7


  • Учителю
  • Тіл дамыту 'Бір уыс мақта' даярлық сыныбы

Тіл дамыту 'Бір уыс мақта' даярлық сыныбы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Нұн Жұбаев орта мектебі



Тіл дамыту



Тақырыбы: Ы. Алтынсарин " Бір уыс мақта "



дайындаған: Джумагалиева Н.

Шетпе-2015жыл



Бекітемін: Нұрсәуле

Өткізген күні: 27.02.2015ж

Білім беру саласы: Қатнас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Бір уыс мақта Ы. Алтынсарин.

Мақсаты:

Білімділігі: Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнерәне келтіріп мазмұндап айта білуге үйрету, Дамытушылығы: есте сақтау қабілетін , ой-өрісін, тілін дамыту.

Тәрбиелігі: Бірігіп жұмыс істеуге, бірінің пікірін бір зер салып тыңдауға, табиғатты сүюге, оларды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.

Сабақтың әдісі: Көрсету,әңгімелеу, саусақпен жаттығу,сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Сауат ашу

Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсаринның портреті,әңгіме мазмұнына салынған сюжеттік сурет

Сөздік жұмыс: педагог, немере қыз.

Оқу іс-ірекетінің барысы:

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Түгендеу

Орналасу

Кіріспе бөлім

а)Балаларға таныс ертегі, әңгімелерден үзінді оқу. Балалар ертегі,әңгімелердің қалай аталатынын тауып айту.

б)Балалардан еңбек туралы қандай әңгіме, ертегі білетіндерін сұрау. Содан соң Ы. Алтынсаринның "Бір уыс мақта "әңгімесін оқып беріп, оның еңбек туралы екенін хабарлау.

Негізгі бөлім:

a) Ыбырай Алтынсарин туралы қысқаша мағлұмат беру.

б) "Бір уыс мақта " әңгімесін оқу. Шопан мақтаның қиқымы, мамық сөздеріне сөздік жұмыс жүргізу.



Шопан- астарына жүн мақта салып сырып тігілген сырт киім.

Қиқым-бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы Мақтаның қиқымы.

Мамық- құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.

Әңгіменің мазмұнына байланысты төмендегі үлгідегідей сұрақтарға жауап беру.

-Үйде анасы мен қызы не істеп отыр еді?

-Қыз артылып қалған бір уыс мақтаны не істеді?

-Мақтаны не іліп алып кетті?

-Торғайға мақта не үшін қажет болды?

Балалар жауап береді.

Сергіту сәтін өткізу

Қырға шықсаң еңбек.

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

Бірнеше балаға әңгіменің мазмұнын айтқызып, тәрбиелік мәнін ашқызу. Балаларға еңбек ету және ысырапшылдыққа жол бермеу керектігі түсіндіру.

б) " Ұйқасын тап" дидақтикалық ойыны.Өлеңді дауыстап оқу, балалар " торғайды" деген сөзді тауып айтады.

в) Жаңылтпаш жаттау. Жаңылпашты жылдам айтқызу арқылы балалардың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді шапшаң және дұрыс айтуға үйрету.

Қорытындылау.

а) " Бір уыс мақта" әңгімесінің мазмұнын айтқызу.

б) Әңгіменің тәрбиелік мәніне тоқтала келе, сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Ерекшеленген балаларды атау, мадақтау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал