7


  • Учителю
  • ДОКЛАД Бастауыш сыныптардағы жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында

ДОКЛАД Бастауыш сыныптардағы жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

« Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №36 жалпы

білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

































































Бастауыш сынып мұғалімі: Айтаханова Бибигул Тохановна









«Білім негізі - бастауышта» демекші, білім берудің алғашқы сатысы - бастауыш білім. Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетінше шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс істегенде ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік бар. В.Г.Белинскидің: «...ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр» - деген сөзі бар. Себебі , ұстаз болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де жан - жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі.

Сондықтан да, «ҚР -да орта білім мазмұнын жаңарту аясында мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру» курстары өткізілді. Жаңар тылған білім беру бағдарламасына кіріспе тақырыбында :

-Оқушыларды болашақ өмірдегі қиындықтарды еңсере білуге дайындау; Қазақстан жоғары сапалы білім беру саласында жетекші елдердің біріне айналуға ұмтылады;

-Нәтижелерге негізделген білім беру бағдарламасы;

- Педагогикалық тәсілдер;

- Бағалау моделі болып табылады.

Бұл курс мақсаттары:

  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім беру реформасын қолдау;

  • 2016жылғы қыркүйектен бастап бастауыш 1 сынып бағдарламасына жаңа білім беру бағдарламасын енгізу;

  • Орта мектептің бастауыш сыныптарында және негізгі пәндерге арналған жаңа білім беру бағдарламасына жаңа критериалды бағалау моделін енгізу;

Сонымен қатар курстың жалпы мақсаты:

  • Жаңартылған білім беру бағдарламасының табысты іске асырылуына көмектесу;

  • Мұғалімдердің жаңа білім беру бағдарламасымен танысуын қамтамасыз ету;

  • Мұғалімдерді жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуға дайындау;

Ал тілдік қолдауды қамтамасыз ету үшін: Пәнге тән терминологияны енгізіп және қолданып, оқушыларды төрт дағдының барлығын белсенді пайдалануға ынталандыру керек. Ол дағдылар: Оқылым - жазылым - айтылым - тыңдалым.

Сабақтағы қалыптастырушы бағалау -- мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалауы ( нәтижесі баға ретінде тіркелмейді).

Бағалау критерийі - білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме.

Дискриптор - оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.

Тапсырма - оқушының құзыреттілік деңгейін (пәндік, тілдік ж\е т.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.

Кері байланыс - қандай да бір жағдайға немесе әрекетке арналған жауап, пікір.

Сабақтың соңында мұғалімдерге қалыптастырушы бағалауға байланысты алынған тәжірибені қалай таратуға болатыны жөнінде талқылауға тапсырма беріледі.

Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының маңызды қағидаты білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады. Ол оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы (Джером Брунер) моделіне негізделген. Оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқанда зерделенген материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжырым жатыр.Спиральді білім берудің негізгі ерекшелігі : әрбір қайталанып оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады; оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады; спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді; оқушыларды соңғы оқу мақсатына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады. Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларындағы өзгерістер: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады. Коммуникативті оқыту ұстанымы: тілдік дағдыларды дамыту. Төрт дағдыны ескере отырып Ж. Аймауытовтың «..бала әуелі тәжірибеге талпынып , нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін» деген сөзін еріксіз еске түсіреді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал