7


  • Учителю
  • Открытый урок по математике 'Қызыл телпек' (2 класс)

Открытый урок по математике 'Қызыл телпек' (2 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Урок построен по сказке "Красная шапочка" для второго класса. Сабақтың тақырыбы:  Өткенді пысықтау.  (Екі таңбалы сандарды қосу және азайту)Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару.Дамытуш
предварительный просмотр материала

Мәдениет қазақ-орыс орта мектебі






Ашық сабақ

Математика

2 сынып




Тақырып:




Дайындап-өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Тлеуова Айгүл Серікқызы










2013жыл

Математика Мерзімі: 19.12.2012 ж.

Оқу ісінің меңгерушісі: ________________

Сыныбы: 2


Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. (Екі таңбалы сандарды қосу және азайту)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау,есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.

Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға,ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: ертегі ойын сабақ

Сабақ түрі: дәстүрлі емес

Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, оқулық, карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, есептер шығару.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық дайындық

Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік.

1. Еліме тыныштық тілеймін!

2. Күніміз жарық болсын!

3. Аспанымыз ашық болсын!

4. Деніміз сау болсын!

5. Нанымыз көп болсын!

6. Көк туымыз биік болсын!

-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпекші, себебі бізге қонақтар келіп отыр.

- Балалар, сабақта бірлесіп жұмыс істейік, әртапсырмаларды мұқият тыңдап, білімімізді арттырайық.


3. Үй жұмысын тексеру:

№ 5

Болғаны - 20 көгершін және 30 торғай

Ұшып кеткені - 10 құс

Қалғаны - ? құс

Шешуі: 1) 20+30=50 (құс)-барлығы

2) 50-10=40 (құс) -қалды

Өрнек: (20+30)-10=40 (құс)

Жауабы: бұтақта 40 құс қалды.


№ 6 Салыстыр:

54+3+1 > 50+9-4 47+2-6 > 47-3+2

12-9+8 < 11-8+9 100-50+8< 40+20+7


Ал, достарым, келіңдер,

Біріңе - бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Шешімін тауып көріңдер!


4. Математикалық диктант

Есептің мәнін табу.


64+5= 69 55+2=57 56+2=58

42+5= 47 64+2=68 85-2=83

78-2= 76 47-6=41 94+5=99

99-4= 95 33+3=36 25-2=23


Берілген санға қандай өрнек келеді.


25+10 14+34 60-6

35 54 66

12+15 40+14 60+6


5. Дәптермен жұмыс:

Желтоқсанның 19-ы

Сынып жұмысы.


Кел, тыңдайық ертегі,

Естіген жанды елтеді.

Талай ғажап оқиға,

Қызық сырын шертеді.

6. "Қызыл телпек" ертегісі.

Ертеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды "Қызыл телпек" деп атап кетіпті.

Бір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:

-Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, халжағдайын біліп қайтшы, - деді.

Қызыл телпек:

-Жарайды, анашым, апарып берейін, - деп бәліш пен май салынған себетті алады.

Анасының тапсырмасы: Слайд 9

1. Сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр?

2. Тиімді тәсілмен есепте.

60+5+10 4+2+70+10 9+60+30

8+40+10 30+3+7 3+3+70+10

Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді.

Орманның тапсырмасы: Слайд 11

3. Есепте:

16-4= (60+5)+2= 16+40= (60+5)+20=

45+3= (70+4)-3= 45+30= (70+4)-30=

23+5= (90+9)-8= 23+50 = (90+9)-80=


4. Берілген әрбір кесіндіден 3 см қысқа кесінді сыз:


Сергіту сәті:

Мына менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау менің басым,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.


Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүрді. Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келеді:

-Қызыл телпек, сен қайда барасың?

-Мен әжемнің үйіне барамын.

-Ал әжең қайда тұрады?

-Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда тұрады.

Кел, екеуміз жарысайық, әжеңнің үйіне дейін кім бірінші жетеді? Ол үшін мынадай тапсырманы орында:

Қасқырдың тапсырмасы: Слайд 14

27 бала қар қамалын тұрғызды. Алдымен 7 қыз бала, содан кейін 10 ұл бала үйлеріне кетті. Неше бала қалды?

Талдау.

-Есеп кім туралы? (балалар туралы)

-Барлығы неше бала қамалын тұрғызды? (27 бала)

-Алдымен неше қыз бала үйлеріне кетті? (7 қыз бала)

-Содан кейін неше ұл бала үйлеріне кетті? (10 ұл бала)

Есеп бізден нені сұрайды? (Неше бала қалды)

-" 27бала" нені білдіреді? (Барлығын)

-"7қыз бала"мен "10 ұл бала" нені білдіреді? (Кеткенін)

-Сұрақ белгісі нені білдіреді? (Қалғанын)

Беруі:

Барлығы - 27 бала.

Кетті - 7 қыз бала және 10 ұл бала.

Қалды -? бала.

Шешуі:

1). 7+10=17 (б). - кетті

2). 27-17=10 (б). -қалды

Өрнек: 27-(7+10)=10 (б). -қалды.

Жауабы: 10 бала қалды.


Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі. Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура ауылға қарай барады. Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады.

Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап:

-Айналайын қызым, тұтқанаң жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады, - дейді дауыстап.

Қасқыр жіпті тартып қалады, сол кезде есік ашылады. Үш күн аш жүрген қасқыр әжейді бас салады да бүтіндей жұта салады. Біраздан соң есікті Қызыл телпек қағады. Қасқыр дауысын өзгерте қойып, жіңішке дауыспен:

-Есіктің ашылуы үшін менің тапсырмамды орында.

Әжесінің тапсырмасы: Слайд 18

Баласы әкесінен: "Әке, сіз неше жастасыз?" - деп сұрады. Әкесі: "Егер ең үлкен екі таңбалы саннан екі алтылықпен жазылған санды кемітіп, ең кіші екі таңбалы санды қосып, үшті азайтсаң, менің жасымды білетін боласың", - деп жауап берді. Әкесі неше жаста?

99-66+10-3=40 (жаста)

Қызыл телпек әжесінің тапсырмасын орындап болғаннан кейін, есік ашылады. Қыз үйге кіргенше, қасқырқызыды қызыл телпегімен бірге жұта салады.

Байғус қыз айғайлап та үлгермейді. Бірақ, бақытына қарай, дәл осы сәтте үйдің қасынан бір отыншы өтіп бара жатқан еді.

-Балалар, отыншыға көмектесу үшін, берілген тапсырмасын орындайық.

Отыншының тапсырмасы: Слайд 22

Жауабы: 1) -9

2) -8

3) -6

Отыншы жыртқышты ұстап алып, қарнын жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді. Отыншы қасқырдың қарнын қайта тігіп, бос қоя береді.

Қызыл телпек пен әжесі отыншыға алғыстарын білдіреді. Әжесі шай қойып, немересі әкелген бәліштерді себеттен шығарып, дастарқан жаяды. Сөйтіп үшеуі жақсылап тұрып шай ішеді.

Қорытындылау:

-Жақсы балалар, біз бүгін "Қызыл телпек" ертегісіне саяхат жасадық және бүкіл тапсырмаларды орындап, Қызыл телпек пен әжесін қасқырдан құтқардық.

-Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Қандай жұмыстың түрлерін орындадық?


қосу амалдары есептер шығару


МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА

қызықты есеп кесінді сызу

фигураларды санау

азайту амалдары

-Қосу мен азайту амалын тез, қатесіз, шапшаң орындау үшін нені жақсы білуіміз керек?

-Кестелік қосу мен азайтуды.

Үйге тапсырма

№ 5, № 7, 113 бет.

Бағалау.

Оқушылар күнделігімен жұмыс.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал