7


  • Учителю
  • Сөйлемдегі сөздердің байланысы. 1- Мамыр

Сөйлемдегі сөздердің байланысы. 1- Мамыр

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы. 1- мамыр

Сабақтың мақсаты:

1.Сөйлем туралы бастапқы теориялық білім қайталау.Н. Оразалиннің «Мамыр» өлеңін негізге ала отырып мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

2. Оқушының сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін, тілін дамыту. Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру. Ой өрісін, танымдық қабілетін арттыру.

3. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, оқыту әдістемесі, слайд, телевизор, ноутбук, таратпа материалдар


Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылармен амандасу.

-психологиялық дайындық жасау

-сабақтың мақсатымен таныстыру

-тақтаға бүгінгі күн мен сынып жұмысын жазу.

1.Білу деңгейі

Қызығушылығын ояту кезеңі «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы.
Әр топ бұрын өтілген тақырыптар бойынша бір-біріне 3 сұрақтан қояды.

2. Жаңа сабаққа кірісу үшін интерактивті тақтадан әр түрлі мерекелерге байланысты суреттері(слайд түрінде) көрсетіледі. Оқушылар қай мереке екенін тауып, сол мерекеге сипаттама беруі тиіс.
Көркем жазу минуты

Жж

1."Білемін" бөлімі бойынша жұмыс.

ЕРЕЖЕ

Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

Сөйлемнің соңына нүкте (.) мысал келтіру

Сұрақ белгісі (?) мысал келтіру

Леп белгісі (!) қойылады. мысал келтіру

2.Слайд арқылы жұмыс.

Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемді теріп жазу.

2. Түсіну деңгейі

Мағынаны тану кезеңі

3.Талдау

Видеороликтен 1 мамыр туралы ақпарат аламыз

201-жаттығу

3. "Білгім келеді"бөлімі бойынша жұмыс.

Автортану Н. Оразалин

Н. Оразалиннің «Мамыр» өлеңі Оқулықпен жұмыс.

- 1 мамыр қандай мереке?

- Қазақстанда тұратын қандай ұлт өкілдерін білесің?

- бейбітшілк пен бірлік сөзін қалай түсінесің?

4. Жүйелеу, жинақтау

162- жаттығу

"Үйрендім" бөлімімен жұмыс

Тест жұмысы.

1.Қайсысы дұрыс тасымалданбаған:
А)дау-ыл
Б)дауы-л.
С)бау-ыр.
2.Жылқылардың атын білдіретін сөздерді көрсет:
А)Маңмаңгер,Тайбұрыл,Месторы.
Б)Мойнақ,Ақтөс,Құтжол.
С)Ботақан,қошақан,қозым.
3.Ойнады,секірді,сөздері нені білдіреді?
А)Заттың атын білдіреді.
Б)Заттың қимылын білдіреді
С)Заттың сын-сипатын білдіреді
4.Қазақ тілінде дауысты дыбыс саны нешеу?
А)15
Б)17
С)13
5.Қандай дыбыс дауысты да,дауыссыз да бола алады?
А)Ұ
Б)У
С)Ү
6.Жұп дауысты дыбыстар қатарын көрсет:
А)а-ә,ұ-ү,о-ө,ы-і.
Б)а-я,у-ұ,о-е,и-ы С)ю-у,о-ө,с-з.
7.Мына үзінді қай мәтіннен: «Анау өрмекшіні көремісің?»
А)Екі соқа
Б)Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш
С)Жер-Ана.
8.мына сөйлемде неше сөз:Сара апасына көмектесті.
А)2
Б)3
С)4
9.Заттың қимылын білдіретін сөздерді көрсет.
А)алма,ағаш,кітап.
Б)қызыл,биік,әдемі.
С)ойнады,жазды,ұшты.
10. «Кел, балалар,оқылық!»өлеңінің авторы кім?
А)Абай Құнанбаев
Б)Ыбырай Алтынсарин
С)Жамбыл Жабаев.

5. Бағалау

Үйге тапсырма

Критерий бойынша бағаланады.

202-жаттығу. Өлеңді жаттау

Бағалау парағы бойынша қойылатын талаптар

Ұпай

1

Тақырып бойынша ештеңе айта алмайды. Естігені мен көргенін айта алмайды.

0

Көркем жазу

1

Сөйлем сөзден құралады деген ереже біледі және мысал келтіре алады.

1

Сөйлемнің тыныс белгісі туралы ережені біледі, Сызба арқылы мысал келтіре алады.

2

Слайд арқылы жұмыс. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемді теріп жазу

2


6

2

Ежіктеп, қате оқиды. Н. Оразалиннің «Мамыр» өлеңі

0

Саналы, дұрыс, буындап оқи алады.

1

Сұрақтарға жауап бере алады.

2

Сұрақ: Қандай ережені білеміз?

Ереже қайталау. Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

3


6

3

Өз бетімен мүлдем жұмыс істей алмайды.

0

Сөздің мағынасын ажырата алады. Сұрақ қоя біледі. Тапсырманы орындау . 162-жаттығу қате, қатесіз

2

Ереже қайталау. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мысал келтіру, ауызша

2

Тест .

4


8

20



18-20 ұпай "5"; 14-17 ұпай- "4"; 10-13 ұпай-"3″; 0-9 ұпай -"2″ (немесе қайта іздену керек)

Қорытынды:

Сөйлем туралы бастапқы теориялық білімдерін одан әрі жетілдірілді. Мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасты. Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыланды . Ой өрістері, танымдық қабілеттері артты .





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал