- Учителю
- Тәрбие сағаты. ҚұСтар мерекесі
Тәрбие сағаты. ҚұСтар мерекесі
Тақырыбы: Құс мерекесі
Түрі: сайыс
 Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әлем құстарымен таныстыру. Оқушылардың құстар туралы
 ой-өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын,
 көлін, табиғатын сүюге баулу.
 Көрнекілігі: Альбомдар, суреттер, плакаттар, эмблема, көрме.
 
 Жүрісі: I. Ұйымдастыру
 Оқушылардың назарын сынып сағатына аудару.
 II. Негізгі кезең
 Жоспары: 1. Қатысушы топтармен танысу
 2. Келген қонақтармен танысу
 3. Қорытындылау
 
 III. Ойын жүрісі: 1. Таныстыру.
 2. Құстар туралы ән айту.
 3. Құс суретін бейнелеу. (сол жерде)
 4. Сән үлгісі. (құстың бейнесін көрсету)
 5. Құстар туралы болжамдар айту.
 6. Сұрақтарға жауап.
 
 Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Міне, біздің досымыз - құстар да жылы жаққа қайта бастады. Біздің халқымыз кең далада, табиғаты көркем, құстары бай далада өскен. Жалпы жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі болса, біздің Республикамызда-174 құстың түрі бар.
 Енді 3 «б» сыныбының құстар күніне арналған «Құстар көрмесі» атты сынып сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
 Ән: «Көктем вальсі»
 Ән аяқтала бере, өңірлеріне белгі таққан екі топ ортаға шығады. Әр топта бес оқушыдан. Қалған оқушыларды әділқазылар алқасы етіп сайлаймыз.
 І- топ: «Қарлығаш».
 ІІ- топ: «Көгершін».
 І. Таныстыру:
 1. Екі топ өздерінің неліктен құстардың атауларын алғандығы туралы сөз қозғайды.
 ІІ. Құстар туралы ән:
 І- топ: «Құстар әні» әнін орындайды.
 ІІ- топ: «Ақ көгершін» әнін орындайды.
 
 ІІІ. Құс суретін бейнелеу:
 Оқушыларға түрлі-түсті қарындаштар мен қағаз беріледі.
 І- топ оқушыларына «аққудың» суретін салу тапсырылады.
 ІІ- топ оқушыларына «тырнаның» суретін салады. (тапсырманы орындау үшін 10 минут беріледі).
 
 IY. Сән үлгісі:
 Оқушылар пакеттен тіккен киім үлгілерін көрсетеді.
 І- топ оқушылары: Әтеш, балапан, аққу, бұлбұл болып киінген.
 ІІ- топ оқушылары: Қарға, қаз, көгершін, сауысқан киімін киген.
 Y. Болжамдар айту:
 І- топ: 1. Шағала келсе, сең бұзылады.
 2. Жыл құсы қаптап келсе, көктем тез шығады.
 3. Көкек қатты, әрі жиі шақырса-көн жылынады.
 
 ІІ- топ:
 1. Қарлығаш өрлеп ұшса-күн жылы, құрғақ болады.
 2. Бозторғай ән салса, күн ашық, үнсіз жүрсе жауын жауады.
 3. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауынды-шашынды болады.
 
 YІ. Сұрақтарға жауап:
 І- топ: 1. Қанатты орман жыртқышын ата. ( қаршыға)
 2. Көктемде алғаш ұшып келетін құс. ( ұзақ)
 3. Өте сақ, ұзын сирақты, ұзын мойынды құс. (тырна)
 4. Киелі құсты ата. (аққу)
 
 ІІ- топ: 1. Үй құстарын ата. (тауық, үйрек, қаз, күркетауық)
 2. Бейбітшілік құсын ата. ( көгершін)
 3. Ірі сұңқарлар өкілі. (лашын)
 4. Бауыры қара, маңдайының үстінде ақ белгісі бар қара құс. (қасқалдақ)
 
 Y. Қорытынды.
 Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар!Бүгінгі сайысымыз өз
 мәресіне жетті. Екі топтың оқушылары да ізденіп, үлкен дайындықпен келгендігі көрініп-ақ тұр. Екі топтың құрамындағы оқушыларға рақметімді әділқазылардың атынан айтып, марапаттаймын.