- Учителю
- Дүниетану Құстар 3 сынып
Дүниетану Құстар 3 сынып
Пәні Күні |
Дүниетану , 3-сынып 19.02.2016 |
Мұғалімі |
Хапабаева Рахат |
Сабақ тақырыбы: |
Құстар |
Сілтеме: |
Блум таксономиясы. Дүниетану оқулығы «Атамұра» . |
Жалпы мақсаттары: |
Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіну . |
Оқу нәтижелері: |
Мәтінді түсінеді. Білімін жүйелі пайдаланып үйренеді. |
Негізгі мақсаттары: |
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Сөздің мағынасын аша алады.Мәтін идеясын табады. |
Тапсырмалар: |
топтық тапсырмалар:салыстыру, талдау,бағалау. |
Сабақ кезеңдері.
Мұғалімнің іс-әрекеті.
Оқушылардың іс-әрекеті.
3 мин
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Топқа бөлу «өсімдік», «жануар»
Топ лидерлерін атап,бағалау парағымен таныстыру
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Жануарлардың көптүрлілігі
3.Сабақтың жүру барысы
Білу..
«Ой толғау» сөзжұмбақ шешу.
1) Түгі қара мамықтай, төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды, көктен жұлдыз аққандай.
2) Тал басында, түндіксіз отау.
3) Өзі сақ, өзі ұсақ, шықылдап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала, Бұл қандай құс?
4) Орманда жоғары, ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып, тоқ - тоқ соғады.
5) Ақ сарайды талқандап, шықты біреу таландап.
6) Биікке салған ағаш үй, сол ғой оның мекені.
Жаздай сайран салып - ақ, қыста алысқа кетеді.
бүгінгі сабағымызда біз құстар туралы көп нәрселерді үйренеміз.
Түсіну.
Мәтінмен жұмыс. ДЖИГСО әдісі
Планшет әдісі
Қолдану
«Аквариум» әдісі.
Сергіту сәті.
Талдау.
-
топ Қазақстан құстары.
-
топ Жануарлар дүниесін қорғау.
Жинақтау.
«Түймедақ» әдісі.
-
Құстар неше топқа бөлінеді?
-
Құстардың басқа жануарлардан басты ерекшелігі неде?
-
Құстар табиғатта қандай рөл атқарады. Адам өміріндегі маңызы.
-
Құстар жайлы қандай халық болжамдарын білеміз.
-
Неліктен біз құстарды «қанатты достарым» дейміз?
Рефлексия. Сабақтан алған әсерлері..
Маған ..............қызықты.
Маған .............қиын.
Мен .................түсіндім
Үйге тапсырма: Оқулықтағы құстардың суретін салу. Құстар туралы мақал - мәтелдер жазып келу. 114 - бет мазмұндау
Бағалау.
Психологиялық сәт.
«Сұрағымды қағып ал»
Сұрақ - жауап.
● Табиғат дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?
● Өлі табиғатқа нелер жатады?
● Тірі табиғатқа нелер жатады?
● Табиғат құбылыстарына нелер жатады?
Оқушылар топқа бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.
Әр топ кластер жасап қорғайды.
«Өрмекші торы» стратегиясы.
сұрақ жауап арқылы қарастырамыз.
Жұмбақтың шешулері: қарлығаш, ұя, сауысқан, тоқылдақ, балапан, қараторғай.
Сөзжұмбақтың шешуі: «Құстар»
Топтық жұмыс
Әр топ мәтінді оқып талдайды, қосымша мәліметтер іздейді.
«Венн диаграммасы»
Постер жасау.
Топта сұрақтарды талқылайды.Әр топтан спикер сөйлейді ,өз жауаптарымен салыстырады.
Оқушылар талдайды.
«Кемпірқосақ»
Стикерлерге жазып түстерге іледі.
Күнделікке жазады.
Өзара бағалау, топ басшысының бағалау қортындысы, формативті бағалау.
Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Педагогикалық технология оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген әдістерінің үйлесімділігі арқылы оқыту мен тәрбиелеу тиімділігін қамтамасыз ететін білімнің құрамдас бөлігі. Бір немесе бірнеше технологияның өзі әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты сабақ үстінде әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Осындай әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы өткізілген сабақтар оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырып, белсенділікке, алғырлыққа, жылдамдыққа баулиды. Әр сабағының мән-мағынасына терең мән беріп, оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету мұғалім жауапкершілігінде.
Мақсаты:
-
Оқушылардың бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы - табиғат жайлы түсініктерін толықтыру, құстар тіршілігі, олардың адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат беру.
-
Оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына, қорытынды жасай білуге үйрету.
-
Табиғатқа қамқорлықпен қарау, құстарды аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Білімдерін пысықтайды және бір-бірінің ойларын тыңдап, құрметтеуге үйренеді. Ойларын жинақтап, қоршаған ортаға қамқорлық сезімі оянады.
Құрал-жабдықтар: кітап-көрмесі, оқушылардың құстар туралы суреттері, бейнетаспа нақыл сөздер.
Сабақтың әдісі: педагогикалық технологиялар элементтері.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аяулы бесігі. Құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.
Табиғат сенде бәрі ортақ,
Аспаның, аңың, құсың да
Тегінде жаның жомарт-ақ,
Ізгілік жатыр бойыңда -
деп ақын жырына арқау болған осынау табиғаттың бір тармағы іспеттес қанатты дос, құстар тақырыбына қорытынды жасаймыз. Яғни, бүгінгі ашық сабағымыз, табиғатқа сән берген құстар жайлы ұғымдарды ортаға саламыз.
Аспаныма шарықтап әр беретін, Қонақтаса ағашқа сән беретін Ол не? Ол - құс!
1 кезең. Қызығушылықты ояту. Жұмбақтар. «Кім жылдам?»
Ерте тұрады Жыр шақырады (қораз)
Қара арғымақ мінгенім, Қыр айнала жүргенім Сегіз найза сенгенім, Он екі қылыш ілгенім (бүркіт)
Әрбір таңда көк орманда отырған, Өмір бойы өзін-өзі шақырған (көкек)
Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды (түйеқұс)
2 кезең: Ой-маржан. «Бәйге»
Менен сұрақ, сіздерден жылдам жауап. Жылдамдықтарыңа қарай, тез әрі дұрыс жауап беру. Әр топқа 10 сұрақ.
Сұрақтар 1-топ.
1. Түнде ұшатын құс (үкі)
2. Дүние жүзінің түрлі аймақтарында таралған түр саны (8600-ге жуық)
3. Қай құстар ұша алмайды (пингвин, түйеқұс)
4. Құстардың дене температурасы (+410 С, +430 С)
5. Халқымызда «7» санының айрықша қасиеті бар. Оны ата-бабаларымыз киелі сан деп ұғынған. Сондықтан әр нәрсенің өлшемі жетімен белгіленген. 7 шелпек, 7 қазына, 7 жоқ, 7 жұт, т.с. халық жеті қазынаның бірі деп ерекше қастерлейтін құсты атаңыз. (қыран бүркіт)
6. Құстың алдыңғы аяғы неге айналған? (қанатқа)
7. Құстарда тістің қызметін не атқарады? (етті қарын)
8. Ең кішкене құс (колибри)
9. Құстардың миы қанша бөлімнен тұрады (5)
10. Құс өңешінің кеңейген бөлігі (жемсау)
2-топ.
1. Құстарды зерттейтін ғылым саласы (орнитология)
2. Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар. (жыл құстары)
3. Ірі қауырсындарының теріге еніп тұрған бөлігі. (қаламша)
4. Қазақ халқы әдет-ғұрып арқылы ынтымақ-бірлікті сақтаған, халықтық қағида арқылы жастарды тәрбиелеп, қалыптастырған. Аққу - құс төресі, сұлулық пен махаббаттың белгісі. Сондықтан қазақ халқы сұлу қыздарды «Аққудай періште екен» деп сипаттаған. Енді осы аққудың балапаны қалай аталады? (көгілдір)
5. Ең кішкентай құстың салмағы (1,5 грамм)
6. Ең ірі құс және оның салмағы (түйеқұс, 90кг)
7. Құстардың жүрегі неше бөлімнен тұрады? (4)
8. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
9. Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты неше топқа бөледі? (3)
10. Құс денесін ұшу кезінде қызып кетуден сақтайтын, әрі салмағын жеңілдететін тыныс алу мүшесі (ауа қапшықтары).
3-кезең: «Үндемей қалмау» ойыны
Қай топта сұраққа жауап бермеген оқушы саны көп сол жеңіледі. Сондықтан бұл кезеңде бәріміз дұрыс жауап беруге тырысамыз, әр оқушы өзінің тобына ұпай әкеледі.
Әр оқушыға тапсырма. Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып жаз және дауыстап оқы.
1-топ:
1. Өңештің кеңейген бөлігі ... деп аталады.
2. Құстардың жақсүйектерінде ... болмайды.
3. Құстардың қарыны ... бөлімдерден тұрады.
4. Құстар ... жынысты, ... ұрықтанады.
5. Тауық жұмыртқасынан ... соң балапан шығады.
2-топ:
1. Құстардың терісі ..., әрі ..., бездері өте аз.
2. Құстардың ... жеңіл әрі ....
3. Африкалық ... саусағы екеу.
4. Ауа ... көлемі өкпеден ... есе үлкен.
5. Кейбір құстарда қауырсындарын майлайтын ... болады.
4-кезең: Ғажайып жұмбақтар
Мұғалім: Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай. Әр пәндерден сұрақтар.
Музыка. «Аққу» күйін жазған ұлы композитор, қазақтың халық қаһарманы, асқан домбырашы, дарынды дирижеры. Ол кім? (Н.Тілендиев)
Бейнелеу өнері. (Мүсін саласынан) Торғайға орнатылған ескерткіш, қай жерде, қай қалада орнатылған? (Америкада, Бостон қаласында)
География. Африкалық түйеқұс қай белдемде кездеседі? (Саванна)
Математика. 5-6 күн ішінде 10 шақты түлкі, бірер елік алған қос қыранға бұлар шыр айналдыра қарайды? Қыранның саны? (2)
Тарих. Бұдан 150 млн. Жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі. (Көнеқұс, археоптерикс)
Әдебиет. Ө.Тұрманжанов.
Бір қазан сүт
Бір қазан сүтті пісіріп, суытуға үйдің іргесіне қойып едік, енді бір қарасақ, қаспағы да қалмапты.
- Төгіліп қап па?
- Біреу ішіп кетіп пе?
- Төгіліп те қалмаған, ешкім де ішпеген.
- Төгілмесе, ешкім ішпесе, бір қазан сүт қайда кеткен?
Көбелек келіп, күмп етіп
Көбігін ішіп, ол кетті.
Жапалақ келіп жалп етіп,
Жарымын ішіп ол кетті.
Қарға келіп, қарқ етіп,
Қалғанын ішіп ол кетті.
Сауысқан келіп, саңқ етіп,
Сарқып ішіп ол кетті.
Қырғауыл келіп, қиқу сап,
Қазан түбі қаспағын
Қырнап ішіп, ол кетті.
Өлеңде айтылған құстардың атын атаңыздар?
Ы.Алтынсарин. «Бай баласы мен жарлы баласы» шығармасында Асан мен Үсен жұртта қалып қоятынын бәрі біледі. Сонда Үсен тұзақ құрып бір құсты ұстайды. Сонда Асан: «Тірі алып, ойнап барайық» дейді.
Үсен: - Жоқ. Әкем: «Бұл адал құс, мұқтаждықта құдай-тағала бұларды адамға ұстап алып, тамақ етуге бұйырды, бірақ тірідей байлап-матап әуре ету обал», - деп айтушы еді. Әуре етпей, бауыздап алалық, - деп, манағы жұрттан тауып алған пышақтың сынығымен бауыздап алады.
Ал, сұрақ. Мұқият болыңыздар. Үсеннің тұзақ құрыпұстап алғаны қандай құс? (Үйрек)
5-кезең: «Тіл-өнер» 3 тілде сөйлейміз
Мұғалім: Тамырсыз өсімдік көктемейді, ана тілсіз ұрпақ жетілмейді. 5 жұмбақтан әр топқа.
1-топ:
1. Ағашта жабысып тұрады
Тұмсығын алмай ұрады.
(тоқылдақ-дятел-woodpecker)
2. Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.
(қарлығаш-ласточка-swallow)
3. Тұмсығымен шымшып
Құрт тереді
(шымшық-синица-titmouse)
4. Шабақ аңдып жағада
Шарқ ұрады
(шағала-чайка-slagull)
5. Аппақ доп тауып
Шақырды ақ ...
(тауық-курица-chicken, hen)
2-топ:
1. Орыннан орынға ауысқан
Ұшқалақ қарала ...
(сауысқан-сорока-magpie)
2. Мойыны сұрақ белгісі
Бұл қандай көл құсы?
(аққу-лебедь-swan)
3. Кеудесі қайқаңдап
Жүреді байпаңдап
(қаз-гусь-goose)
4. Шұнтиып қос құлағы,
Түнде көрер қырағы
(үкі-филин-owl)
5. Үні ғажап, дүлдүл
Бақта сайрар ...
(бұлбұл-соловей-nightingale)
6-кезең: «Түйін» Бекіту Оқушылар осы бөлім бойынша өздерінің білімдерін тест жұмысы арқылы қорытындылайды.
Тест
1. Құстардың қаңқасына не тән?
А. тығыз құрылысы
B. құйымшақ безі
C. май бездері
D. сүт бездері
2. Құстарда ғана кездесетін сүйек?
А. жіліншік
B. саусақ
C. жауырын
D. төс
3. Құстарда мидың қай бөлігі жақсы дамыған?
А. мишық
B. сопақша ми
C. ортаңғы ми
D. үлкен ми сыңарлары
4. Құстардың қырсүйегі (киль) қай сүйекпен байланысты?
А. төс сүйекпен
B. тоқпан жілікпен
C. құйымшақпен
D. омыртқа сүйектерімен
5. Қандай құстың тек екі саусағы ғана болады?
А. дуадақ
B. аққу
C. түйеқұс
D. тырна
6. Қандай құстар қызылшақа балапан шығарады?
А. кептер
B. қаздар
C. тауық
D. үйрек
7. Тауық мүшелді жыл санауда нешінші жылды иеленген?
А. 9
B. 8
C. 10
D. 7
8. Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені
А. асыранды қаз
B. тауық
C. үйрек
D. кептер
9. Қыран құстардың мекиені қалай аталады?
А. ақүрпек
B. шәулі
C. ұябасар
D. саһар
10. Қай сезім мүшесі құстарда нашар дамыған?
А. иіс сезу
B. көру
C. есту
D. барлығы жақсы дамыған
Үй тапсырмасы: 2 топтың «Қанатты дос - табиғаттың тартуы» атты дайындап әкелген презентацияларын көру.
Қорытындылау, оқушыларды бағалау. Жеңген топты марапаттау.
Үйге тапсырма: Қорытынды сабақ болғаннан кейін, үйге келесі тақырыпты оқып келуге. § 58 Сүтқоректілер класы.
Теги:
Әдебиет сабағында оқытудың жаңа
стратегияларын қолданудың тиімділігі
Ғ.Мүсірепов «Әдебиет - адамгершілікке сүйіспеншілік» десе, бүгін «Әдебиет - елге, Отанға, ұлтқа сүйіспеншілік» дейтін кезең.
Ұлттық құндылық пен мәдени мұра негізі - әдебиетте. Себебі, әдебиет сабағы жалпы ұлттың тілдік құндылықтарының бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деп, «Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады» деген болатын.
Әл-Фараби «Адамға тән бір жақсы қасиет - өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу», сондай-ақ «Тәрбиелеу дегеніміз - адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту» деп көрсеткен өзінің бір еңбегінде. [2]
Жаһандану заманына лайық мұғалімдер өз тәжірибесіне білімін жетілдірудің жаңаша әдіс-тәсілдерін енгізіп келеді. Қай кезеңді алып қарамасақ та, оқыту технологиясының басты мақсаты - оқушының ой еңбегінің деңгейін жетілдіру болатын.
Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шәкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердің нәтижелерін табуға бағыттап отырған. Руссо білімді игеру үшін ситуациялар қою арқылы жүзеге асырған. Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті - ізденіс болса, соны өз тәжірибесінде кеңінен қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервегтің еңбегі зор. Проблемалық оқытудың басқалардан айырмашылығы - білім оқушыларға дайын күйінде хабарланбайды, керісінше, олардың алдына өз бетінше шешуге проблема қойылады. Іздену әрекеті барысында білімді оқушылардың өздері табады. [3]
Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері - орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).
Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. [4]
Дәстүрлі сабақтарда қолданылған әдіс-тәсілдер жеке оқушының білім алуында тек оқулықпен шектелсе, жаңаша оқытуда оқушы бірлескен топтық жұмыста, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, өзінің айтпақ ойын еркін жеткізе алады. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінде оқушы бір жауаппен шектеліп қана қоймайды, оның шешуші жолдарын анықтайды, идеяның көптігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, оқушының ізденушілік қасиеті де қалыптасады. Оқушы жауапты бір жақты қарамай, түрлі жағдаяттарға сүйене қарастырады. Міне, сондықтан Кембридж тәсілдерін сабақта қолданутың маңызы зор. [4]
Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған кезеңінде мектеп оқушылары қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүр мен ұлттық рухтан алшақтап бара жатқандай. «Жақсы шығарма - жан серігің. Сәтті сомдалған кейіпкерімен қоса қуантады, ойландырады, мұңайтады» дейді ел Президенті Н.Ә.Назарбаев. Сол шығарманың идеясын анықтап, оқушы санасына жеткізу, оны өздігінен талдай білу оқыту технологияның сабақ үдерісіне енгізген жаңалықтың бірі.
Мектеп оқушыларының ұлттық құндылықтары мен мәдениетін, салт-санасын тәрбиелеу, ең әуелі, отбасы болса, екінші, мектептің жүрегі - ұстаздар қауымының қолында. Әдебиет сабағында ұрпақ тәрбиесіне, баланың рухани тұрғыда қалыптасуына Қорқыт ата, әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асан қайғы, Абай, Мағжан, т.б. еңбектері мен ой-пікірлері, шешендік сөздерінің орны ерекше.
Қазіргі әлем елдерімен теңескелі тұрған мемлекеттің болашағы әрбір қазақстандықтың, соның ішінде, жас ұрпақтың қолында екені белгілі. Қазіргі жас жеткіншектердің ұлттық рухани құндылығы қандай дәрежеде? Өзім ауылдық жердегі шағын ауыл мектебінде қызмет етемін. Бұл мектептің әрбір сыныбында 3-6 оқушыдан оқиды. Сол себепті сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің барлығы дерлік нәтижесін бере бермейді.
8-сынып бағдарламасында Төлеген Айбергеновтың «Аруана - бауыр дүние» өлеңіне 2 сағат бөлінген. Т.Айбергеновтің өмірімен, шығармашылық жолымен таныстыра отырып, шығарманың идеясын, көркемдік ерекшелігін ашқызу іске асырылады. «Аруана - бауыр дүние» өлеңіндегі аруананың туған жерге деген махаббаты баяндалады. Ана бейнесін топтастыра отырып, қосымша алынған мағлұматтары бойынша нақты фактілер келтірту - оқушының өздігінен орындалатын жұмыстардың бірі болып табылады. Ана тақырыбына қалам тартқан ақын-жазушылардың еңбектерін ажырата отырып, оқушылардың өлең бойынша тура және кері пікірлерін білдіре алады.
Көркем туындыны оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда әр түрлі. Сондай-ақ, 7-сынып бағдарламасында Мұхтар Əуезовтың «Көксерек» əңгімесіне 3 сағат бөлінген. Əңгімеде қолға үйреткен түз тағысы Көксеректің ауыл иттеріне ұқсамайтын жат мінездері баяндалады. Мұның, əсіресе, қасқырлар үйіріне қосылғанда айқынырақ білінеді. Қасқырлар апанын бұзу арқылы адамдардың табиғатқа жасаған қиянаты баяндалған. Табиғаттың бір бөлшегі - түз тағысы қасқырдың адамнан өш алуын ашу, қасқыр мінезін, тіршілігін суреттеудегі жазушы шеберлігі мен терең білімділігін ашады. Шығармада адам мен табиғаттың бір-бірімен жарасымды тіршілік ету қажеттігі басты идея ретінде алынған. Бұл сияқты толып жатқан қызықты да өміршең көркем туындылар жетіп артылады. Бұл туындыларды оқыта отырып, оқушыны тәрбиелеу мен болашақта кірпіш болып қалануына үлес қосуда пән мұғалімі өз тәжірибесінде сан алуан әдіс-тәсілдерді пайдаланады. [5]
Жаңалыққа деген қызығушылық - басты ішкі талпыныс болып табылады. Оқушыларда жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер оқушының бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Бұндайда тәжірибеде оқытудың төмендегіше стратегияларын қолданған тиімді:
«Серпілген сауал» стратегиясы. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтар лақтырылады. Ол сабақтың кіріспе (үй жұмысын тексеру), қорытынды кезеңдерінде іске асырылады.
Ой толғаныс. Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын
ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру. Білім арқылы тәрбиелікке, даналыққа бастау алады. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін үйренеді. Оған «бес жолды өлең», «еркін жазу» түрлерін жатқызуға болады. «Еркін жауап» стратегиясында оқушылар өздері қалаған жұмыстарын орындайды. Мұнда еркіндік, бостандық сияқты сезімдері туындайды.
Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың
үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұнда шығармашылық
тапсырма түрлері орындалады. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған
жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де
біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді
тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз
жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған
жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын
түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта, сабақ
кезеңдерінде қолдануға болады.
Ал «Семантикалық карта» стратегиясы оқушы мен шығарма арасындағы байланысты үдетеді. Оқушының шығарма мазмұнын жетік меңгеруін көздейді. Бұл стратегия, әсіресе, жаңа сабақ кезеңінде нәтиже берері анық.
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі де жаңа материалды игеру барысында қолданылады.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына
Сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.
Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)
─ Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
─ Автор оқырманды қалай қызықтырады?
─ Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде, сұрақтар төңірегінде жауап жазады.
Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі - сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша, ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
«Ойланудың алты қалпағы» стратегиясы да жаңа тақырыпты меңгертуде қолданған тиімді. (Өз тәжірибемде сыныпта бар-жоғы 6 оқушы болғандықтан мен үшін қолайлы болды.)
Бұл стратегияның мақсаты: Айтарлықтай нәтижелі және сіздің ойларыңызға деген әсерден хабардар болу үшін сананың түрлі бөліктерін бөлу.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Алты қалпақ бар, әрқайсысы ойланудың түрлі элементтерінің рөлін атқарады. Оқушыларға қалпақ беріп (шынайы немесе ойдан шығарылған), қалпақты қолдану арқылы талқылауды ойластыруларын сұрайды. Мағынасы - сұрақтың немесе идеяның түрлі элементтерін басатын карта жасау. Сыныпты түрлі қалпақтарға бөліп және мұғалім талқылауды басқара алады.
Қызыл қалпақ - түйсік. «Менің түйсіктік реакциям қандай? Менің түйсігім маған не дейді?» дегендей өз ойларыңды жазады.
Ақ қалпақ - фактілер. «Менде қандай ақпарат бар? Маған қандай ақпарат алу қажет?» дегендей оқушылар өздерінің білетіндерін жазады. Сондай-ақ, АКТ-ны пайдалануда интернет желілерін қолданады бұл әдісте.
Сары қалпақ - позитив. «Жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай? Маған не ұнайды?» Оң тармақтарын жазу.
Қара қалпақ - Жағымсыз. «Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз? Қандай проблемалар бар? Маған не ұнамайды?» деген сұрақтарына жауап берулері қажет. Сөйтіп жағымсыз тармақтарды жазады.
Жасыл қалпақ - Креатив. «Менде қандай идеялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?» Барлық жаңасын және қызықтысын жазады.
Көк қалпақ - шолу. «Мен не аштым? Тағы не ашылған жоқ? Мен оны қалай аша аламын? Мен барлық қалпақты кие алдым ба?» деген жалпы түсінгендерін жазады.
«Ойланудың алты қалпағы» стратегиясының сабақта қолданудың тиімділігі - топтасқан барлық оқушылар белгілі бір жұмыс атқарады. Жаңа материал бойынша қосымша ақпарат ала отырып, атқарған жұмыстарына сыни көзқарас қалыптастырады.
Сабақтың бағалау кезеңінде стратегияның төмендегіше түрін қолданған тиімді (одан да басқа түрлері бар):
1) Бағдаршам
Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз. Мысалы:
-
Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар,
оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).
-
Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін
бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.
-
Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен
таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.
2) «Кері байланыс бутерброды» әдісі. Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін. «Кері байланыс бутерброды» дегеніміз бұл: а) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру; ә) Жағдаяттық мәлімдеме - Маған ұнады..., себебі ... Енді/келесі жолы...
Оқытудың жаңа стратегияларын (әдістерін) сабақта орынды қолданудаоқушыларды бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауға, оқырмандық мəдениет пен авторлық ұстанымды түсінуге; көркем шығарманың мазмұнын анықтап, ауызша жəне жазбаша түрде өз түсініктерін жеткізе білуге; қазақ əдеби тілін, сөздік қоры мен сөз байлығын сауатты пайдалануға баулудың маңызы зор. Сондай-ақ әдеби пəндер жүйесіне тəн білім мен іскерлік дағдыларды меңгерту, өздігінен жұмыс істеуге бағытталған шығармашылық қабілетін жетілдіру мен оларды тəжірибеде қолдана білуге үйретеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». [1]
Сондай-ақ, М. Жұмабаевтың жеке тұлғаның: ақыл, ішкі сезім немесе көңіл көріністері мен қайрат көріністерінің дамуы сыни тұрғыдай ойлаумен байланыстылығымен көз жеткізуімізге болады.
Пайдаланған әдебиеттер:ақырыбы:
Жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану
Сілтеме:
Нұсқаулық
Мақсаты
Сабақ үрдісіндегі жаңа әдіс- тәсілдердің оқытудағы маңызын ажырату.Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасу. Оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер туралы жаднама тарату.
Оқу нәтижесі:
Оқу үрдісінде әңгімелесудің маңыздылығын түсінеді;
Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады;
Жаңа-әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді;
Оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелдеулерін нанымды жеткізе білетін ,ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған құзіретті оқушы даярлайтынын сезінеді:
Түйінді идеялары:
Әңгімелесу- мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне тартуға көмектеседі.
Барысы:
1.Қызығушылықты ояту Тренинг «Темір жол вокзалы»
Билеттер нөмірі бойынша топқа бөліну.
2.Ой қозғау. Оқыту мен оқудағы әдістердің тиімділігі неде?
3. Белсенді оқыту стратегиялары
4. Жаңа әдіс- тәсілдер іс жүзінде
5.Сергіту сәті
6. Шығармашылық тапсырма « Менің жаңашыл сабағым» эссе
7.Рефлексия
Жұмыс мазмұны
Коуч мұғалімнің іс- әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеті
Ресурстар
Тренинг
3 мин
Темір жол вокзалынан «Орал- Астана» бағытында жолаушылар пойызының аттанатыны және жолаушыларды вагондарға отырғызу басталғандығын хабарлайды.
Коучинг сессия мақсатымен таныстырады.
Билеттер сатып алу арқылы топқа бөлінеді
Билет қағаздар
Ой қозғау стратегиясы
Оқыту мен оқудағы әдістердің тиімділігі неде?Белсенді оқытуда қандай әдістерді білеміз?
Мұғалімдерге парақшалар таратылады.
Олар топтастыру арқылы әдістер туралы жазады
Белсенді оқыту стратегиялары тақырыптыры жазылған парақшалар
Дәйексөз
Мишель Монтен :« Мұғалім оқушының құлағына воронкаға су құйғандай айқайлайды,ал оқушының жауапкершілігі тек қана айтқанды қайталау. Мен мұғалімнің осы қателегін жөндегенін қалар едім»
Презентация
Жаднама қағаздарын таратады.
Осы белсенді оқыту стратегияларын пайдалану арқылы «Жаңашыл сабақ» үлгісін презентациялайды
Ресурс қағаздары
Постер қорғау
Бір адам күнде жұмысқа барар кезде 9- қабаттан төменге лифтімен түседі екен де, жұмыстан қайтарда 5- қабатқа дейін лифтімен барады да, ары қарай жаяу көтеріледі екен,неге? Себебі ол лилипут екен.
Сергіту сәті
«Сұрақтар шеңбері» егер, онда, өйткені
04.12.2014
Тақырыбы:
Оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер
Сілтеме:
Нұсқаулық
Мақсаты
Сабақ үрдісіндегі жаңа әдіс- тәсілдердің оқытудағы маңызын ажырату.Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасу. Оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер туралы жаднама тарату.
Оқу нәтижесі:
Оқу үрдісінде әңгімелесудің маңыздылығын түсінеді;
Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады;
Жаңа-әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді;
Оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелдеулерін нанымды жеткізе білетін ,ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған құзіретті оқушы даярлайтынын сезінеді:
Түйінді идеялары:
Әңгімелесу- мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне тартуға көмектеседі.
Барысы:
1.Қызығушылықты ояту Тренинг «Темір жол вокзалы»
Билеттер нөмірі бойынша топқа бөліну.
2.Ой қозғау. «Әлемнің жеті кереметі бала көзімен ...»
3. Белсенді оқыту стратегиялары (топтастыру стратегиясы)
4. Жаңашыл сабақ үлгісін презентациялау
5..»Ой түйін. М.Әуезовтің «Ай,Қаракөз» трагедиясынан үзінді көрсету
6. .Бағалау Шығармашылық шабыт «Қазақ әдебиетінің жауһарлары» ,»Айбыны мықты,рухты тіл», «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында ойтолғау, РАФТ әдісімен кейіпкермен сырласу хат, эссе жазу.
7.Рефлексия
Жұмыс мазмұны
Коуч мұғалімнің іс- әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеті
Ресурстар
Тренинг
3 мин
Темір жол вокзалынан «Орал- Астана» бағытында жолаушылар пойызының аттанатыны және жолаушыларды вагондарға отырғызу басталғандығын хабарлайды.
Коучинг сессия мақсатымен таныстырады.
Билеттер сатып алу арқылы топқа бөлінеді
Билет қағаздар
Ой қозғау стратегиясы
«Әлемнің жеті кереметі» туралы бейнебаян арқылы ой шақыру.
Проблемалық сұрақ туындайды.
Әлем таңғажайыптарға толы, оның тұңғиық сырларын ашу үшін бала көзімен оның сол ғажайып сырларды көре білуі, ести білу, сезіне білуі және сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру үшін
не істей аламыз? Қалай оқытамыз?
Оқытудың қандай белсенді әдістерін пайдалана аламыз? Мұғалімдерге парақшалар таратылады.
Мұғалімдер бүгінгі білім берудегі өзгерістер туралы айта келе, ой- санасы дамыған, өмір сүруде бәсекеге қабілеті тұлға тәрбиелеуде кәсіби шеберлігі қалыптасқан
мұғалім болу қажеттігін айтады деп күтіледі.
Олар топтастыру арқылы белсенді оқыту әдістері туралы не білетіндіктерін жазады
Белсенді оқыту стратегиялары тақырыптыры жазылған парақшалар
Презентация
Жаднама қағаздарын таратады.
Осы белсенді оқыту стратегияларын пайдалану арқылы «Жаңа сабақ » үлгісін презентациялайды
Ресурс қағаздары
Постер қорғау
Ой түйін
Кеңейтілген шығармашылық тапсырма
Осындай төл әдебиетіміздің алтын жауарлары ұлттық қазынамыздың сарқылмас байлығы.Ұлтымыздың рухы -тіл болса, рухани асыл қазынасы-әдебиет. Рухымыздың намысын жоғары ұстайтын , рухани сарайы мол шәкірт тәрбиесінде сәуле таратушы біз болсақ осындай ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ санасына сіңіруде шығармашылық шабыт, кәсіби шеберлігіміз шыңдала берсін
Шығармашылық шабыт «Қазақ әдебиетінің жауһарлары» ,»Айбыны мықты,рухты тіл», «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында ойтолғау, РАФТ әдісімен кейіпкермен сырласу хат, эссе жазу. Поззиялық оқу
М.Әуезовтің «Ай,Қаракөз» трагедиясынан үзінді көрсету
10.22-12.00 мин
1.27.-1.32мин.
Сергіту сәті
Крокодил Генаның әні «Жасыл вагон»
Бағалау
Оқыту мен оқудағы әдістердің тиімділігі неде?
Түйінді ой
Слайд
Дереккөз «МАН»
.
Кері байланыс
Стикерлерге :
Коучингтің әсері қандай ?
Өз іс- тәжірибеңе әсері болды ма?
Болашақта осындай коучингке қандай мәселе ұсынар едіңіз?
Рефлексия парағын толтырып,өз әсерлерін, іс-тәжірибесіне тигізер пайдасы, болашақта коучингте қандай мәселе қаралуына ұсыныстарын айтады.
Сессия тақырыбы: Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері
Жалпы мақсат: Курстан өтпеген мұғалімдерге Кембридж тәсілімен оқытудың теориялық негіздері туралы түсінік қалыптастыру.
Оқу нәтижесі: Топта жұмыс жасау арқылы мұғалімдер Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін түсінеді, оның тиімділігіне көз жеткізеді, жұмысты ұйымдастыруды дамытады. Өзара қарым - қатынасқа түседі, топта ынтымақтаса жұмыс жасайды.
Түйінді идеялар: Бағдарламаның негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.
Сабақта қолданылатын материалдар: А-3, А-4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, «ББҮ» кестесі, көңіл-күй карталары
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
Дерек көздері: Бағдарлама мазмұны бойынша теориялық материал жазылған парақтар, слайд
Тапсырмалар: Сұрақ - жауап, jigsaw бойынша мәтінмен жұмыс, таныстырылым жасау
Оқуға арналған тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық
Коучингті жүргізу барысы:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
3 мин. «Айна» тренингі
Топқа бөлу
2 мин Суреттер арқылы үш топқа бөлу. Суреттер арқылы үш топқа бөлінеді.
2 мин «ББҮ» кестесінің «Білемін» бағанын толтыруға тапсырма береді. «ББҮ» кестесінің «Білемін» бағанын толтырады.
Кіріспе
5 минут Слайд арқылы бағдарламаның мақсат-міндеттеріне қысқаша түсініктеме береді. «ББҮ» кестесінің «Білгім келеді» бағанын толтырады.
І тапсырма
15 мин
Бағдарлама мазмұны бойынша таратпа қағаздарын ұсынады. Топтық жұмыс
Jigsaw әдісі арқылы бағдарлама мазмұны туралы теориялық материалды оқып, топта талқылайды.
ІІ тапсырма
Оқыған материал бойынша топтарға таныстырылым дайындауға тапсырма береді.
Топтық жұмыс
1 топ - Бағдарлама мазмұны, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2 топ - Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану, Талантты және дарынды балаларды оқыту.
3 топ - Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, Оқытудағы басқару және көшбасшылық
Сергіту сәті
(3 мин) «Baby Lily's Dance» сергіту сәтін ұйымдастырады. Интерактивті тақтадан көрсетілген бейнеклиптегі іс-қимылдарды қайталайды.
ІІІ тапсырма
(15 мин)
Әр топ өз таныстырылымдарын қорғайды.
Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
Рефлексия
(5 мин) «ББҮ» кестесінің «Үйрендім» бағанын толтыруға тапсырма береді. 1. «ББҮ» кестесінің «Үйрендім» бағанын толтырады.
2. Коучингті «Үш жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды.
ОҚЫТУДАҒЫ КЕМБРИДЖ ТӘСІЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2.Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды үйрету.
4.Оқыту мен оқуда АҚТ пайдалану.
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
сихологиялық ойындар
Екібастұз қаласы
№23 Балауса мектепке дейінгі гимназия тәрбиеші- психологы
« Суреттерді аяқтайық » жаттығуы
Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын
, ойша жұмыс істей білуін дамыту .
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат
ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да ,
олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын
салады , осылайша жалғаса береді .
«Түрлі -түсті доптар» жаттығуы
Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен
жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына
кішкентай сары доп сал .
« Менің көңіл-күйім » жаттығуы
Мақсаты : көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға ,
дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
«Мен басқаның көзімен»
Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы
қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін басқаның көзімен
қандай адам екенін анықтайды .
« Атомдар мен молекулалар »
Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар
қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші
қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде
сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей
қалғандар ойыннан шығады .
Афирмациялар
« Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді » ,« Мен жетістіктің
адамымын » ,« Менің жағдайым күннен -күнге жақсаруда »
« Таңғажайып дорба » ойыны
Дорбада бірнеше жеміс , көкөніс бөліктері бар .Бала көзі жабылып ,
дорбадағы заттың дәмін татып , оның қай жеміс екенін ,дәмі , исі ,
формасы , түсі жайында ажырата баяндайды .
Мен қандай адаммын ?
Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол
бойынша қорытынды жүргізіледі .
Менің қиыншылықтарым
Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп ,
ортаға салады , өзгелермен ой бөліседі .
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп беріледі Допты бір-біріне
кезектесіп беріп , есте қалған қызықты оқиғаларды айтады .
Ұқсастық шегі
Қатысушылар жұптасып отырады . Жұбына қарап , ұқсастықты тауып
жазады .Ұқсастығын оқып , ой бөліседі
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады .Жұп құрып , бір- бірінің көздеріне қарап отырады
. «Мен саған сенемін ...» өйткені сен жақсы адамсың .
« Сиқырлы сөздер » ойыны
Мұғалім кез-келген өтінішті айтады , ал оқушы оны әдепті түрде
айтуы керек . Мысалы : Айнаш , дәптерді бер . «Айнаш , өтінемін
дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау
« Ең жақсы » ойыны
Қатысушылар екі топқа бөлінеді . Әр топқа мынадай нұсқау беріледі
.Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет . Ең
ақшалы , ең жасыл , ең тәтті , ең күлкілі , ең ұсқынсыз, ең
қарым-қатынасы күшті , ең жауапты , ең салмақты
«Жағдайлы волейбол» ойыны
Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады ,
сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады , бұрыс жауапқа
қағып алмайды
« Кездесу » ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама -қарсы айналады , әуен тоқтаған
кезде бір-біріне қарап , баланың қасиетін айтады .
Ассосация « Жанұя »
Психолог допты лақтыру арқылы ата-анаға сұрақ қояды , олар жауап
береді .
« Сиқырлы жұмыртқа» ойыны
Әр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда
болатындай етіп, аяқтап сурет салады .
« Әрқашан күн сөнбесін ! » жаттығуы
Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . әр бұлтта тапсырмалар
берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады .
« Өкпені еріту » жаттығуы
Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде
театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек
көретін , көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз.
Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын ренжітсін ,қазір өмірде бар
болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән бермеңіз .Көз
алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі үйірілген
жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның
жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол
бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді
сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз
.Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз . Бұл әлемдегі жақсылық
барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз .
«Тазару» жаттығуы
Терең дем алып , демді барынша қайта шығарыңыз . Денеңізді
босатыңыз . Өзіңізге былай деңіз : Мен өмір сүруіме кедергі
келтіретін барлық өкпе , реніштен тазарғым келеді . Мен барлық
қысымнан осылайша босаймын . Барлық ескі реніш , өкпелерден
құтылғым келеді . Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін . Мен
өз қалпымдамын . Өз өмірімнің ағынымен барамын Бірақ өкпені ұмыттым
, кештім .
Жас мамандарға арналған кәсіби бейімделуге көмектесетін тренингтің
өткізілуі бойынша анықтама
Мақсаты: жас мамандардың кәсіби сана шеңберін кеңейту, кәсіби
іс-әрекеті барсында пайда болатын қиындықтарды шешу дағдыларын
дамыту, олардың психикалық қысымдарын төмендету, ішкі психикалық
күшті дамыту.
Барлығы алты жас маман қатысты. Алдымен өткізілетін іс-шараның
мақсат-міндеттері ескеріліп өткен соң, әрбір қатысушымен амандасу
рәсімі өткізілді. Қатысушылар өздері туралы толығырақ айтып кетті,
сөйтіп бір-бірімен жақынырақ танысты.
«Ұжымд Сергіту сәтінде
оқушылардың көңіл-күйін
және есте сақтауын дамытуға
арналған психологиялық
жаттығулар
1.«Жунглидағы жаңбыр»
Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида
жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық
және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда
тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында
жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен
басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар
жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.
2. Жағымды сөздер.
Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және
айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау
іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші
жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты
алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да,
оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер
қысқа бір сөзден тұрса болады.
3. «Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек.
«Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін
айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр
адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен…
құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
4. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.
Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар
орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол
орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті
жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға
қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.
5. «Сөзден сөзді ізде» ойыны.
Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп
құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:
«Трансформатор» «Талдықорған»
форма қорған
матор тал т.б.
6. «Сантики, Фантики, Лимпопо».
Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің
сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші
етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп
тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды
қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай,
білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ,
ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған
бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің
ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні
тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып
отырады.
7. «Қолдағы хат».
Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы
ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса,
кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады.
Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала
соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді.
«Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру
керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын
жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.
8. «Көңіл-күй неге ұқсас».
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне,
ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді.
Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі
көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды,
ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның
сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың
көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған
т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық,
жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу
күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.
9. «Тасбақалардың жүгірісі».
Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді.
Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң
қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы
қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы
мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.
10. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»
Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман сөздердің орнына
көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.
11. «Тыныштықты жақсы көретін патша» Патша шуды жек көреді,
сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай
тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл,
баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.
Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа
бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп,
«Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы
«қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген
баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала
аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға
жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші
баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды.
Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына
жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш»
дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы
орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.
ық сурет» атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар
басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар
оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.
Жаттығудан кейін қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, дем алып,
рухани толысты.
--------------------------------------------------------------------------------------
Тақырыбы: Таңғажайып көбелектің түсі.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ертегітерапия, арт-терап, құмтерапиясы.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып,
психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті
түсіру,релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген
позитивтік көзқарасты қалыптастыру.
Сабақтың барысы
Міне сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.
Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма?
Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана
мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді
жылытайық. Бір -бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы
үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі
тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден
қорықпайтын күшті де епті батыл болымыз керек.Балалар , мен
сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы,
айнала қандай әдемі.
Ойын: Жаңбыр (интерактивті тақтамен)
Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте
бастады.
1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек-кезек алдыға
созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша
екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая
бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары
созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды
қанатша қағып, отырып-тұру).
5. Жан- жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын
созу).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)
Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр ? кәне артынан
барайықшы
Құм салынған үстелге жақындайды.
-Құм терерапия жаттығуы.
-Қолды құмға салу.
-Саусақтарының арасынан құмды уқалау.
-Қолды құмға жасыру.
-Құмды себелеп құю.
Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып
көбелектің түсі » ертегіні айтады, Бір таңғажайып елде, үлкен гүл
алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап
жатады, ал түн болғанда оянып, жан-жаққа ұшады. Әр көбелек өз
адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің
қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып
тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді,
ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз
түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер?
Қорқынышты түстер көресіңдер ме?
Психолог: Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің
көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді
жыртады.
Психолог : Міне ,біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз.
Балалар біз мына көбелектерге қандай түс көргілерің келеді? Соның
суретін салып бояйық. Балалар сурет салады.
«Болады, болмайды» жаттығуы.
Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін
болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса- онда
аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан
шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр- аяқтарын топылдатады.
Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық ұйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит
аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.
Тренинг: қорқыныш
Орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып
кеттік.Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен
көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты
жануар шығар, бір дауыс естіледі. (Мәу) Көзімізді ашып қарайық. Ол
кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық.
Міне, мысықпен дос боламыз, енді қорықпаймы
з. Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг
Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз
көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін
еркін сезінуге көмектесу.
Жоспары:
1. Амандасу. «Бумба-Юмба» жаттығуы.
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
3. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
4. «Поезд» жаттығуы.
5. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
7. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
8. Қортынды. «Майшам» жаттығуы.
Қажетті құралдар: жүрекше, жануарлардың аты жазылған карточкалар,
жаттығуға қажетті парақтар, майшам, магнитофон.
Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
Психолог: Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық.
Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі
топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді мұрыныңызбен
үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен
арқаларыңызды түйістіресіздер.
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені
беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы допты алып,
жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.
3. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді
табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі
шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып,
өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да
кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің
самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді - енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай
бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра
күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады - енді
қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды - біз қатты жауын сияқты арқамызды
саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды - арқамызды саусақ басымен бұршақ
жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ
берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге
алдыңызда тұрған адам орындайды.
4.«Поезд» жаттығуы.
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз.
1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет
тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет
аяқтарын еденге тарсылдатады.
5.«Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары
жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған.
Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы
біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы
текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға
жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз
керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың
міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер,
өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі
қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз,
сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай
нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан
кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің
көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу
қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар
таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .
7. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған,
музыкамен орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз,
денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны
теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың
үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің
алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем
алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап,
жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы
асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің
рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды
шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып
жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің
аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды
бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел
сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің
денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек
дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты
сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз
келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны
істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында
тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге
алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
9. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп,
жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп
отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе,
сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі
тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!
ергіту тренингі
Мақсаты: тренингке қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру,
шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру,
Қажетті құралдар: қағаз, қалам, сиқырлы қорап,
Өтілу барысы:
1. «Бір-бірімізбен амандасайық»
2. «Кел, танысайық»
3. «Молекула» жаттығуы
4. «Сеніп құлау» жаттығуы
5. «Сурет салайық» жаттығуы
6. «Сиқырлы қобдиша
7. Қорытынды «Алма ағашы»
1.«Бір-бірімізбен амандасайық»
Мақсаты бір -біріне жақын болуға, бір-бірін түсіне білуге,
тренингке қатынасушылар арасында жағымды атмосфера
қалыптастыру.
Інұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен құшақтасып амандасамыз.
ІІ нұсқа: арқаларыңызды тигізу арқылы
ІІІ нұсқа: оң және сол жақ тізелеріңізді тигізу арқылы
ІV нұсқа: мұрындарыңызды тигізу арқылы
2. «Танысу»
Мақсаты: топқа өзінің есімін таныстыру және тренингке белсенділігін
арттыру.
Жүргізілу барысы: Топ сағат тілімен кезекпен кезек өзінің есіміне
бойындағы ең жақсы, мақтаныш тұтатын қасиетін айтып таныстыра
бастайды. Мысалы: Қарапайым Жангүлмін.
3- жаттығу «Молекула»
Жаттығу барысы
Қатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады. Жүргізуші белгілі
санды айтқанда, атомдар молекула құрайды. Мысалы, «үш» дегенде, үш
адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула
құрайды.
4- жаттығу. «Сеніп құлау» жаттығуы.
Мақсаты: Сенімділікті және топтың тұтастығын арттыру.
Бір адам құлайды, қалған адамдар оны тосып алады. Құлаған адам
көзін жұмып еркін құлауы қажет.
5- жаттығу. «Сурет салайық» жаттығуы
Жүргізуші: «Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге
қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.
Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай
арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына
жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына
өзіңізді жатқызып салыңыз.
Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет
сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?»
Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа
ұқсайтын болса, онда ол семинар барысында айтылып жатқан
мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған
6 -жаттығу «Сиқырлы қобдиша»
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша
тұрады. Сыйлықтар - қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап
алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп
таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!