7


  • Учителю
  • Апамның астауы сабақ жоспары

Апамның астауы сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өткізген: Жомартова Мейрамкүл

Пәні: Ана тілі

Сыныбы:4

Тақырыбы: Апамның астауы. Оралхан Бөкей.

Мақсаты: Оқушыны Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; баланың анаға деген сүйіспеншілігін, мейірімін сезінуге баулу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. . Ақын нені ұмытпаспын дейді? Неге тозбайтын асыл сөз? Мыңдаған ақын сен туралы жазса да тауыса алар ма екен? - деп не жайлы айтады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өлең жолдарында қазақ тілінің байлығы мен ұлылығы туралы ақын не дейді? Өлеңнің соңғы жолдары бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты әңгімесін оқи отырып, әр баланың асылы «апасы» жайлы әңгімелеу. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Сөздік жұмыс. Келі - тары, бидай, т.б. дәнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын ағаштан жасалған құрал. Астау - ағаштан ойылып жасалған ас салатын ыдыс. Әңгімешінің (автордың) балалық шақта ойнаған ойындары қандай екен? Әңгімені оқып отырып, Апаны көз алдына қалай елестеттің?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Әңгімешінің Апасына берген мінездемесіне және мына үлгілік сызбаға сүйеніп, Қандай? Сұрағына жауаптар жаз. 1.

Қандай?



Арық ашаң кемпір

Тарамысты мықты саусақтар

Тыртықтанған әдемі ажар

Қара бұйра шаш

  1. Жазушының апасын сағынған,аңсаған сезімі айтылатын жолдарды тауып, дәптеріңе жаз. (Дүние жүзінде апамның қойнынан аңқып шығар әжелік иістен жағымды не бар екен жалғанда! Бұл жалғанда қас қарая ...)

ҮІІ. Қорыту. Үйден алыста болсаң, өз анаңды немесе әжеңді сағынған кезде не деп хат жазар едің? Хат жазып көр.







ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу, хат жазу. 2. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал