- Учителю
- Конспект на тему '5 санын қосу және азайту'
Конспект на тему '5 санын қосу және азайту'
Матемтика 1 класс «Алматыкітап»
Тақырыбы: 5 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:.Санын қосу және азайту тәсілдері жайлы
білімдерін бекітуқосу компоненттерін пайдалана отырып,
қосу және азайту амалына өрнек құрастыру
Сабақтың міндеттері:. 1.Өз бетінше орындауға арналған жаттығуды орындау
2.Оқушылар логикалық тапсырмаларды дұрыс
Орындауға, нәтижеге жету тәсілдерін
пайдалана отырып, логикалық және ойлау қабілеттерін
дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, бір-бірін
сыйлауға , аңдарды қорғау, оларға көмек
көрсету,еңбексүйгіштікке , адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың турі: аралас сабақ, орманға саяхат
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік әдісі, интеллектуалдық ойын,
Сабақтың көрнекілігі: суреттер ( айырмашылығын табуға), логикалық
карточкалар беру
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық. «Ақ тілек. Әсем күлкі»
- Көңіл-күйлеріңіз қалай? - Ынтаңыз ше?
- Керемет! (Қолдарын көтереді) - Ғажап! (қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай? - Ендеше бастайық.
- Тамаша! (алақандарын шапалақтайды) - О-О-О! (бас бармақтарын көтереді)
1.Қызығушылығын ояту. Балалар бүгінгі сабақта «Ертегілер елініндегі кейіпкерлер бүгін біздің сабаққа қыдырып келіпті,олардың біздерге тапсырмалар ала келіпті,олардың тапсырмаларын орындасақ олар біздерді мақтап кетеді,тпасырманы орындаймыз ба?»
Жұмбақ шешіп алайық .
2. Бірінші болып бізге қасқыр келіп тұр .Саламатсыздар ма балалар мен сіздерге тапсырмам бар орындайсыңдар ма?Ол мынандай тапсырма.
1 тапсырма. Ауызша есептеу. Кел, ойнайық! Құлпынай теріп алайық.
2тапсырма . Көршілерін ата:
5 5
5 5
5 5
3 Жаңа сабақ. 5 санын қосу және азайту.
Көркем жазу 5 5 5 5 5 5 5 5 5 санын жазу.
Қысқа қармен ағарып,
Жазда жермен сұрланып.
Сұқ көздерден жоғалып,
Жүреді ылғы ұрланып. (Қоян.)
Енді қоянның тапсырмасын орындайық.
3
4
5
2
10
9
8
7
6
1
-5
+5
Арыстанды алдаған, тауықтарды жалмаған.
Өзі қу,суайт бұл қай аң? (Түлкі)
Енді түлкінің тапсырмасын орындайық
Оқулықпен жұмыс.
№ 2 - тапсырма Кестені жазу және жаттау.
1+5=6 6-5=1
2+5=7 3+5=8 8-5=3 7-5=2
Қорбаң,қорбаң етеді,
Балды жақсы көреді ( Аю )
Аюдың тапсырмасын орындайық
Өз бетімен жұмыс № 3
Отырды-9
Ұшып кетті- 5
Қалды -?
9-5=4
ЖАУАБЫ: 4 торғай
4. Сергіту сәті. Қорбаңдаған аюдың, Теріп-теріп алайық.
Құлпынайы көп екен. Қалтамызға салайық.
5.Күшіктің тапсырмасы.
Оқулықпен жұмыс. Қай жол артық?
КӨБЕЛЕКТЕРДІҢ ҚАЙ ЖОЛЫ АРТЫҚ.
6.Атайдың тапсырмасы .Ойлан , тап:
Оқулықтағы шығармашылық тапсырманы орындау.
Бірдей екі түймені табу. Олардың тесігіне, сызықтарына қарай ажырату.
.
7.Әженің тапсырмасы: 5 айырмашылығын тап
8.Атайдың тапсырмасы .Ойлан , тап:
Оқулықтағы шығармашылық тапсырманы орындау.
Бірдей екі түймені табу. Олардың тесігіне, сызықтарына қарай ажырату.
9. Сабақты қорытындылау. «Орамал тастамақ » ойыны арқылы, әр оқушыға ормал тастай отырып есептер беру арқылы сабақты қортындылау
1) 1+5 6 ) 9-5
2) 2+5 7) 8-5
3) 3+5 8 ) 7-5
4) 4+5 9 ) 6-5
5) 5+5 10 ) 5-5
Міне, балалар біздер ертегілер кейіпкерлерінің тарсырмаларымен орындадық.Рақмет!
10 .Үйге: № 4
11. Стикерлер арқылы бағалау. Мадақтау