7


  • Учителю
  • Разработка по математике на тему'Қозғалысқа берілген есептердің әр түрін шығару'

Разработка по математике на тему'Қозғалысқа берілген есептердің әр түрін шығару'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы.

Жүсіп Қыдыров атындағы №54 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Бакирова Баян Сматуллақызы

Сабақтың тақырыбы : Қозғалысқа берілген есептердің әр түрін шығару.

Сабақтың мақсаты :

  1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың әр түрлі бағыттағы қозғалыстарға есептер

шығару әдістерін меңгерту, қашықтық, уақыт,

жылдамдыққа байланысты білімдерін пысықтап, тиянақтау;

  1. Дамытушылық мақсаты : Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару

дағдыларын, ақыл - ойын, ой - өрісін, танымдық

қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Пәнге деген

қызығушылығын арттырып, өз ойын қорытындылай білуге

баулу;

  1. Тәрбиелік мақсаты: Балаларды өз Отанын, елін сүйетін, білімді де, саналы,

нағыз патриоттар етіп тәрбиелеу.Өзіндік бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : топтық - аралас сабақ.

Сабақтың типі : жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдістері : түсіндіру, «Ой ашу» және «Ой шақыру» стратегиялары, сұрақ -

жауап, топтық жұмыс, көрнекілікпен жұмыс, кестемен жұмыс,

тестпен жұмыс, сызғыш, циркульмен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі : Сызбалар, кестелер, тест тапсырмалары, қозғалысқа байланысты

формула макеті, сызғыш, циркуль, ұран сөз, дөңгелек, шеңбер

макеттері.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабақ бастамас бұрын үш топқа бөліп аламын. Бөлу үшін қашықтық, уақыт, жылдамдық деп таңдау арқылы отырғызамын.

І топ «Қашықтық» тобы.

ІІ топ «Жылдамдық» тобы.

ІІІ топ «Уақыт» тобы болып, бөлініп отырады.

Оқушылардың оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.

Сабақты мына жыр шумақтарын айтудан бастаймын.

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.

  • Балалар, енді мына бір ой шақыруды тыңдайықшы:

«Ой шақыру»

  • Балалар, ізденгіш, ойшыл, ақылды, тапқыр сендерге мынадай жарнама айтқым келеді: Елімізде 1 минутта:

16 теледидар,

11 тоңазытқыш,

13 кір жуғыш машина,

12 велосипед,

18 радио,

80 сағат

жасалынып шығарылады екен.

Ал сендер 45 минутта неше тапсырма орындай алады екенсіңдер?

ІІ. «Ой ашу» стратегиясы

- Балалар, таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуларынан бастайтын сияқты сабағымызды «Ой жаттығуларынан» бастайық.

Менің сұрақтарыма жылдам жауап беріңдер.

1. Жылдың бесінші айын ата? (мамыр)

2. Бүгін аптаның қай күні? (бесінші)

3. 320 мен 1 - дің көбейтіндісі? (320)

4. Шаршы, тік төрт бұрыш, үшбұрыш нелер? (геометриялық фигуралар)

5. 513 пен 515 - тің арасында қандай сан бар? (514)

6. Есік қандай геометриялық фигура? (тіктөртбұрыш)

ІІІ. Сабақ мазмұнымен таныстыру

- Балалар, біз бүгін қозғалыстарға байланысты есептер шығарамыз.

ІҮ. Тірек білімді еске түсіру.

- Балалар, өткен сабақтар бойынша білімдерімізді сынап көрейік, өрнектерді тақтаға шығарады.

І топ. 1) Шеңбер деген не?

2) 4200 * 70

ІІ топ. 1) Дөңгелек деген не?

2) 548100 : 90

ІІІ топ. 1) Жылдамдық, уақыт, қашықтық туралы айт.

2) 15300 * 80

- Сонымен қозғалысқа қатысты қандай ұғымдармен таныспыз?

- Балалар жылдымдық, уақыт, қашықтықты қалай табатыны туралы ережелерді естеріне түсіріп өтеді. Формулаларын айтып өтеді.

Ү. Жаңа сабақ.

- Бүгінгі сабағымызда әр түрлі бағыттағы қозғалыстарға есептер шығарамыз.

№1. І топқа «а», ІІ топқа «ә», ІІІ топқа «б».

а) t = 4 мин

S = 1км =1000м

V=S:t=1000:4=250м/м

ә) t = 10 мин

S = 1км =1000м

V=S:t=1000:10=100м/м

б) t = 30 мин

S = 30км =30 000м

V=S:t=30 000:30=1000м/м

2. І топқа «а», ІІ топқа «ә», ІІІ топқа «б».

а) V1= 12 км/сағ

V2 = 10 км/сағ

t = 2 сағ

S0 = 40 км

S = ?

S = (V1 + V2 ) . t + S0 =(12 + 10) .2 +40 = 84 (км)

ә) V1= 12 км/сағ

V2 = 10 км/сағ

t = 2 сағ

S = 84 км

S0 = ?

S0 = S- (V1 + V2 ) . t = 84 - (12 + 10) .2 = 40(км)

б) V2 = 12 км/сағ

t = 2 сағ

S0 = 40 км

S = 84 км

V1= ? км/сағ

V1=(S - S0 ) : t -V2=(84 - 40):2 -12=10 (км/сағ)


в) V1 = 12 км/сағ

t = 2 сағ

S0 = 40 км

S = 84 км

V2= ? км/сағ

V2=(S - S0 ) : t -V1=(84 - 40):2 -12 =10 (км/сағ)

Жауабы:10км/сағ жылдамдықпен қозғалады

ҮІ. Сергіту сәті «Сәйкес санды тап»

320, 270, 460, 390, 230, 360, 380, 270, 320.

1000= + +

1000= + +

1000= + +


1710, 290, 560, 530, 1850, 450, 250, 1900, 370.

1000= - -

1000= - -

1000= - -


ҮІІ. Оқушы білімін бекіту.

3. І топқа «а», ІІ топқа «ә», ІІІ топқа №4.

а) V1= 748 км/сағ

V2 = 827 км/с

t = 5 сағ

S = ?

S = (V1 + V2 ). t = (748 + 827) .5 = 7875 (км)

ә) V1= 5 км/сағ

V2 = 3 км/сағ

t = 2 сағ

S = ?

S = (V1 + V2 ). t = ( 5 + 3) .2 = 16 (км)

№4 V1= 28 км/сағ

V2 = 22км/сағ

S = 200м

t = ?

t = S :(V1+V2 ) = 200 :( 28+22)=4(мин)

28 .4 =112 (км)

22 .4 =88 (км)

ҮІІ. Оқушылардың тірек білімдерін пысықтау жаттығулары.

№5 (ауызша)


Тауардың массасы

Тауардың құны

1000 г

? теңге

500 г

400 теңге

250 г

? теңге

№7


ҮІІІ. Сабақты бекіту кезеңі


- Балалар, бүгінгі сабағымызда жақсы білімдеріңді көрсетіңдер. Жарайсыңдар!


«Егеменді елдің ертеңі - оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді» деп айтылғандай сендердің еліміздің көркеюіне ең басты қосар үлестерің сабақты жақсы оқып, оқуды жақсыға аяқтау.

- Бүгінгі сабақтағы білімдеріңді бекіту үшін тест жұмысын таратамын, жылдам белгілеп шығасыңдар.


  1. V1= 20 км/сағ

V2 = 26 км/сағ

S = 460 м

t = ?

а) t =2 сағ

ә) t =10 сағ

б) t =5 сағ


  1. V1= 60 км/сағ

V2 = 80 км/сағ

t = 2 сағ

S = ? км

а) 280 км

ә) 360 км

б) 140 км


3. t = 3 сағ

V2= 5 км/сағ

S = 27 км

V1= ? км/сағ

а) 5 км/сағ

ә) 6 км/сағ

б) 4 км/сағ


4. Жақындау жылдамдығы неге тең?

а) Жылдамдықтардың қосындысыа

ә) Жылдамдықтардың айырмасына

б) Жылдамдықтардың көбейтіндісіне


5. Автокөлік 65км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жолда болса, қанша жолды жүріп өтеді?

а) 67 км

ә) 120 км

б) 130км

ІХ. Сабақты қорытындылау.

- Бүгінгі сабақ бойынша сұрақтарың бар ма?

- Сабақтан не түсіндіңдер?

- Не білдіңдер?

Х. Бағалау

ХІ. Үйге тапсырма. №8

Тәуелсіз елдің жемісі сендерсіңдер!

Алар қашықтықтарың / S / ұзақ,

Жылдамдықтарың / V / шапшаң,

Уақыттарың / t / мағыналы болсын!

Сабағымыз аяқталды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал