- Учителю
- ҚМЖ. Кенді пайдалы қазбалар.
ҚМЖ. Кенді пайдалы қазбалар.
Дүниетану
13.10.2015
Сабақтың атауы
Кенді пайдалы қазбалар. Қара металл кендері
Мақсаты:
Күтілетін нәтижесі:
Пайдалы қазбалардың түрлерімен танысу, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіну.
Пайдалы қазбалардың түрлерімен танысады, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсінеді. Өздігінен ізденіп ,ой қорытындысын жасай алады.
Психологиялық ахуал
Жер - Ана, кен - байлық, табиғатты сүйетін
Әрбір сабақ
Үйрену, ұғу, іздену, көп ғибрат алатын
Әрбір ісім
Тірлік, бірлік, адалдық пен шыншылдық
Әрбір күнім
Білімге зейін салатын.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Ү. Жаңа сабақ Мұғалімнің түсіндірмесі
Пайдалы қазбалардың түрлерін бірнеше топқа бөле отырып, олар туралы білім түсініктерімізді кеңейтеміз
«Ой қозғау»
- Көмір қандай зат? Оның қасиеті (жанады)
- Темір нелерден жасалады, қалай аталады? (металлдан)
- Ас тұзы не үшін қажет? Жерді тыңайту үшін қандай қазбаның түрін қолданамыз?
Оқушылардың ойларын тыңдай отырып, осы әрбір айтылған қазбаның түрлі топтарға бөлінетіндігін айту.
Жеке жұмыс
Мәтінмен жұмыс.Инсерт әдісі бойынша мәтіндегі түсінікті,түсініксіз,жаңа ұғымды белгілейді.
Жұптық жұмыс
Сарамандық жұмыс
Бірнеше қолда бар металл түрлерін магнитке жақындатып көрейік.Не байқадыңдар?Қорытынды жасалады:Магнитке жабысқан металдар қара металл,ал жабыспағаны түсті металл.
Кім жүйрік?ойыны.
27-беттегі Қазақстанның пайдалы қазбалары картасымен жұмыс.
1.Алтын шығатын жердің атын табу.
2.Мұнай шығатын жердің атын тап.
Сергіту сәті
Бір мен екі алмаңдар!
Үшке алданып қалмаңдар!
Кілең төрттік алғандар,
Мені ғана армандар. (С. Сауытбеков)
Үйге тапсырма
Мәтінді оқу, мазмұндау. іздену. Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерді көрсетуге дайындалу. Шартты белгілерін жатқа жаза білуге дайындық жасау.
Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау
Көршілерінің жұмысын бағалайды.
1-5 дейінгі балды қойып шығады.
Кері байланыс
«Бессаусақ» ойыны.Саусақтарға жауап жазады.Бүгінгі сабақтан не үйрендім?Сабақ қызық болды ма?Зерттеу жүргізу сен үшін қиын ба?
Тексерілді: