7


  • Учителю
  • Жүз көлеміндегі сандарды оқу, жазу, салыстыру

Жүз көлеміндегі сандарды оқу, жазу, салыстыру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Жүз көлеміндегі сандарды оқу, жазу, салыстыру. Мақсаты:- Жүз көлеміндегі сандарды оқылуы, жазылуы және салыстыруды, қосу және азайту амалдарын тексеру жайлы ұғымдарды түсіндіріп,мәнін ашу;- Білім, білік дағдыларын кеңейту, ой-өрістерін, қиялдау қабілеттерін дам
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Жүз көлеміндегі сандарды оқу, жазу, салыстыру.
Мақсаты
:
- Жүз көлеміндегі сандарды оқылуы, жазылуы және салыстыруды, қосу және азайту амалдарын тексеру жайлы ұғымдарды түсіндіріп,мәнін ашу;
- Білім, білік дағдыларын кеңейту, ой-өрістерін, қиялдау қабілеттерін дамыту,
- Тақырыпқа берілген оқу материалдарын жинақтау, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі:
тірек-сызбалар
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
Модульдің құрылымымен таныстыру. Мақсаты мен міндетін түсіндіру.
- Жүз көлеміндегі сандарды оқу, жазу, салыстыру. 100 саны.
- Ұзындықты өлшеу. Метр (м)
- Қосу және азайтуды тексеру
3.Әр тақырыпты тірек- сызбалармен түсіндіру.
( Оқушылар ережелерді дәптерге жазып отырады)

ондық

Неше жолақша бар?

Әр жолақша неше шаршыдан құрастырылған?

Бір жолақша - бір ондықты білдіреді.

Бірлік

Неше жасыл шаршы бар?

Неше көк шаршы бар?

Барлығы неше шаршы бар?

Бір шаршы - бір бірлікті білдіреді.

Суретте неше жолақша бар?

Әр жолақша неше шаршыдан құрастырылған?

Суретте барлығы неше шаршы бар?

Он шаршыдан 10 рет алсақ, барлығы 100 шаршы болады.

Бұл бір жүздікті білдіреді.

(100 санының жазылуы көрсетіледі)

Көк жолақша нешеу?

Жасыл шаршы нешеу?

Барлығы неше шаршы бар?

1 онд. 4 бірл. =14

1 онд. 6 бірл. = 4 онд. 8 бірл. = 2 онд. 7 бірл. = 1 онд. 9 бірл. = 48 онд . = 52 бірл. = т.с.с.

Есте сақта.

Ондықтар

Бірліктер

Санның оқылуы

Санның жазылуы

1

1

Он бір

11

1

2

Он екі

12

1

3

Он үш

13

1

4

Он төрт

14

1

5

Он бес

15

1

6

Он алты

16

1

7

Он жеті

17

1

8

Он сегіз

18

1

9

Он тоғыз

19

2

0

Жиырма

20

Сандарды салыстыруға болады.

2 онд. 5 бірл. * 1 онд. 7 бірл. 56 онд. * 7 онд. 8 бірл.

1онд. * 10 бірл 1 жүзд. * 100 бірл. 1 жүзд. * 10 онд.

Бір сан екінші саннан қанша артық не кем екенін білу үшін, үлкен саннан кіші санды азайту керек.

Ұзындықты өлшеу. Метр (м)

10 см = 1 дм,

сондықтан 10см + 1 см = 11 см немесе 1 дм + 1 см = 1 дм 1 см

Ұзындықты өлшегенде 1 сантиметр 100 рет, ал 1 дециметр 10 рет салынса, онда 1 метр (м) болады. Ендеше 100 см = 1 м немесе 10 дм = 1 м .

Есіңе сақта!

1 дм = 10 см 1 м = 10 дм 1 м = 100 см

Берілген сызықты қалай атаймыз және оның ұзындығын қалай табамыз?

Сызық неше бөліктен тұрады?

Яғни, оны сынық сызық дейміз.

Сынық сызықтың ұзындығын табу үшін оның буындарының ұзындықтарын қосу керек.

Қосуды және азайтуды тексеру.

6, 2, 8 сандарын пайдаланып, қосу амалымен байланысты теңдік құр.

6+2=8 6-қосылғыш, 2-қосылғыш, 8- қосындының мәні

6+2=8 8-6 = 2 8-2 = 6

Қосындының мәнінен қосылғыштардың бірін азайтқанда, екінші қосылғыш шығады. Қосуды азайтумен тексеруге болады.

4, 3, 7 сандарын пайдаланып, азайту амалымен байланысты теңдік құр.

7-3 =4 7 - азайғыш, 3 - азайтқыш, 4 - айырманың мәні

7-3 =4 4 + 3 = 7 7- 4 = 3

Айырманың мәніне азайтқышты қосқанда азайғыш шығады. Ендеше, азайтуды қосумен тексеруге болады.

Азайғыштан айырманың мәнін азайтқанда азайтқыш шығады. Ендеше азайтуды азайтумен тексеруге болады.

Қосу амалы азайтуға, азайту амалы қосуға кері амал болып табылады.

3, 2, 5 сандарын пайдаланып, қосу амалына байланысты теңдіктер құрыңдар және оны тексеріңдер.

4, 5, 9 сандарын пайдаланып, азайту амалына байланысты теңдіктер құрыңдар және оны тексеріңдер.

Қорытынды (сұрақ-жауап)

  1. бір таңбалы сандарды өсу ретімен сана;

  2. бір шаршы - неше бірлікті білдіреді?

  3. бір жүздікте неше шаршы (бірлік) бар?

  4. 2 онд. 7 бірл. санын тақтаға жаз.

  5. 47 бірлікті жаз

  6. 1 дм неше см-ге тең?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал