- Учителю
- Разработка по казахскому языку на тему Есімдік (4 класс)
Разработка по казахскому языку на тему Есімдік (4 класс)
Пән:Қазақ тілі. Күні: 26.02.2016 Сыныбы: 4Б Тақырыбы: Есімдік. Мақсаты: -Есімдік туралы берілген ұғымды кеңейту.Есімдіктің өзге сөздермен байланысын таба білуге үйрету. -Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. -Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың мейірімділік,адамгершілік сезімдерін ояту. Күтілетін нәтиже: -Есімдік туралы ұғымдары кеңейеді. Есімдіктің өзге сөздермен байланысын таба білуге үйренеді. -Сөздік қорлары молаяды, байланыстырып сөйлеу дағдылары жетілдіріледі. -Оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамиды. Оқушылардың мейірімділік,адамгершілік сезімдері оянады. Сабақтың әдіс- тәсілдері: «көңілашар», «1 қадам артқа», «есіңе сақта», «Австралиядағы жаңбыр», «топтастыру».Ұйымдастыру кезеңі
«Көңілашар»
«1 қадам артқа»
Жаңа сабақ:
«Есіңде сақта»
«Австралиядағы жаңбыр»
«Топтастыру»
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Оқушылармен амандасады.Түгендейді.
Бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен келгендерін сұрау.
Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық.
-сан есім дегеніміз не? -қандай сұрақтарға жауап береді? -қандай түрлері бар? -дара сан есімге мысал? -күрделі сан есімге мысал? -күрделі сан есім қалай жазылады?
1-жаттығу. Асқар терезеден қардың жауғанын ұзақ бақылады. Ол балаларды көріп, далаға шықты. Біреу артымнан келе жатқандай болды. Жалт қарасам, Бейсен екен. Қонақтар шақырылған уақыттан кешікпей келді. Бәрі дастархан басына отырда. Қарияның үш ұлы болыпты. Ол өмірінің соңғы күндерінде сол ұлдарын шақырыпты. Мен, Бауыржан және Талғат үшеуіміз бір сыныпта оқимыз. Біз- тату-тәтті доспыз.
Есімдік- сөз табы. Зат есім, сын есім, сан сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік дейміз. Есімдіктер: мен, сен, ол, біз, сіз, өзі, бұл, сол, анау, мына, кім, не, қанша, бірнеше, бәрі, ешкім, ешбір, ешқашан, кейбір, әркім, әрқашан.
2-жаттығу. Акула ешқашан тоймайды, аузына не түссе, соны жұта береді. Оның асқазаны өте мықты. Жұтқанының бәрін қорыта алмаса да, өзіне ешқандай зиян келмейді. Мысалы, акуланың ішінен пошта жәшігі, бірнеше қалбыр, қымбат әшекейлер, көзілдірік, қолсағат, шеге, аттың тағасы шыққан.
3-жаттығу. 1.Ол қателігін түсініп, досынан кешірім сұрады. 2. Мен тау бөктерінде орналасқан әсем қаланы араладым. 3. Сен түстен кейін балық аулауға барасың ба? 4. Артымнан біреу менің атымды атап, шақырғандай болды. 5.Біз бос уақытымызда шахмат ойнаймыз.
Оңға, солға бұрылдық,
Алға, артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,
Қолды создық тік тұрып.
4-жаттығу. 1.Өзім білем деген өрге баспас. 2.Сен салар да мен салар, атқа шөпті кім салар? 3.Не ексең, соны орасың. 4.Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас. 5. Әркім өз бойына қарап тон пішер.
Соны- сол, бұны бұл, оны-ол.
6-жаттығу. Қайсар көшені кесіп өтіп, сол жаққа қарай бұрылды. 2.Ауладан сол кісіні күнде көремін. 3.Жаңадан келген оқушы сол қолымен жазады екен. 4.Атам сол жылдарды үнемі есіне алып отырады.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап, бағалау. 52-бет, 5-жаттығу.
Амандасады. Сабаққа дайындалады.
Құрал-жабдықтарын реттейді.
Оқушылар назарларын сабаққа аударады.
Өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтарға жауап береді.
Қарамен жазылған сөздер қай сөздердің орнына қолданылып тұрғанын анықтайды, қай сөз табы екенін анықтайды.
Ережені жаттап, жазып алады. Мысал келтіреді.
Мәтінді көшіріп жазады. Есімдіктерлі тауып, астын сызады. Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған есімдіктерді табады. Қай сөзбен байланысқанан айтады.
Есімдіктерлің орнына кісі атын қойып, сөйлемдерді өзгертіп жазады.
Барлық оқушылар орындарынан тұырп, жаттығуды 2 рет қайталайды.
Мақал-мәтелден есімдікті тауып, астын сызады. Оладың түбірін табады. Есімдіктердің сызықша арқылы түбірлерін табады.
Көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің қайсысы есімдік, қайсысы басқа сөз табы екенін табады. Оқушылар бағаларын қойдыртады. Үй тапсырмасын жазып алады.
Жарайсыңдар!
5 балдық деңгейде бағалау.
Мадақтау.
Мадақтау.
Жаарйсыңдар!
Мадақтау.
Жарайсыңдар!
Мадақтау.
Мадақтау.
5 балдық деңгейде бағалау.
«Алматыкітап» 2015ж. Қазақ тілі . 4 -сынып
Күнделік.
Қолы:
Баға: