- Учителю
- Сабан туралы түсінік. Сабаннан жасалатын жұмыс түрлері
Сабан туралы түсінік. Сабаннан жасалатын жұмыс түрлері
Автор публикации: Сейтбекова Г.К.
Дата публикации: 09.01.2016
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
Еңбекке баулу |
|
|
Сабақтың тақырыбы | Сабан туралы түсінік.Сабаннан жасалатын жұмыс түрлері |
Сабақтың жалпы мақсаты | 1.) Оқушыларды қолданбалы өнер түрлерімен таныстырып сурет жасауды үйрету және олардың жеке басының қабілетіне байланысты шеберлігін арттыру. 2.) Оқушыларды қолданбалы өнер туралы білімдерін байытып, оларды еңбек сабағына қызықтырып, еңбекке деген ынтасын арттыру және олардың ой - қиялдарын дамыту. 3.) Оқушыларды әр түрлі халық өнерін бағалауға, сыйлауға, жұмысты таза, ұқыпты істеуге тәрбиелеу. |
Көрнекіліктер | сабаннан жасалған суреттер |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Би «Қаражорға» |
Топқа бөлу | Карта
|
Үй тапсырмасы | Тест сұрақтары |
Қызығушылықты ояту | Оқушыға сұрақ: Өнер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? Сіздер қазақтың қолданбалы өнердің түрлерімен таныссыздар (оқушылар бірге кітап көрсетіп еске түсіру.) Олар: - кестелеу, - оюлап өрнектеу - киіз басу - сырмақ сыру - кілем - алаша тоқу - сүйек мүсіндеу - зергерлік - ағаш ою - тас қашау - теріден бұйымдар жасау т. с. с. Сабаннан сурет жасаудың технологиялық тізбесі 1. Сабанның бұнақтарын кесіп алады 2. Сабанның тақияларын 1 - 1, 5 суға қайнатады 3. Қайнатылған таяқтарды тіліп үтіктейді 4. Таяқшаларды ПВА қолданып жұқа қағазға желімдеп, қайтадан үтіктейді 5. Суретті ақ және түсті қағаздарға түсіріп алады |
Жаңа сабақ Жұмысқа кірісер алдында қауіпсіздік жұмыс ережелерін еске түсіреді. - қайшыны қалай беру керек? - қайшыны қалай қолданады? - үтікпен қалай жұмыс жасайды? - жұмыс орнын қалай ұйымдастыру керек? - адам алдында қайшы қалай жату керек? Сарамандық жұмыс: - Қазақ халқында бір өнер түрі болмаған ол - бейнелеу. Не үшін? (Дін иелері тыйым салған) - Әрине, қолданбалы өнер басқа елде де бар әр халықты өзінің ұлттық мәдениетіне, өміріне, тұрмыстық жағдайына тән қолданбалы өнер түрлері бар. Халық шеберлерінің таңқаларлық тамаша шығармалары өте көп, олардың асқан дарынды, үлкен өнер иелері болғаны анық. Ол шеберлер ғасырлар бойы үй тұрмысында қолданылатын әр түрлі бұйымдар жасап, оларды көркемдеп сәндеумен болған. Қиялға бай, үлкен талғаммен өрнектеліп істелінген сол бұйымдардың әдемілігіне, шебер жасалғанына қазір де қарап көз тоймайды (суреттерді көрсету - солар арасында Гжель, Хохлома...) Мысалы, тәжік кілемдері, әзірбайжан кестелері, кубачи күміс ыдыстары, Гжельдің форфор бұйымдары, Палехтің кішкентай суреттері, т. с. с. бүкіл әлемге белгілі. Осындай қолданбалы өнердің бір түрі - сабаннан сурет жасау.
|
Ой толғаныс | Сабаннан сурет жасаудың әр түрлі әдісі бар. Қазір үйренетін әдіс - ең қиыны - күрделі сурет жасауға мүмкіндік береді. Сабаннан сурет жасаудың технологиялық тізбесі: Бидай пісіру 7 - 10 күн қалғанда сабанды орып алады |
Үйге тапсырма беру. | Сабан бұтақтарын дайындау |
Бағалау | Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою. |
Кері байланыс | Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер |