7


  • Учителю
  • Открытый урок (по казахскому языку 4 класс)

Открытый урок (по казахскому языку 4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


№68 МИББ кешені


Қос сөз және олардың

жасалуы



Тишмагамбетова С.А.



Қарағанды қаласы

Сабақтың тақырыбы. Қос сөздер және олардың жасалуы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларға қос сөздердің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу жолындағы ерекшелігін түсіндіру. Сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуді, сөздерді қос сөздерге айналдыра білуді, арасына дефис қойылатынын меңгерту.
Дамытушылық:
Ой - өрісін, байланыстыра сөйлеу дағдысын өз беттерімен жұмыс істеуді қалыптастыру, шығармашылық кәбілеттерін дамыту.
Тәрбиелік.
Мейірімділікке, Отан сүйгіштікке, ізденгіліштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
Әдіс - тәсілдері: жеке, топтық жұмыстар,

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, сызба, слайдтар,үлестірмелілер,
Сабақтың өтілу моделі:
І. Сабақтың ұраны.
ІІ. Өткенді пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Мақсаты.
V. Ойын жаттығулар.
VI. Қорытынды.
VII.Бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
а) Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенне біз
ә) Жұмбақ шешу.

Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұрын таратқан

Бұл жұмбақтың шешуін не деп ойлайсыңдар?

Бұл жұмбақтың шешуі - Күн.

Балалар, неліктен сабағымызды күнге қатысты бастап тұрмыз?

Күн мемлекеттік нышанымыз тудың ортасында орналасқан.

Күн - тіршіліктің, байлықтың, тыныштықтың белгісі.

Күннен адамға қандай қасиеттерді алуға болады?

Мейірімділік, жылылық, әлемге ортақ, шуағы мол.


Хормен: Бола білсең күндей бол,
Жұрттың бәрін бірдей көр
Мейіріміңді аямай
Жылуыңды болып бер!
Балалар, біз оз Отанымызды күнге теңей аламыз ба?

  • Мә, себебі біздің Отанымыз да күн сияқты бізге бақытты, молшылықты, тыныштықты, мейірімділікті сыйлайды.

  • Жақында біз қандай мерекені тойлаймыз?

  • Тәуелсіздігіміздің 23-жылдығын.




- Біз алдынғы сабақтарымызда қандай сөздермен таныстық?
- Күрделі сөздермен.
- Күрделі сөздермен дегеніміз не?
- тіркескен сөздер, біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер.
Жаңа сабақ. «Ой шақыру»
Ат, айғылар биелер
Шалғыннан жүні жылдылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Қатар-қатар үйрек-қаз
Ұшып тұрса сымпылдап

Бұл қой оқынның өлені?

  • Қазақтың бас оқыны, кемеңгер

  • Абай атамыздың өлені
    Өленді күрделі сөздердің қай түрлері бар?

  • Қос сөздер.

  • Олай болса, бүгінгі сабағымыз күрделі сөздердің бірі - қос сөздермен және олардың түрлері, жасалу жолдарымен танысамыз.


Топпен жұмыс.

Слайдттағы қос сөздерді оқып, сол сөздердің айтылуы бойынша ереже шығару.


  1. Әке-шеше, аға-іні, туған-туыс.


  2. Жылы-жылы, сөйлей-сөйлей, қилы-қилы.


  3. ап-анық, жап-жасыл, әп-әдемі.


  4. өте-мөте, мө-мө, у-шу.


Электронды сабақ № 4292 1-2 тапсырмасы
«Дәптерін ашып тақырыпты жазу.

49- жаттығу. Өлеңді оқы. Күрделі сөздерді тап. Олардың қалай жасалып тұрғанын байқа. Мағынасын түсіндір. Күрделі сөздің бір сыңарын айтып тастап айтып көр. Сонда нені байқадың?


Қора қора қой жатыр.
Қарын қарын май жатыр.
Түйе түйе жүн жатыр.
Ауыл ауыл ел жатыр.


Тақтамен жұмыс

51- жаттығу

Қос сөздерді оқып шығып,көшіріп жаз.Қос сөздердің құрамындағы сөздерге назар аудар.Өзің қалаған қос сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құра.

Биік-биік, ыдыс-аяқ, кіп-кішкене, көйлек-көншек, анда-санда, қарқ-қарқ, жап-жасыл




50-жаттығу . Сергіту сәті. «Аяқпенен топ топ топ»
Мақалды оқып, жатқа жаз.Қос сөздердің астын сыз.Қос сөздің бір-сыңарын алып тастаса сөйлем мағынасында қандай өзгеріс болады?

Көре-көре көсем боларсың,

Сөйлей сөйлей шешен боларсың.

Ата-анаңды сыйласаң көп жасарсың,

Сыйламасан жан қинарсың.

5 слайдпен жұмыс


52- жаттығу

Қарамен жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып,сөйлемдерді көшіріп жаз.Қос сөз сөйлемге қандай мағына үстегенін байқа. Қос сөзді құрап тұрған сыңарларды салыстыр.

1.Балалар қардан аққала жасап ойнап жүр.Үсті-бастары қар.2.Биік таулар алыстан көз тартады.3.Айгүлдің шашы желмен желп етті.4.Жанат бұған қуана келісті.

Топтық жұмыс (сайыс)


Бекіту

Үш қатарға бірдей жұмыс беріледі, кім бірінші орындайды 3 минут

Қос сөздерге мысал келтіру. Оқушының тегі мен есімінің бірінші әрәптерінен

Үйге тапсырма 53-жаттығу, ережелерді қайталау.

Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал