- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Бастауышым – балбұлағым.
Сабақтың тақырыбы: Бастауышым – балбұлағым.
Сабақтың тақырыбы: Бастауышым - балбұлағым.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімнің сара жолы мектептен басталатынын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Оқуға, білімді болуға шақыру. 2. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра орырып, сәт-сапар тілеу. 3. Білім ордасы-мектепті, ұстаздарын құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Ата - анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу.
Көрнекілігі: 4 жыл бойғы оқушылардың еңбектері, шарлар, нақыл сөздер, суреттер.
1-Жүргізуші
Аса қадірлі аналар мен ұстаздар және әріптес оқушылар!
Бүгін ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы Бастауыш атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрмыз.
Армысыздар, жиналған ата-ана , ұстаз,
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамыздан талпынып қанат қақты,
4 жыл бойы оң -солын таныған жас.
2-жүргізуші
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға,
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
1-жүргізуші
Шашу, шашу, шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке , бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
Ән: «Отырардағы той.»
2-жүргізуші
Иә, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той. Өйткені 4жыл бойы білім беріп, ой-санамызды дамытқан , адалдыққа, адамдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.
Келесі сөз той иелеріне беріледі.
1-оқушы
1 қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүліммен
Келіп ем , қарсы алды мектебім
Сүйікті қоңырау үнімен.
2 -оқушы
Әлі есімде, мектепке алғаш барғаным
Өз қолыммен Әліппені алғаным
Ақтардым Әліппенің парағын
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.
3-оқушы
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,
Жүргеніңді ұнаттық арамызда.
4-оқушы
Балғын шақта келіп едім,
Бал қызыққа еніп едім
Тағдырымның билігін де,
Сеніп сізге беріп едім.
5 -оқушы
Алғаш рет өзіңнен
Білім алар балалар.
Оқу сырын өзіңнен
Біліп алар балалар.
Жастың өсті санасы
Елжірейді жүрегі
Бастауышқа бар бала
Алғыс айтып жүреді.
6-оқушы
Шәкірттердің тыңдап жауап , сұрағын,
Жас анаға төгіп білім шуағын.
Хат танытып, жол сілтеген өмірге,
Барша жанға құрметті жан -мұғалім.
7-оқушы
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мына өмірден.
8-оқушы
Ұлағат ғұмырынан нұсқа алам да,
Барлық салт- дәстүрді ұстанам да.
Әр шақта тәліміңе тағзым етіп,
Ардақтап бас иемін ұстаз -ана.
Ән: « Мұғалім ол біздің.»
9-оқушы
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп етті тербетіле,
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетеді -дей келе бишілерге кезек берейік.
Би Қара жорға.
10-оқушы
Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі.
Пана болған , дара болған біз үшін ,
Жанымыздан артық көрем мен сізді.
11-оқушы
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім , мақтанамын.
Осы сырды үйреткен төрт сыныбым
Түстей болып , міне бүгін артта қалдың.
12-оқушы
Өтті оқу сан сабақ ,
Бүгін үлкен салтанат ,
Оқулықпен достасып ,
Бастауышпен қоштаспақ.
13-оқушы
Өзіңсің балауса көктемім ,
Мен сенен нәр алдым ,көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,
Рахмет саған , бастауыш мектебім.
14-оқушы
Оқытты ұстаз анамыз
Өсті білім санамыз.
Білгір ер боп өсетін
Біз бақытты баламыз.
Бойымызда бұла күш
Еркін өскен ұланбыз
Оқу білім үйреткен.
Хормен : Ұстаздарға мың алғыс !
Хор: « Мектеп ана »
15-оқушы
Бастауышым- балбұлағым ,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып , білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
16-оқушы
Өтті сенде қызық шағым ,
Бастауышым балбұлағым ,
Қоштасар күн жетті міне ,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
17-оқушы
Өсті міне , бойымыз ,
Өсті міне , ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
18-оқушы
Көрмеген артық сөйлеп , артық күліп ,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен
«Ұстаз» әнін жаңғыртып айтып тұрып.
Ән: «Ұстазым»
Жүргізуші : Достар , бүгін бізде мейрам.Бастауышты бітіріп жатырмыз.
Бір - бірлеріңе қандай тілек тілер едіңдер?
1-оқушы: Құтты болсын , құрбыжан
Алға аттаған қадамың !
Білім деп соқсын жүрегің ,
Жолыңа бестік шашамын (бестік баға шашады)
2- оқушы: Жайнаса бұл-бұл бүлдіршін.
Бір сынып тағы өрлесін.
Жайқалып тұрған көктемгі
Өмірің сенің гүл болсын ! (гүл шашады)
3-оқушы: Өмір деген сан-саналы қиыр жол,
Адаспасаң одан да аларың мол.
Ұстаз , ана, әкенің ,құрбының да
Саған досым тілейтінім тек ақ жол!
4-оқушы:Шақырып алыс арманға,
Асулар күтіп тұр алда.
Өмірге ұлы самғауға ,
Жар бола көрсін бір Алла!
Жүргізуші :
Құрметті ата-аналар , ұстаздар,
Жақсы шәкірт азамат атанады.
Халқына, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін
Ортаға шақырайық ата-ананы - деп
</<font face="Times New Roman, serif">Ата-аналарға тілек кезегін береміз.
Жүргізуші :
Бітіруші түлектер
Жүктелер бар аманат
Айтылар ізгі тілектер ,
Болмасын еш жаманат.
Би: Өзбек биі
Көркем сөз : Тұрыңыздар , келе жатыр мұғалім.
Жүргізуші :
Бастауышта оқыдық ,
Ойға білім тоқыдық.
Бұлар бізден жалындар,
Ертеңгі ірі ғалымдар.
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай ,
Аман - есен болыңдар- деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізді аяқтаймыз.