- Учителю
- Ашық сабақ 'Құстар. ҮЙ құстары. '
Ашық сабақ 'Құстар. ҮЙ құстары. '
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Құстар. Үй құстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құстар туралы түсінік беру. Олардың түрлерін таныстыру, пайдасын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушы ойын, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын,
қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға,
табиғатты сүюге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, топтық жұмыс.
Сабақтың әдісі: жобалау технологиясы, сұрақ - жауап, көрнекілік, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, құстар дауысы, суреттер, ойындар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық.
Сүйейік табиғатты, аялайық,
Бізде одан жақсылықты аямайық.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз.
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ.
- Қазір қандай мезгіл?
- Көктем.
- Көктем мезгілінде жерге сән беріп, құлпырып өсетін қандай гүлді білетін едіңдер?
- Жауқазын.
- Олай болса, көктемнің сәні жауқазын гүлінің өздеріңе ұнаған түсінен бір - бірден таңдап алайық. Гүлді көп жұлуға болмайды. Сондықтан бір - бірден алып, өз
орнымызға жайғасайық.
IV. Топқа бөлу.
I топ - ақ жауқазын
II топ - сары жауқазын
III топ - қызыл жауқазын
- Ал, балалар, орнымызға жайғасайық. Алдымызда сурет қиындысы бар, әр топ сурет қиындысын құрастырып, не шыққанын қарайық.
- Қане, ненің суреті шықты?
I топ. Тауық.
II топ. Бүркіт.
II топ. Түйеқұс.
- Қане, балалар, біздің өтетін тақырыбымыз не болмақ?
- Құстар
- Өте жақсы.
V. Құстар. Үй құстары.
I топ. Тауық туралы өз білгенімізді ортаға салайық.
II топ. Бүркіт туралы.
III топ. Түйеқұс туралы.
Балалардың пікірін тыңдап, топтарға ат қою.
I топ. Үй құстары.
II топ. Жабайы жануарлар.
III топ. Ұша алмайтын құстар
VI. Жұмбақ шешу.
1. Алшаң - алшаң басады,
Бірін - бірі көрсе қаңқылдасады. (қаз.)
2. Қық - қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді. (тауық.)
3. Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. (әтеш.)
4. Барқыттай жүні құлпырған,
Жем тілеп ылғи ұмтылған.
Тауық емес, тегі ұқсас,
Сақалы бар салпиған. (күркетауық.)
5. Судан шықса баладай,
Тәй - тәй басып қаладай. (үйрек.)
VI. Жабайы құстар.
Жабайы құстар еліміздің даласында, орманында, таулы аймақтарында, суларында да тіршілік етеді. Дүние жүзінде құстардың 8600 түрі бар, ал өз еліміз Қазақстанда 480 - ге жуық түрі бар екен. Барлық құс пайдалы. Соның ішінде ең үлкен құс - түйеқұс болса, ең кіші құс - колибри құсы екен. Түйеқұстың салмағы 100 - 150кг, бойы - 2, 5 - 3м. Африка, Австралияда кездеседі. Колибри 15 - 20г, бойы - 5, 5см. Ол Оңтүстік Америкада кездеседі.
Алайда құстар табиғатымызға көрік беріп қоймай, әсем әуенімен де сымбатты.
Сергіту сәті
Қуыр - қуыр - қуырмаш,
Тауықтарға бидай шаш.
Әжең келсе, есік аш,
Қасқыр келсе, мықтап қаш.
Дәптермен жұмыс
Суреттер бойынша дала құсы мен үй құсын ажыратып жазу
Шығармашылық тапсырма
І-топ Тірек сөздерден өлең жазу (құстар,шықылықтап, сайрайды,досымыз,біздің, жем, ұя, жасап, шашамыз)
ІІ- топ Құстардың суретін салу
ІІІ- топ «Құстар біздің досымыз» эссе жазу
VІІ.Қорытынды:
-Құстар туралы жалпы не білеміз? (Тақтада құстың суреті ілулі)
Адамға дос пайдалы зиянды құрттарды жояды
ән салады Құстар егінге пайдалы
Бау-бақша,ағаштарды қорғайды Сән береді
Оқушылар тақтаға шығып жазады.
Сұрақ-жауап:
- Жақсы, ал құстар қай жерде мекендейді?
-Құстар орманда, далада мекендейді.
- Құстар ұясын қай жерде жасайды?
-Құстар ұясын ағаштың басына, шөптердің арасына, тастардың қуысына жасайды.
-Құстар бізге қандай пайда келтіреді?
-Құстар құрт-құмырсқаны жеп, ормандағы ағаштарға, егістік жерлерге көп пайда келтіреді.
-Біздің құстарға қандай көмек жасауымыз қажет?
-Құстарға ұя жасап, жем-су беріп, қамқорлық жасауымыз керек.
Үйге тапсырма «Үй құстары.Құстар» мазмұнын айту және бүктеме жасау.
Оқушыларды бағалау.
№35 орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Үй құстары. Құстар
Класы : 1 «А»
Мұғалімі: Сыдықова А.С
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: « Үй құстары»
1. Білімділік мақсаты: Үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Тауық, үйрек, қазды айыра білу, балапан мен шөжені айыра білу. Сыртқы түрі, мекені, қорегі. Адамға пайдасы.
2. Түзеу мақсаты: Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру, дұрыс, толық жауап беруге дағдыландыру, салыстыру, үй құстарын дала құстарынан айыра білу.
3. Тәрбиелік мақсаты, Үй құстарына, жабайы құстарға деген қамқорлық сезімдерін ояту, күту, баптау туралы түсінік беру.
Көрнекіліктер: Компьютер, слайд «Құстардың пайдасы», құстардың суреттері, туралған көк шөп, бидай, тары, қарақұмық, қосымша әдебиет «Қазақтың халық ертегісі»
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, қазір қандай сабақ?
- Айналамен таныстыру.
- Нешінші сабақ?
- Екінші сабақ.
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сәрсенбі. Аптаның үшінші күні.
- Жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
2. Психологиялық сәт.
Мұғалім оқушыларды тақтаның алдына шақырады. Дөңгеленіп қол ұстасып тұрады.
Мұғалім «Мен мейірімді адамын» дейді.
Ал, сен қандай баласың деп әр баладан кезек - кезек сұрайды. Балалар «Мен ақылдымын, тәртіптімін, әдептімін, жақсымын, әдемімін, тіл алғышпын»- деп жауап береді.
- Міне, тамаша, қандай жақсы балалар, орындарыңа отырыңдар. Сабақ үстінде өздеріңнің дәл осындай тәртіпті, ақылды екендеріңді көрсетуге тырысыңдар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
- Суреттерде не бейнеленген? Тауық, қаз, үйрек, қораз.
Бәрін бір сөзбен айтыңдар.
- Мен қазір жұмбақ айтамын, сендер шешуін айтыңдар.
1. Дүниеде бір молда
Уағында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап
Қайтіп кеп жер шоқиды.
(Қораз)
2. Басында айдары, иекте сақалы бар.
Үстінде күжірейген тоны бар
(Күрке тауық)
3. Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап.
(Балапан)
4. Қық - қық етеді,
Кезіп жүріп көшені,
Жата қалса орнына
Ақ доп тастап кетеді.
(Тауық)
5. Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.(Қаз)
Суға түссе балықтай
Жүзе берер жалықпай
(Үйрек)
Тауық, қаз, үйрек, күркетауық - бұлар үй құстары. Адамдар оларды асырып күтеді. Себебі, адамдар олардың еті мен жұмыртқасын тамаққа пайдаланса, құстың жүні мен мамығын жастық, көрпе, күртеше жасайды. Үй құстары жәндіктермен, жем, тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Адамдар оларға арнап қора салады. Оны тауық қора деп атайды. Жылы қорада үй құстарына қорқынышты емес.
5. Слайд « Құстардың пайдасы»
6. Поэзия минуты.
Екі оқушы жаттаған тақпағын айтады.
Оятпа қораз сен бізді,
Өзімде сездім таң атты.
Сенсіз - ақ білем мезгілді
Танимын енді сағатты.
Тауық тары жинапты
Оны ешкімге қимапты.
Бөтегесін толтырып
Қамбасына құймапты.
7. Карташамен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
2 - 3 деңгейдің оқушылары 6 құстың ішінен, 4 - деңгейдің оқушылары 2 құстың ішінен үй құсын белгілеу.
8. Көрмемен жұмыс. / Ыдыстарға туралған көк шөп, бидай, тары, қарақұмық салынып қойылған/
- Мынау не?
- Бұл бидай.
- Мынау не?
- Бұл тары.
- Мынау не?
- Бұл көк шөп.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, қалай ойлайсыңдар бұл ненің азығы?
- Бұл құстардың, олардың балапанының қорегі.
- Адамдар оларды күтіп, баптайды, мәпелеп өсіреді, сондықтан оларды үй құстары дейміз.
9. Сергіту сәті.
Қуыр - қуыр - қуырмаш,
Тауықтарға бидай шаш.
Әжең келсе, есік аш,
Қасқыр келсе, мықтап қаш.
10. Суретпен жұмыс. « Құстардың күтімі туралы»
2 - 3 деңгейдің оқушылары жауап береді.
4 - деңгей қайталайды.
11. Ойын «Анасын тап»
Балапандардан шөжені айыра білу.
Бір қатарда балапандар, екінші қатарға шөжелердің суреттерін таратып, әрқайсы өз анасының жанына келіп тұру. / Үлкен етіп салынған тауық пен қаздың суреттерінің жанына/
12. Қосымша әдебиетпен жұмыс. «Екі әтеш» ертегісін мұғалім оқып береді.
- Балалар неге ертегі «Екі әтеш» деп аталған?
- Әтештердің қылығы дұрыс па?
- Сендердің араларыңда осындай қиқар балалар бар ма?
Бақылау күнделігімен жұмыс.
Шұбар тауыққа шөжелерін тауып бер.
Санау. Түрлі - түстерді қайталау.
2 - деңгей. Суретті түгел бояу.
3 - деңгей. Шөжелерді санап, бояу.
4 - деңгей. Шөжелерді бояу.
13. Қорытындылау.
- Сонымен, біз бүгін қандай құстармен таныстық?
Неге оларды үй құстары дейміз?
Айырмашылықтарын айтайық.
Ұқсастықтарын айтайық
Пайдасын айтайық
- Балалар құстар көп болып өсуі үшін не істеу керек?
- Құстарды күту керек. Уақытында суару, жем - шөп беру.
14. Бағалау.
15. Үй тапсырмасы «Үй құстары» мәтінін оқып келу.