- Учителю
- 4-сынып математика бақылау жұмысы
4-сынып математика бақылау жұмысы
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.№ 1. 1-тоқсан 4-сынып
Мақсаты: натурал сандар нумерациясын меңгеру деңгейлерін тексеру; әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы арақатынас туралы білімін тексеру; есепті шығару кезіндегі алған білімдерін пайдалана білу; тік бұрышты параллелепипед көлемін есептеу.
Сабақтың түрі: бақылау.
Әдісі: өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: дәптер, қалам
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:
өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау.
ІІІ. Өздік жұмысы
І нұсқа.
-
Есепті шығар.
Көкөніс сақтау қоймасында 300т сәбіз болды. Бірінші күні әрқайсысына 5 тоннадан сәбіз тиелген 24 жүк машинасы жөнелтілді. Келесі күні қалған сәбізді әр машинаға 2 тоннадан тиеп тасыды. Екінші күні неше жүк машинасы қажет болды?
Ш: (300 - 24 5) : 2 = 90 Ж: 90 жүк машина қажет
-
Есептеулерді орында.
20 999 + 1 = 21 000 2 000 - 1 = 1 999 200 000 - 1 =199 999 345 999 + 1 = 346 000
52 399 + 1 = 52 400 65 999 + 1 = 66 000 318 000 - 18 000 = 300 000 765 000 - 1 = 764 999
-
Теңдеулерді шеш.
7 025 - Х = 240 : 10 Х : 6 = 752 - 274
7 025 - Х = 24 Х : 6 = 478
Х = 7 025 - 24 Х = 478 ∙ 6
Х = 7001 Х = 2 868
7 025 - 7 001 = 24 2 868 : 6 = 478
24 = 24 478 = 478
-
Бос орынды толтыр.
6 мин 13с = 373с 4т 8ц = 4 800кг 12га =120 000м2 54 000см = 540м
-
Параллелепипедтің биіктігі 5см, ені 6см, ұзындығы 8см. Оның көлемін есепте. V = 5см ∙ 6см ∙ 8см = 240 см3
ІІ нұсқа.
-
Есепті өрнек түрінде шығар.
Бала 23 000 м қашықтықта орналасқан көрші ауылға жол тартты. Ол атпен 3 000 м, велосипедпен 10 000 м жер жүрді. Қалған қашықтықты жаяу жүріп өтті. Бала неше километрді жаяу жүріп өтті?
Ш: 23 000 - (3 000 + 10 000) = 23 000 - 13 000 = 10 000 Ж: бала 10 000м жаяу жүрді.
-
Есептеулерді орында.
70 100 - 1 = 70 099 99 699+ 1 = 99 700 17 609 + 1 = 17 610 345 999 + 1 = 346 000
131 148 - 1 148 =130 000 30 000 - 1 = 29 999 43 099 + 1 = 43 100 699 999 + 1 =700 000
-
Теңдеулерді шеш.
70 348 - Х = 312 : 2 - 9 Х : 6 = 12 756 - 989
70 348 - Х = 147 Х : 6 = 11 767
Х = 70 348 - 147 Х = 11 767 ∙ 6
Х = 70 201 Х = 70 602
70 348 - 70 201 = 147 70 602 : 6 = 11 767
147 = 147. 11 767 = 11 767
-
Есепте.
2 сағ - 35 мин = 85 мин 54 000см - 5м = 540м
15т 420кг - 9т 870кг = 5т 55кг 3 тәул. - 18 сағ 20мин = 53сағ 8 мин.
-
Параллелепипедтің биіктігі 15см, ені 6см, ұзындығы 8см. Оның көлемін есептеп шығар.V = 15см ∙ 6см ∙ 8см = 720см3
ІҮ. Бекіту. Бүгінгі сабақта не істедік? Саған қайсы тапсырма қиын келді?
Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.