Учителю
  • Ақын Т.Қуанышбайқызымен кездесу Сыр -сұхбат( 3сынып)

Ақын Т.Қуанышбайқызымен кездесу Сыр -сұхбат( 3сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Ақынмен кездесу

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған тәлімді адамдармен кездесіп, тәрбиесін танытар кешімізге қош келдіңіздер. Кешті бастамас бұрын бүгінгі кешіміздің қонағы

Дара туған кентіміздің ақыны,

Әркез болып ел, халқының жақыны.

Жыр шумағын әуелете тербетіп,

Болған газет, журналдардың бар сәні -дей келе қонағымызды ортаға шақырайық.

  • Ол ақын апамыз Тұрар Қуанышбайқызы бүгін бізде қонақта. Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.

1-жүргізуші:

Өлеңге бала кезден , болдым бейім,

Ақындық қасиетімді, білдім кейін.

Айтыскер ақындарым көш бастаса,

Жазба ақын болғаныма өкінбеймін.

2-жүргізуші:

Ұнатамын жүргенді камзол киіп,

Домбыраның шанағын құлай сүйіп.

Ақындықтың қасиеті жебеп тұрса,

Тағзым етем .өлеңге басымды иіп- деп жырлаған өлеңді жанына серік еткен ақын;

1-жүргізуші: 182 өлеңнен құралған «Тайынтыкөл толқындары» жыр кітабының авторы;

2-жүргізуші: Улан таңы мен Дидар газетінің қоғамдық тілшісі

Сарқылмас сары алтын- сабырым,

Халқыма жетеді жер жарған дүбірім,

Мен соған сенемін

Жар болсын екі дүниеде де- бір өзі Тәңірім!

2-жүргізуші:

Мен - Торғайдың бір бұлағымын,

Жапанға біткен - бір дарағымын.

Әкемнің өшпей қалған бір шырағымын,

Халқымның тарихының бір парағымын.

Ахаң- Жахаңдай тұлпарлардың- бір тұяғымын- деп жырлағанкешегі қазақтың кемеңгер, ғажайып ұлы тұлғаларының, өлеңнің хас шеберлерінің ізін жалғаған Тұрар апамыз ауданымызды, жерімізді мөлдір судай сылдырап аққан сырға толы жырларымен сусындатып келеді.

1-жүргізуші: Олай болса, ардақты апа, сіздің құрметіңізге арналады.

Қабыл алыңыздар!

Би « Көктем»













2-жүргізуші:

Думанды, дулы дүрмекті

Балалық шағым сенде өтті.

Сынтасым,

Сырлы толқының

Бесіктей мені тербетті.

1-жүргізуші:

Халық- ердің аруағы,

Жанбас онсыз- ер бағы.

Болса халқым бақытты

Бақыттымын мен дағы.



Ән: «Анашым» Дуэт



1-жүргізуші: Шырай -, сен білесің бе, Шығыстың ұлы шайыры: «Ақындары әкімдерін іздесе, ондай елдің маңдай соры бес елі, әкімдері ақындарын іздесе, бақыт нұрын кешеді» деген екен.

2-жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың Шұғыла. Атақты Наполеон Бонапарт: «Феодализмді құртқан зеңбірек, адамзат пен қоғамның ендігі тағдыры қаламға байланысты. Қаламнан қуатты қару жоқ. Әлемді билейтін- сөз, сөзді билейтін- ақын» деген екен.



1-жүргізуші:

«Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады» дейді.

Ақын апамызға қандай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді.



1-жүргізуші:

Отырса төр алдында , апалар паң,

Иіскеп немересін , шақырып жан.

Өлеңге « сегіз аяқ» берген -Абай

Жазба ақын жаңылмасын- шабытынан

2-жүргізуші: -

Қазағымның кең байтақ даласында,

Көп болсын, өзіңіздей дара тұлға.

Біз үшін мәңгі үлгі боласыз ғой,

Жыр жазып, мұра қылған Тұрар апа!

Бірге: Қымбатты апа ! Бүгінгі кешімізге қош келдіңіз!











1-жүргізуші

Келесі кезекте сізбен сыр-сұхбат жүргізбекшіміз.Балалардың сұрақтарына шынайы, нақты жауап беруге дайынсыз ба? Олай болса, сізге сәттілік тілей отырып алғашқы сауалдарымыздан бастасақ...

(Оқушылар сауалы қойылады)

  1. Тұрар апа, адам баласының өміріндегі ең тәтті кезең- балалық шағы ғой. Сол балалық дәуреніңіз қалай өтті қысқаша аитып өтсеңіз?

  2. Сіздің қалам ұстап, өлең жазуыңызға не түрткі болды?

  3. Бала кезіңізде кітапқұмар болдыңызба?

  4. Ең алғашқы жазған өлеңіңіз қандай?

  5. Өлеңді неше жастан бастап жаздыңыз

6.Оқушы болғанда қандай болдыңыз?

7.Шығармашыл адамның көбі көңіл- күйдің адамы дейді. Сіз қандай адамсыз?





8. Өзіңізге ұнайтын бойыңыздағы 5 жақсы, 5 жаман қасиетіңізді айтыңызшы... (санап айтқызу)

  • Өзіңізге ұнайтын бойыңыздағы 5 жақсы қасиетіңізді бүгінгі жастардың бойынан көре аласыз ба?

9.Достықты қалай түсінесіз?

10.Қазақтың ұлы жазушыларынан, ақындарынан кімді үлгі тұтасыз?

11. Сіздің жолыңызды қуған балаларыңыз бар ма?

Мұғалім:

  • Адам баласының мықты боп қалыптасуына үш нәрсе байланысты дейді. Олар: ата- ана, ұстаз және кітап.Әдебиет әлеміне қадам басуыңызға осы үшеуінің қайсысы әсер етті деп ойлайсыз?



  • 24 қараша күні туған күніңіз болды., құтты болсын айтамыз. Деңізге саулық тілейміз.Әрдайым осындай кештердің сәні боп жүре беріңіз. Жыр әлеміндегі туындыларыңыз ешқашан сарқылмасын, сүйіп оқыр оқырмандарыңыз көп болсын!



  • Сізбен жүргізген бүгінгі сұхбатымыз ұнады ма?

  • Олай болса, сіздің өлеңдеріңізді жаттаған оқушылардың өнерлерін тамашалайық.

  • Сіздің шығармашылығыңыздан «Поэзия минуты».









Би «Шахрезада»

Мұғалім:

  • Сіздің жолыңызды қуып, ақындық өнерге бетбұрыс жасап жүрген шәкірттерімізде бар қабыл алыңыз.

(Оқушылар шығарған өлеңдерін оқиды)



Қорытындылау. Оқушыларға жылы лебізіңізді білдірсеңіз..

  • Марапаттау

Мектеп әнұраны айтылады.

Сөзін жазған Тұрар Қуанышбайқызы , әнін жазған Еркен Тұрымов



Бүгінгі кештен алған әсеріңіз қандай? Смайликпен көрсету









































































« Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ





















Тұрар Қуанышбайқызымен кездесу









Мұқышева Ж.Ғ









































2015- 16 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал