7


  • Учителю
  • Бастауыш класта сауатты жазуға үйрету.

Бастауыш класта сауатты жазуға үйрету.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бастауыш класта сауатты жазуға үйрету.



Оқушының дұрыс,қатесіз,сауатты жаза білуі бастауыш кластан қалыптасады.Әріптерді бір-бірімен дұрыс қоса білу,жеке буынды жаза білу,бір буынды сөзді тұтас жаза білу,жеке сөздердің бір-бірімен арақашықтығын дұрыс сақтап,бөлек жаза білу тәрізді компоненттерден дұрыс дағды қалыптаструы керек.Оқу,жазу дағдыларының осындай құрамды бөліктерін оқушы дұрыс меңгермесе,бұл қателіктерді мұғалім дер кезінде ескермесе,мұндай кемшіліктер жиналып,орта буынға барғанда оқушының пәндерден үлгеріміне кері әсерін тигізеді.Сабақ барысында материалды есте ұзақ сақтаудың басты тәсілі- саналы түсініп,дұрыс оқи білу мен сауатты жаза білу.Ол үшін оқушының білетін сөздерін оқтын-оқтын қайталап,оларды есте жаңғыртуға көмектесетін жаттығулардың жиі жүргізілуі қажет.Өтілетін оқу материалын тек грамматикалық,теориялық ереже деп біліп ,құр жаттап алудан беретін пайдасы аз.Оны жұмысты орындау барысында қолдана білуге үйрету керек.Егер қандайда бір сөз және оған жалғанған қосымша (мысалы:қойлар)басқаша болмай неге осылай жазылғанын оқушы дәлдеп бере алса немесе дәл сол жағдайдағы сұрақтарға анық жауап бере алса ,онда ол ережені жақсы меңгерген деуге болады.Ал ережені жатқа біліп,оның жазылу себебін түсіндіре алмаса,онда сауатты жазуға оқушы сол ережені пайдалана алмады деген сөз.Тағы айта кететін жайт,оқушылар сөйлемнің жалғау арқылы байланысатынын естеріне сақтайды,сөздің жалғауын да ажырата алады.Бірақ өздері өз бетімен сөйлем құра алмайды.Ондай жағдайда оқушыларды сөздердің арасындағы байланыстарды анықтау арқылы жазуға дағдыландырып,сөйлем құрғанда осы байланысты сақтауға үйрету керек.Мысалы:

-Мен мектепке барамын.

-Мен қайда барамын?

-Кім барады?

тағы сол сияқты сөйлемдердің байланысына сұрақ қойып үйрету керек.

Көп жағдайда оқушылардың жазба жұмыстарында жіберілген орфография (емле) заңдылығына байланысты қателердің түрлері төмендегідей болады:
1.Сөздерді буын жігіне қарай айту,жазу заңдылығын білмегендіктен сөздердің буын жігін ажырата алмай, тасымалдан жиі қателесу басым.
Мысалы:сауап,тауық тәрізді сөздерді сау-ап, тау-ық деген түрде қате айту
қате жазуға жол ашады.

Сондықтанда мен әрбір сабақ сайын сөздерді дұрыс буынға бөлуді дағдыландыруға машықтандырамын.Бұл ұшын «Менің атым неше буннан құралған», «Ата-анамның аты неше буыннан құралған»және «Досымның аты неше буыннан құралған»деген сияқты ойындар пайдаланамын.
2. А,Ә,Ы,І,У, Ұ,Ү,Ө,И,Я,Ю дыбыстарының (әріптерінің) қандай сөздерде, қандай буындарда айтылу,жазылу заңдылықтарын жете меңгере алмаған-
дықтары байқалды.
3. Дауыссыз Н-Ң,Т-Д;С-З,И-Й, Ж-Ш дыбыстарының емлесін шатастыру жиі кездеседі. Дыбыстардың артикуляциясын білмегендіктің, бір-біріне жақын дауыссыздарды ажырата алмаушылықтың түпкі негізі - бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңінде дыбыс пен әріптің заңдылығын ұғынбағандықтан жіберілген олқылық.

4. Сөз ішінде НН, ЛЛ,ТТ,КК,ҚҚ,СС,ШШ, ПП,ММ тәрізді қатар келген дыбыстардың бірін жиі тастап кетеді.Мұндай қосарлы дыбыстардан жіберілген қателер сөздердің құрамын ажырата алмаушылық заңдылықтарынан туған.

5. Қос сөздердің қосарланып, қайталанып қолданылатын түрінің емлесінен де қате жіберіледі.Бұл қателер қос сөздердің өзіндік заңдылығын жете меңгермеушіліктен туған.Сонымен қатар қос сөздердің дефис арқылы
жазылатын ерекшеліктерін білмеуден қос сөздердің кейбір түрін сөз тіркесімен шатастыру жиірек кездеседі.
6. Біріккен сөздердің бір бүтін ұғым екендігін жете білмеушіліктен жіберілген қателер де кездеседі. Осы жерде жас ұстаздарға біріккен сөздердің емлесіне көбірек назар аударуға керек екенін айтқым келеді. Үйреткенде, мысалы:ТЕМІРҚАЗЫҚ (жұлдыз), БІРҚАЗАН (құс), ӘЛДЕҚАЙДА (есімдік) деген тәрізді мысалдар ұсынылып,бұлар былайша талданылады. Бірінші кезеңде бұл сөздердің қандай құрамды бөлшектерден жасалып тұрғаны анықталады: ТЕМІРҚАЗЫҚ сөзі - ТЕМІР-ҚАЗЫҚ; БІРҚАЗАН сөзі- БІР-ҚАЗАН; ӘЛДЕҚАЙДА сөзі-ӘЛДЕ-ҚАЙДА.
Екінші кезеңде - жаңа материал біріккен сөздердің кем дегенде екі немесе одан да көп бөлшектерден жасалатыны түсіндіріледі. Кейбір сөздер ешбір өзгеріссіз біріккен: ӘЛДЕБІР; ТАСБАҚА; АҚБОЗАТ.
Біріккен сөздердің екінші бір тобында түбір сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырап, айтылу қалпында жазылатын ерекшелігін таныту. Мысалы: бүгін(бұл күн) , апар (алып бар), қыстыгүні ( қыстың күні) т. б..

Сондықтанда бірінші кластан бастап оқушыларды сөздерді дыбыс құрамына,буын жігіне ажырата білуге үйрету керек. Кей бір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес.Сондықтан мұндай сөздерді үнемі салыстырып,талдап отыру қажет.Олардың қатесін түзеткенде сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін үнемі түсіндіріп отыру қажет.

Мысалы: барма-болымсыз етістік

Бар ма-сұраулы мағынада айтылады.

Сауатты жазуға үйрету үшін анология, салыстыру,талдау, жинақтау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы маңызды шарт болып табылады. Сауатты жазуда қол қозғалысы арқылы қабылдау мен елестетудің де маңызы зор. Оқушының қолы дағдыланбаса көп қате жібереді. Біріншіден, мақсатымыз сауатты, қатесіз жазуға үйрету болғандықтан, қосарлы дауыссызбен келетін сөздердің жазылуына да тоқталмай кетуге болмайды.

Дұрыс жазуға дағдыландыру үшін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай көру, есту сезіміне әсер ету арқылы дұрыс жазуға төселдіру әдістерін қолданған жөн.

Бұл жерде «көз қандыру» тәсілі арқылы оқушыларды дұрыс, сауатты жазуға үйрету реті мынандай: әр сабақта пайдалану үшін алдын ала іріктеліп алынған материалға сай (оқулық жатығуларында кездесетін немесе мысал үшін алынатын материалдар бойынша) қосарлы дауыссызбен келген сөздер көлемді қағазға әдемілеп жазылып, тақтаға ілінеді. Ол бірнеше сабақ бойы ілініп тұрса да болады. Оқушылар қате жібермейтіндей дәрежеге жеткенде ғана алып тастауға болады. Сонымен сауатты жазуға үйрету үшін:

Мұғалім:
1. Оқушыға жазылатын сөздің оқушының әбден түсінгендігіне көз жеткен кезде ғана жаздыруы тиіс.

2. сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға , қатемен жұмыс түрлері жүйелі түрде жүргізіліп отыру керек.

3. талдау жұмысы үнемі жүргізілу шарт.

Мысалы: түбірлес сөздерді табу, сөз тіркесі арқылы сөйлем құрау, сөздердің ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстыру-осының бәрі оқушының ойын дамытып, қатесіз, сауатты жазуға көмектеседі.

4. Дыбыстық талдау, сөз құрамына талдау, сөз табының қызметін анықтау, синтаксистік талдауды іске асыру,сөздік жұмысын жүргізу сауатты жазуға үйретудің негізі. Оушылардың қателерін түзету жұмысы үш түрлі жолмен жүргізіледі.

1. балалардың өзін-өзі тексеруге нақты тапсырманы орындау мақсатымен бірте-бірте үйретіледі.

Мысалы: сурет бойынша шығарма жаздық делік. Тақтадағы сұрақтарды оқытамын, осы сұраққа жауап берген сөйлеміңді оқы, не ауызша есіңе түсіріп айт деп, барлық сұрақтың жауабы тексеріледі.

Енді жазған әңгіменің тақтадағы сұраққа қарамай тұтас оқып шық. Онда не жөнінде жазып отырғаныңды байқа. Мүмкін бір сөзді бірнеше рет қайталаған шығарсың, не әріптерден қате кеткен шығар деп екінші рет оқытамын. Жазып болған соң осындай нақты тапсырма алып, жұмыс істейді. Бірте-бірте оқушыларға әңгімені оқығанда біреудікін оқып отырғандай сезін, сен болсаң ол сөйлемді қалай құрар едің? - деген тапсырмалар беріледі.

2. Оқушылар өзін-өзі тексеруге бір-бірінің жұмысын оқып түзету арқылы үйретіледі. Бұл жұмысты оқушылар шығарманы түзету техникасын жақсы меңгерген кезде беруге болады.

Оқушы бұны қызыға істейді. Бірақ дұрысты қате деп жөндеуден сақ болу керек. Сондықтан мұғалім бақылап отыруы қажет. Оушы қате екеніне әбден көзі жеткенде ғана жөндеу керек екенін үйрету керек .


Жайсаң орта мектебі.

Б а я н д а м а :


«Бастауыш класта сауатты жазуға үйрету».


Дайындаған: Разакова Алтынай Құралбаевна.


2013-14 оқу жылы.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Журнал «Бастауыш мектеп».

1989 жыл.



  1. Журнал «Бастауыш сынып әдістемесі».

2012 жыл.



  1. Журнал «Бастауыш сынып»

2012 жыл.



  1. Журнал «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі»

2013 жыл.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал