- Учителю
- Разработка по литературному чтение на тему 'Қазақстан'
Разработка по литературному чтение на тему 'Қазақстан'
Қазақ тілі | Уақыты:14.12.2015ж | Кабинет: 110 | Батырова Жанар | ||
Сабақтың атауы | Қазақстан | ||||
Сілтеме | Әдебиет оқулығының әдістемесі | ||||
Сабақтың жабдығы | Мәтін,сөйлем құрауға қажетті тапсырмалар,интер.тақта, бейнефильм.плакат,маркер. | ||||
Жалпы мақсаттар | Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін тексеру Міндеті: 1) Оқушының ой-өрісін кеңейту, өткенді қайталау 2) Шығармашылық қасиеттерін дамыту 3) Өз Отанын сүйетін, озық ойлы, мәдениетті азамат болуға тәрбиелеу.
| ||||
Оқыту нәтижесі | |||||
Топқа бөлу | Ұйымдастыру: Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіз Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін тексеру. Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Оқушылар 4 топқа бөлінді 1топ - «Көктем», 2 топ - «Жаз», 3 топ-«Күз», 4 топ- «Қыс» | ||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||
Ынтымақтастық атмосферасы | Психологиялық дайындық. Иіліп сәлем бердік, Қонақтарға ! Иіліп сәлем бердік, Ұстаз сізге! Иіліп сәлем бердік, Достарыма ! | Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады | |||
Үй тапсырмасын сұрау
| Үй тапсырмасын сұрау. «Кезбе тілші» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру. 1.Өлең не туралы ? 2.Өлеңнің авторы кім? 3.Желтоқсан айындағы басты мерекелерімізді ата. 4.16- желтоқсан қандай күн ? 5.Ақын желтоқсан айының мнезін қалай сипаттаған ? 6.Қыс айларын ата. 7. Қыстың ең соңғы айы ? 8.1- желтоқсан қандай күн ? | ||||
Қызығушылықты ояту | Ребус шешу. Қазақстан Қазақстан Республикасы туралы бейнефильм
| ||||
Мағынаны тану Өлеңді тізбектей топқа бөліп оқу | Оқулықпен жұмыс. «Өкіл »әдісі арқылы әр топтан бір-бір өкіл шығып, сағат тілімен ауыса отырып, топтарына өлеңнен оқығандарын түсіндіреді. 4 топ өз оқыған өлең мазмұнына сай, түсінгендерін сурет салу арқылы жеткізеді. . Қазақстан Республикасын картадан көрсете отырып, мұғалімнің түсіндіруі. «Қазақстан туралы не білеміз ?» 1 топ .Қазақстанның қазба байлықтары. 2 топ. Қазақстанның қалалары. 3 топ. Қазақстанның өзен-көлдері. 4 топ. «Қазақстан» сөзінен бірнеше сөздер құрау.(Бір сөзден, көп сөз ) «Кір жаю» әдісі арқылы мақал- мәтелдер . 1. Бірлік болмай, ... (тірлік болмас) 2. Басшысын сыйлаған ... (ел озады) 3. Хан тірегі - ...(халық) 4. Әрекет болмай - ...(берекет жоқ) 5. Кісі елінде сұлтан болғанша, ...(өз еліңде ұлтан бол) 6. Отанға опасыздық еткенің, ...(қз түбіңе жеткенің) 7. Батылдық - рухы күшті ...(адамдар қасиеті) 8. Күш - білімде, ...(білім - кітапта) 9. Есепсіз не... жоқ? (ақша) 10. Байлықтың атасы - ...(еңбек) 11. Әркімнің өз жері... (жұмақ)
| ||||
Сергіту сәті | Аспанға қарап, ай көрдік, Төмен қарап, жер көрдік. Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдік. |
Оқушылар денелерін жатықтырады | |||
Ойтолғаныс | Шығармашылық жұмыс. 1 топ. Мереке. 2 топ. Тәуелсіздік. 3 топ. Бақыт. 4.топ. Тыныштық Әр топ өздеріне берілген сөздерді пайдаланып дәптерлеріне мерекелік құттықтау, тілектер жазады. |
| |||
Үй тапсырмасы | Менің Қазақстаным!!! Сурет салу. | Күнделіктеріне жазады | |||
Бағалау | Смайликтер арқылы кері байланыс орнату
|