7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: «Қадірлі -аналар, қызғалдақ- қыздар!»

Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: «Қадірлі -аналар, қызғалдақ- қыздар!»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: «Қадірлі -аналар,қызғалдақ- қыздар!»Сабақтың мақсаты: 8- наурыз мейрамы туралы түсінік беру,анаға деген мейірімді , сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты,анық оқи алуға машықтандыру;оқушыны ізгілікке, инабаттылы
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Қадірлі -аналар,қызғалдақ- қыздар!»

Сабақтың мақсаты: 8- наурыз мейрамы туралы түсінік беру,анаға деген мейірімді , сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты,анық оқи алуға машықтандыру;

оқушыны ізгілікке, инабаттылыққа ,сыйластық,адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,слайдтар,шарлар,гүлдер,т.б

Барысы

Мұғалім: Құрметті қонақтар, асыл аналар, ұстаздар және қыздар.Бүгін бізде үлкен мереке. «Қадірлі-аналар,қызғалдақ -қыздар!»атты ашық тәрбие сағатымыз 8-наурыз халықаралық әйелдер және сұлу қыздарымызға байланысты аталып отыр.

«Ана» деп адам бар ма тіл қатпаған?

«Ана» деп сыр шертердей жұмбақ далам.

Әлемнің әсемдігі аналар,

Тілімнің жеткенінше жырлап қалам.

Толағайдай толғатып алыптарды ,

Сіздерсіздер жүйрікті шын баптаған .

Зере мен Ұлжандарға зейін қойып

Ұлы Абай зеректікпен жыр жаттаған.

Тектіліктің мысалы Айғаным да

Жас Шоқанды бетінен бір қақпаған.

Бәйдібектей батырға серік болған ,

Домалақ анамыздан үлгі ап қалам.

Ғаламның бар жылуын жинасам да

Анамның алақаны қымбат маған.

Қазақтың аналары мың жасасын,

Құрсағының қасиетін құрғатпаған!

Қымбатты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Әр жанұяға тыныштық, денсаулық және бақыт тілейміз.


Еліммен бірге тілегім,

Өзің деп соғар жүрегім.

Елімнің Әнұранын

Жатқа айта білемін.


Әнұран орындалады.

«Аналардың мейрамы» бейне ролик көрсету


1-оқушы:Қуанышқа бөленетін күн бүгін,

Ана сыйлау дәстүріміз, салтымыз.

Жыл құсындай әр көктемде келетін,

Құтты болсын 8-наурызымыз!


2-оқушы:О,Ана абзал Ана ардақтарым!

Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары!


«Көктем» әні


3-оқушы:Ана- біздің күніміз,

Ана- біздің гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.


4-оқушы:Аялаған, саялаған,

Бар бақытым берекелі.

Апатайым құттықтаймын,

Бүгін сенің мерекең.


5-оқушы:Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым!


Хор: Мерекелеріңіз құтты болсын,сүйікті анашым!


«Ана- өмір гүлі» бейнеролик көрсету

«Гүлдер» биі


6-оқушы:Үлкенмін гой мен енді,

Жудым бүгін еденді.

Өлең айтып беремін,

Нан да әкеп беремін.

Өйткені мен анамды

Өте жақсы көремін.


7-оқушы:Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашанда да ардақтап,

Әжеге бас иеміз.

8-оқушы:Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге.

Шәй қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.

Жұмсайды әжем мені де ,

Тауыққа жем беруге .

Әжемді жақсы көремін,

Жүз жасашы әлі де?


Хор: «Әжетайым» әні


9-оқушы:Менің анам - мұғалім

Күн секілді білгенге.

Шашырайды шуағы

Ол сыныпқа кіргенде.


10- оқушы:Ақыл айтып баптаған

Анам үшін мақтанам.

Аялаған ұрпақтарын

Көп жасасын жақсы адам.


11-оқушы:9 ай көтергеніңіз үшін

Өмірге әкелгеніңіз үшін

«Балам» деген бал тіліңіз үшін

Шексіз алғысымыз мол.


12-оқушы:Анам менің жасыл бағым жайнаған,

Біз бағында асыр салып ойнаған.

Пәк жүректен жыр жазады перзентің

Бар бақытты бір өзіңе сыйлаған.


13- оқушы:Ол - ана ,адамзатқа қаның үні

Әр жүрек , әр көңілдің жарық күні .

Ол деген алыбы ғой алыптардың

Ананың тілі емес пе халық деген.


14-оқушы:Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсаң анаменен данамыз.

Тыңдаңыздар көңіл қойып ,ағайын

Анаға арнап тағы бір ән саламыз.


«Ананың тілі» әні

Вальс


«Қыз өссе - елдің көркі» ( Қыздарға арналған тақпақтар)


Қыздар,қыздар,кімсіңдер?

Мына бізбен бірсіңдер.

Осынау дархан өмірді,

Думандатып жүрсіңдер.


Себепсіз қалмас сабақтан

Көреміз сені тек алдан.

Өсе бер, жайна Жансая

Ақылың бойға тараған.


Бәйгеде озған жүйріктей

Аласың бестік іркілмей.

Динара біздің әдепті

Даланың әсем гүліндей.


Сыныптың Ұлжан

Алғыр, зерек ,білімді.

Көмектесіп ұстазға

Үнемі алда жүреді.


Ай секілді Сымбат

Жарқырап тусын ай, күнің.

Озып шығар бәйгеден

Көп болсыншы бестігің.


Тазалықты сүйетін

Сабағын да білетін.

Әдемі қыз Гүлзинат

Ұзақ болсын өмірің.


Жайнап жаймен жүреетін

Жымиып ақырын күлетін.

Ақдане біздің ибалы

Әдеппен бәрін сыйлайтын.


Жамандыққа бармайтын

Жақсылықты қолдайтын.

Жаны сұлу Даналар

Мінездері бізге ұнайды.


Сыныптың асыл аруы

Ай мен күндей жанары

Аяжандай есімі

Таптай оның бәр ісі.


«Гүл сыйлау» ойыны


«Менің анам қандай?» сұрақ-жауап әдісі


«Ана» туралы бейнеролик көрсету


«Білімді аналар», «Аспаз аналар», «Шебер аналар» атты аналар арасында жарыс жүргізіледі.


Хор:Менің анам -алтын ,

Сенің анаң - алтын.

Аналарды құрметтеп ,

Қол соғыңдар бәрің.


Көрініс

Гүл болып жайнап жүріңдер,

Бақытты өмір сүріңдер.

Осы бір шағын шумақтарды

Сыйымыз деп бздің біліңдер.


Аналарды құрметтейміз , елейміз,

Аспандағы ай мен күнге теңейміз.

О, аналар , сіздерді үлгі тұтып,

Бақытпенен денсаулықты тілейміз.

Құрметті аналар, ұстаздар, қыздар бүгінгі «Қадірлі - аналар, қызғалдақ - қыздар!» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды. Ұлы Аналардан тәлім алған жас ұрпақ - келешегіміздің жарқын болашағы болсын! -деп сабағымызды аяқтаймыз. (Қонақтарға сөз беріледі.)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал