7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс жұмыс: 'Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар' 2 сынып

Сыныптан тыс жұмыс: 'Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар' 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Мақсаты: Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру. Еркін сөйлеу, терең ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, салт - дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

«Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ, Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - деп халқымыз бекер айтпаған. Шоқан Уалиханов атамыз айтқандай «Халықтық кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім қажет» - дегендей бүгін мектебімізде 2 сыныптар арасында өткелі отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты білімділер сайысымызды бастаймыз.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма

Біліммен өнер жарысып,

Тәрбие тәлім табар ма

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға сол алда.

Сайысқа қатысушылармен таныс болыңыздар.

1.2«А» Нұрмат Диас

2.2«Ә» Жандос Ләйлім

3.2«Б» Мәденқызы Камила

4.2«Е» Сайлаубай Нұрдана

5.2«Г» Сәрсебек Ерзат

6.2«Д» Рахматулла Мөлдір

7.2«И» Мусабек Ерзат

8.2«Ж» Рахымбердина Аянұр

9.2«В»

10.2«З»

Ойынның әділ бағасын беретін әділ қазыларды сайлап алайық.

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Қатты білім,терең ой саналады.

Баға берер әділ қазы ортамызда,

Сіздерге құрметпенен қол соғады.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл мықты,

Білім мен тапқырлардың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

1.

2.

3.

Сайыскерлер бүгінгі ойынымыз 5 кезеңнен тұрады.Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.

1- кезең «Мәнерлеп оқу»

2-кезең «Тапқыр болсаң,тауып көр»

3-кезең «Бәйге»

4-кезеңт «Мың бір мақал»

5-кезең «Жас қалам»

Сайыскерлер дайын болса ,сайысымызды бастайық.

Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиынынан қиыстырар ер данасы,- демекші

1-кезең «Мәнерлеп оқу»

Оқушылар өздерінің үйден дайындап келген «Отан», «Туған жер»,Тіл туралы» өлең,тақпақтарын айтады. Дауыс ырғағымен,мәнеріне көңіл аударады.Айтқан өлеңдерінің авторларымен тақырыбынан бастайды.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

2-кезең «Тапқыр болсаң,тауып көр»

Қазақ тілі,әдебиеттік оқу пәндері бойынша сұрақ-жауап.

1.Ұяң дауыссыздарды ата

2.Ахмет Байтұрсыновтың туылған жері,ол кісі туралы не білесің?

1.Мәтін дегеніміз не?

2.Ертегінің түрлерін ата

1.Қатаң дауыссыздарды ата?

2.Шоқан туралы көп жазған жазушы?

1.Үнді дауыссыздарды ата?

2.Бес жаман істі ата?Авторы кім?

1.Сөйлем дегеніміз не?Қандай тыныс белгілер қойылады?

2.Төрт түлік малды ата?Олардың пірлерін ата?

1.Буын,тасымал дегеніміз не?

2.Аңыз дегеніміз не?Аңыздағы кейіпкерлерді ата?

1.Мәтін неше бөліктен тұрады?

2. «Аты жаманның арманы кетер,

Баласы жаманның дәрмені кетер»-қай бидің сөзі?

1.Сөз неден қүралады?Сөйлем ше?

2. «Сүймесе зердесіз сүймес,жүрегі шерсіз,тілеуі бөлек, жетесіз сүймес»қай мәтіннен үзінді?

1.Сөздерді буынға бөл, қауын,жаңалық,қайық.

2.Ата-енең қартайса-

Тіреу болар бұл оқу,

Қартайғанда мал тайса-

Сүйеу болар бұл оқу-қай өлеңнен үзінді?

1.У дыбысы қандай дыбыс?Қай кезде жуан,қай кезде жіңішке айтылады?

2.Жалы жібектей,

Саны білектей-өлең жолдары қай малға арналған?

Сергіту сәті:

3-кезең «Бәйге»

Бұл кезеңде интерактивтік тақта арқылы суреттер беріледі.»Қазақтың салт дәстүрлері»,»Қазақтың ұлттық ойындары».Әр оқушы сурет бойынша сөйлейді.

Асық ату Тұсау кесу

Теңге ілу Бесікке салу

Көкпар тарту Бет ашар

Қыз қуу Сүндетке отырғызу

Арқан тарту Қырқынан шығару

4-кезең «Мың бір мақал»

Бұл кезеңнің шарты оқушылардың алдарына мақал-мәтелдер жазылған парақшаларды тастаймын. Әр парақшада 5 мақалдан берілген. Мақалдарды оқи отырып сәйкестендіреді.

1.Ердің көркі елімен, Отпен ойнама күйерсің.

2.Өнерлінің қолы алтын, Тіл кеспек жоқ.

3.Сумен ойнама батарсың, Арың үшін алыссаң өлмейсін.

4.Отан үшін отқа түс күймейсің, Отан көркі елімен.

5.Бас кеспек болсада, Өлеңшінің сазы алтын.

5-кезең «Жас қалам»

Бұл кезеңде мәтіннің түрлері: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндеріне 5-6 сөйлем жазады. Хатты таңдау арқылы қандай мәтіннің түрін жазатындығы шығады.

Әңгімелеу: «Біздің сынып»

«Менің досым»

«Біздің отбасымыз»

«Әдепті бала»

Сипаттау: «Шырша»

«Түлкі»

«Алма»

«Аққу»

Пайымдау: «Қоян»

«Құмырсқа»

Қорытынды: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сайысымыздың жеңімпаздары анықталады.

Арнайы мақтау қағаздары беріледі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал