- Учителю
- Уәде. ӘДебиеттік оқу
Уәде. ӘДебиеттік оқу
Мұғалімі | Балғабек Жанар | |
Сабақтың тақырыбы | Уәде. | |
Сабақтың жалпы мақсаты | . «Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Міндеттері: - жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту; - балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету; - өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу. | |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ- жауап , түсіндіру . | |
Көрнекіліктер | «Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Міндеттері: - жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту; - балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету; - өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу. | |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс - әрекеті . |
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Атқарамыз әр істі, Жақсыға біз лайық Жауаптылық сезініп, Уәдеде тұрайық! | |
Топқа бөлу | Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу . | |
Үй тапсырмасын сұрау | Өткен сабаққа байланысти эссені тапсыру . | |
Қызығушылықты ояту |
| |
Жаңа материалмен жұмыс. | Мұғалімнің тұсіндірмесі: Әңгіме «Өкініш» Атасының тапсырмасын орындап тастамақшы болып Қайырбек қораға қарай беттеді. Дарбазаның сыртынан біреудің ысқырғаны естілді. - Қайырбек, жүр кеттік. «Бірлік» ауылының балалары келіпті. Осы жолы оларды нөлмен қатырмасақ па? - Әттеген-ай-а!- деп Қайырбек басын шайқады. - Атам фермадағы бір танысынан есектің қамытын алған екен. «Соны апарып тастарсың»? деп еді. - Өй, бар болғаны сол ма? Жақып көңілдене күліп қойды. - Кешке дейін әлі талай уақыт бар. Үлгересің... Көп қиқаңды қойып, бізбен жүр. Олардан өткен жолғы қарымтаны қайтармасақ болмайды. Кездесе кетсе, мазақ қылады. Қайырбек желкесін қасып сәл тұрды да: - Мейлі ендеше, - деп, балалармен бірге футбол ойнайтын алаңға тартты. Жолшыбай атасы кездесті. - Қайырбек шырағым, қамытты апарып бердің бе? Қайырбек не дерін білмей абдырап: - Иә, ата, апарып тастадым, - деді. - Әп, бәрекелді. Өркенің өссін, қарағым!- Атасы риза кейіппен Қайырбекке көзін сығырайта қарап, күміс сақалын уыстай сипап қойды. Дәйексөз Мұғалім тақтаға «Уәде берсең - орында» деп жазып қояды және осы мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. - Әңгімеде айтылғандай, адам өзіне тапсырылған істі жауапкершілікпен орындамаса, өзін ғана емес, өзгені де ұятқа қалдырады екен. - Сендер «Уәде берсең - орында» деген мақалды қалай түсінесіңдер? - Сендердің уәде беріп, орындай алмай қалған кездерің болды ма? Болса естеріңе түсіріп айтып беріңдер. Балалардың жауаптары тыңдалып, өздері қорытындылауға мүмкіндік беріледі: - Берген уәдені уақытында орындау үлкен жауапкершілікті білдіреді. Ата-бабамыз балаларының жауапкершілікті болып өсуін армандаған, сол үшін де «Уәдені - берсең орында» мақалы ұрпақтан ұрпаққа бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. | |
Ой толғаныс | Ойын-жаттығу : «Мен жауапкершілікті баламын, өйткені...» деп аталатын ойын-жатты-ғуда балалар өз білім-біліктерін қолданып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік алады. Плакатта баспалдақтармен көтерілгелі тұрған баланың суреті берілген. Мұғалім жеке-жеке іс-әрекеттерді білдіретін сөздер жазылған қатты қағаздарды(үлкен әріптермен) Ақботаның қоржынына салады. Балалар кезегімен тақтаға шығып, қоржыннан қағазды алып, онда жазылған іс-әрекеттерді оқиды, бала осы іс-әрекетті жауапкершілікті болуға қатысты деп тапса, оған «Мен жауапкершілікті баламын, өйткені...» деген сөзді қосып айтады. Мысалы:«Мен жауапкершілікті баламын, өйткені уәдемде тұрамын». Мұғалім осы қағазды суреттегі баспалдаққа жапсырады. Егер қоржыннан шыққан қағазда жазылған іс-әрекет жауапсыздықты білдірсе, онда бала оны не үшін жауапсыздыққа жатқызатынын түсіндіріп айтып береді. | |
Үйге тапсырма беру. | Уәде тақырыбында шағын әңгіме құрау . | |
Бағалау | Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою. | |
Кері байланыс | Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер . |