- Учителю
- Сыныптан тыс жұмыс Егіздер сайысы
Сыныптан тыс жұмыс Егіздер сайысы
Сыныбы: 3 «Б» Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер.
Сабақтың мақсаты:
-
Өсімдіктердің көп түрлілігі, олардың қоршаған ортадағы тіршілік жағдайларына бейімділігі туралы білімін қалыптастыру, өсімдіктердің сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерін ажырата алуға үйрету.
-
Оқушы дүниетанымын дамыту,қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын, тіл байлықтарын молайту.
-
Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
-
Өсімдіктердің көп түрлілігі, олардың қоршаған ортадағы тіршілік жағдайларына бейімділігін біледі, өсімдіктердің сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерін ажырата алады.
-
Оқушы дүниетанымы ,қызығушылығы дамиды, сөздік қорлары тіл байлықтары артады.
-
Қоршаған ортаны қорғауға үйренеді.
7 модульдің қолданылуы: «АКТ» , «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» «Оқытуды басқару және көшбасшылық».
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Миға шабуыл, топтастыру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: маркерлер, плакаттар, стикерлер, ноутбук, гербарилер, өсімдіктердің түрлері.
Ұйымдастыру кезеңі
-
Шаттық шеңбері
-
Мозайка,гүлдердің суретін құрастыру арқылы топқа бөлу.
Гүлдің сабағы жағын алған оқушыны сол топтың көшбасшысы етіп сайлау.
1 топ : Өгейшөп
2 топ: Раушан
3 топ: Қоңыраугүл
Көшбасшыларды бағалау ережесімен таныстыру.
5 түйіршек-5
4 түйіршек-4
3түйіршек-3
Көшбасшыларға ескертпе:
1сұраққа жауап берсе 1 түйіршек шекілдеуік береді.
Үй тапсырмасын сұрау.
Миға шабуыл.
Күнбағыс жапырақтарының артына жазылған сұрақтарға жауап алу.
-
Өсімдік өсіп жетілуі үшін не қажет? ( ылғал, ауа, жарық, қорек)
-
Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар
( Бидай)
-
Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата: (қоңырбас, бақбақ, шалғындық беде)
-
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата: (жүзгін, жантақ, сексеуіл, сүттіген)
-
Жылу сүйгіш өсімдіктерді ата: ( жүгері, мақта, күріш, асқабақ, қияр)
-
Суыққа төзімді өсімдіктерді ата: (арпа, бидай, сұлы)
-
Жылу сүйгіш өсімдіктер неше градуста өсіп өнеді?
-
Жылу сүйгіш өсімдіктерді қай айда отырғызады?
Үй тапсырмасын бекіту.
Өсімдіктерді суреттері арқылы топтастырып жапсыру.
Қоңырбас Бақбақ
Ылғал сүйгіш өсімдіктер
Шалғындық беде
Жүзгін
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Сексеуіл Сүттіген
Жантақ
Жылу сүйгіш өсімдіктер
жүгері қияр
мақта күріш асқабақ
Суыққа төзімді өсімдіктер
сұлы
арпа бидай
Ылғал сүйгіш Құрғақшылыққа төзімді
Өсімдіктер
Жылу сүйгіш Суыққа төзімді
Жарық сүйгіш Көлеңкеге төзімді
Жаңа сабақ. Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер.
Жарық сүйгіш өсімдіктер
мақта жолжелкен
Жүгері өгейшөп қоңыраугүл
Көлеңкеге төзімді өсімдіктер қазтабан
Әйкен қырыққұлақ қырлышөп саумалдық
Әр топқа тапсырмалар:
Өгейшөп тобына: Жарық сүйгіш өсімдіктер: мақта, қоңыраугүл, жолжелкен туралы ғаламтордан алынған мағлұматтарды оқып айту.
Раушангүл тобына: Көлеңкеге төзімді өсімдіктер: әйкен, қазтабан туралы ғаламтордан алынған мағлұматтарды оқып айту.
Қоңыраугүл тобына: Жарық сүйгіш, көлеңкеге төзімді өсімдіктер Қазақстанның қай өңірінде кездесетінін картадан тауып өсімдіктерді жапсыру.
Дәптермен жұмыс.
Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктерді жаздыру.
Жарық сүйгіш өсімдіктер
мақта жолжелкен
Жүгері өгейшөп қоңыраубас
Көлеңкеге төзімді өсімдіктер қазтабан
Әйкен қырыққұлақ қырлышөп саумалдық
Сергіту сәті: Күннің көзін сүйеміз
Күнге басымызды иеміз
Күннің көзі болмаса
Бұғып қана өсеміз
«Көңілді күн» Интербелсенді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.
Жаңа сабақты қорытындылау, сұрақ-жауап:
-
Жарық сүйгіш өсімдіктер қай өңірлерде көп өседі?
-
Мақтаның биіктігі қанша?
-
Өгейшөптің қандай емдік қасиеті бар?
-
Жарық сүйгіш өсімдіктерді ата:
-
Көлеңкеге төзімді өсімдіктерді ата:
-
Жарық сүйгіш өсімдіктер деп не үшін аталады?
-
Көлеңкеге төзімді өсімдіктер деп не үшін аталады?
-
Қазтабан гүлінің қандай емдік қасиеті бар?
Үйге тапсырма: Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер туралы мағлұмат іздеу суреттерін салып келу.
Бағалау. Шекілдеуік түйіршектерін санап оқушыларды бағалау.
Сабаққа рефлексия
Мен дүниетану пәнінен «Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер» тақырыбында ашық сабақ өттім. Сыныпты өсімдіктердің суреттерін құрастыру арқылы үш топқа бөлдім.
</<font face="Times New Roman, serif">1 топ : Өгейшөп , 2 топ: Раушан , 3 топ: Қоңыраугүл. Гүлдің сабағы жағын алған оқушыны сол топтың көшбасшысы етіп сайладым. Сабақ жақсы қызықты өтуі үшін сыныптың алтын ережесін еске түсіріп айтып өттік: 1) Тәртіп,тазалық. 2) Зейін қою.3) Ойын ашық айту. 4) Белсенді қатысу. 5) Әділ бағалау. 6) Ұйымшыл болу. Топ басшыларын бағалау ережесімен таныстырдым: Топ мүшелерінің біреуі бір сұраққа жауап берсе шекілдеуіктің бір түйірін беріп отырады, сабақ соңында шекілдеуік түйіршектерін санап, 5 түйіршек -5деп, 5-4 түйіршек 4-деп, 3 түйіршек 3-деп бағаланады. Үй тапсырмасы: Жылу сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктерге топтастыру жасата отырып, жаңа сабақпен үй тапсырмасын байланыстыра отырып күнбағыс жапырақтарының артында жасырылған сұрақтарға жауап алып, тапсырмаларды орындатқыздым. Жапырақтардың артындағы сұрақтарға жауап бере отырып, тапсырмаларды орындатқыза отырып күнбағыс бейнесін құрастырдық. Күнбағыс қандай өсімдік екендігін сұрадым.(Жарық сүйгіш). Ендеше жаңа сабақтың тақырыбы : «Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер». Слайдта берілген топтастыру арқылы жаңа сабақты түсіндірдім. Үш топқа тапсырмалар бердім: Өгейшөп тобына: Жарық сүйгіш өсімдіктер: мақта, қоңыраугүл, жолжелкен туралы ғаламтордан алынған мағлұматтарды таратып бердім, топ оқушылары оқып бір-бірімен талқылап ойларын айтты. Раушангүл тобана: Көлеңкеге төзімді өсімдіктер: әйкен, қазтабан туралы ғаламтордан алынған мағлұматтарды таратып бердім. Топ мүшелері берілген мағлұматты толығымен оқып бір -біріне айтып түсіндіріп, олардың емдік қасиеттері туралы айтып, қандай ауруларға ем болатындығын айтып берді. Қоңыраугүл тобына: Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер Қазақстанның қай өңірлерінде кездесетінін картадан тауып өсімдіктерді жабыстырды.