- Учителю
- Сабақ жоспары 'Аққу, Шортан һәм Шаян' әдебиеттік оқу пәнінен
Сабақ жоспары 'Аққу, Шортан һәм Шаян' әдебиеттік оқу пәнінен
Сабақтың тақырыбы: Аққу, Шортан һәм Шаян.
И. А. Крылов, аударған А. Байтұрсынұлы
Сабақтың мақсаты:
1.Мысал мазмұнын өмірмен байланыстыра талдау арқылы идеясын түсінуге мүмкіндік жасау.
2.Шығармашылық жұмыстарды оқушының таным деңгейін көтеру тілін, сөздік қорын дамыту мақсатында пайдалану, талдау тапсырмалармен өмірдегі жағдайларға сай қолдана білуге дағдыландыру.
3.Бірлік, келісім, ынтымақ туралы түсініктердің маңызын ашуға мүмкіндік беру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, маркер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгіме, СТО стратегиялары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
«Жан біткен қалпақ»
-
Балалар қандай қызық оқиғаға тап болды?
-
Бұл оқиға сен үшін қорқынышты ма, әлде күлкілі ме? Дәлелде.
-
Суреттегі балалардың бет бейнесіне қарап, олардың сезімдерін сипатта.
-
Сенің өмірінде осындай қызық оқиға болды ма? Әңгімеле.
I. Қызығушылықты ояту.
Тақтаға немесе плакатқа маркермен жазылған, толықтыруды қажеі ететін мақал-мәтелдер ілінеді.
1.Бірігіп көтерген...... (жүк жеңіл)
2.Бірлік..., тірлік.... (болмай, болмас)
3.Ырыс алды -.... (тірлік)
Мақал-мәтелдер бойынша топтарға бөлініп отыру.
Әр топ өз мақалдарын толықтырып жазып, оқуға дайындалу.
Сол мақал-мәтел бойынша ойларын жазу.
Осы мақал-мәтелдерді мағынасына қарап бір сөзбен қалай айтар едіңдер?
«Бірлік»
Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты «Аққу, Шортан һәм Шаян»
II.Мағынаны тану.
Тақырып тақтаға жазылып, тапсырма беріледі. Автормен, аудармашымен таныстыру, қысқаша тоқталып өту.
Топтық жұмыс «Кубизм» стратегиясы.
1-топқа:Мысалды іштей оқу.
Мазмұнын әңгімелеуге дайындалу.
2-топқа:Мазмұнын түсініп оқу.
Түсініксіз сөздерді теру.
Дәптермен жұмыс
Түсініксіз сөздер.
Дүркін - дүркін - қайта - қайта
Ғибрат - өнеге.
Машақат - әурешілік.
Һәм - және.
3-топқа:Мазмұнын түсініп оқу.
Өлең мазмұны бойынша қорытынды ой болатын шумақты іздеп табу.
Әр топқа мұғалім сұрақтар дайындайды.
Мысалы:
-Аққу, шортан, шаян жүкті неліктен үш жаққа тартады?
-Жүктің баратын жеріне жетпеуіне қайсысы кінәлі?..
-Мысалдағы кейіпкерлердің әрекетінен күлкі тудыратын жолдарды оқы?
-Өмірдегі осындай жағдайларды көргендерін бар ма?
III.Ойтолғау.
1-топ - Жоспар құру.
2-топ - Мысалды суретпен бейнелеу.
3-топ - Кейіпкерлерге хат жазу.
Қорытындылау.
-Бүгінгі тапсырмалар мен жұмыстарды сендер қалай орындадыңдар?
-Бірігіп, ақылдасып, топпен, бір-бірімізге көмектесіп орындадық.
-Ендеше біріге отырып жұмыс жасаудың сендер үшін қандай жақсы, нашар жақтары бар екенін талдап көрейік.
Оқушылардың ойлары тақтаға немесе плакатқа (маркермен) жазылады.
«Т кестесі» арқылы жазып шығу.
Жақсы Нашар
1.
2.
3.
Оқушылар бірігіп жұмыс жасау арқылы сабақта қолайлы атмосфера болатынын атап өтетіні сөзсіз. Ал жайсыздық туралы аздаған шу, кейде бір бала ғана суырылып жауап бергісі келе беретінін де ескертуі мүмкін.
Үйге тапсырма. Мысалды өмірмен байланыстыру арқылы эссе жазу.
Бағалау.
Әдебиеттік оқу пәнінен
ашық сабақ
Тақырыбы:
«Аққу, Шортан һәм Шаян»
4- сынып
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі
Досанова Ә.Т.