7


  • Учителю
  • 7 – ге көбейту және бөлу кестесі

7 – ге көбейту және бөлу кестесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ивановка негізгі мектебі

Пәні: математика


Тақырыбы:

7 - ге көбейту және

бөлу кестесі


3а сыныбы


Бастауыш сынып мұғалімі:


Буркутбаева Гүлшат Бокеевна

Математика

Тақырыбы: 7 - ге көбейту және бөлу кестесі

Мақсаты: 7 - ге көбейту және бөлуді меңгерту. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

  • Сабақтың түрі: саяхат сабақ

  • Сабақтың әдіс-тәсілі: ақпараттық, өзін-өзі бағалау, өздік, жұмыс, талдау,жинақтау, түсіндіру.

  • Пәнаралық байланыс: информатика, әдебиет

  • 1. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • 2. Психологиялық дайындық:

Ақылы бар баласың,

Айтқан тілді аласың.

Намысты болып өссең сен,

Нағыз адам боласың!

3. Үй тапсырмасын тексерейік!

  • Қызығушылығын ояту

  • Қазақтар қандай сандарды қасиетті дейді?

  • 7 қандай сан?

  • 7 саны туралы қандай ұғымдарды білесіңдер?


Кластер

  • Жеті жетекші

  • Адамның басшысы - ақыл,

  • Жетекшісі - талап.

  • Жолаушысы - ой.

  • Жолдасы - кәсіп.

  • Қорғаны - сабыр.

  • Қорғаушысы - мінез.

  • Сынаушысы - халық.


  • Саққұлақ би

Қазақстанның жеті кереметі

  • Киіз үй

  • 2. Домбыра

  • 3. Бәйтерек

  • 4. Таңбалы тас

  • 5. Маңғыстаудағы жер асты мешіті

  • 6. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

  • 7. Алтын адам


Әлемнің жеті кереметі


Хеопс пирамидасыЕгипет астанасы - Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар-пирамидалар.

Ең үлкені-Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147метрдей,


Палетканы пайдаланып пирамиданың

Ауданын табу

Семирамида аспалы бағы

Әлемнің ендігі бір «кереметі» -Семирамиданың аспалы бағы. Ол Ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы-Вавилонда болған. Патша өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан көтерген жасанды алаң үстіне салдырды. Cарай алаңына көтерілген алты текпішек айнала кірпіштен өрілген аркалар тізбегімен ﴾аркада﴿ көмкеріліп, топырақ төселген әр текпішекке жайқалған бақ орнатылған.


Ауызша есеп:

54:6-2=

5*6-23=

21:3+0=

28+7:5=

3*6-11=

45:5-2=

Артемиданың ғибадатханасы.

Грек әйел пірі Артемиданың Кіші Азияның Эфес қаласындағы ғибадатханасы әлемнің үшінші «кереметі» деп есептелген.

Ол кілең мәрмәр тастан 120 жыл бойы салынып,жаңа заманға дейінгі 550 жыл шамасында аяқталған. Ғибадатхананы көз тартарлық әдемі салып, ішінде бағалы заттар мол болады. Сондықтан атағы жер жүзіне жайылып кетеді.


Теңдеуді шешуді пысықтау:

Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?

Белгісіз көбейткішті қалай табамыз?

Белгісіз азайғышты қалай табамыз?

Белгісіз бөлінгішті қалай табамыз?

Белгісіз бөлгішті қалай табамыз?

Х + 12= 56

7*Х=35

Х:4=8

Зевс мүсіні

Грецияның оңтүстүгінде, Олимпиялық ойындардың орталығы Олимпиядағы ғибадатханадағы ежелгі гректердің сыйынатын жоғары пірі - Зевстің мүсін бейнесі болған.Олимпиа Зевстің бұл мүсінін бұдан 2 мың жылдай бұрын, біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда ұлы мүсінші Фидий жасаған. Бұл - төртінші «керемет».


Жаңа Сабақ:

. 7 ∙ 6 = 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7

7 ∙ 7 = 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7

7 ∙ 8 = 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7

7 ∙ 9 = 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7


7 ∙ 6 = 42

7 ∙ 7 = 49

7 ∙ 8 = 56

7 ∙ 9 = 63


Галикарнас мавзолейі

  • Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы - Галикарнастақазіргі Түркияның Бодрум қаласы﴿ бесінші «керемет» Мавсол патшаның мавзолейі болған.Оны біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырдың орта шенінде патшаның жесірі - патша ханым Артемисия салдырған.

  • 7-ні бөлу кестесін құру. Неліктен 7- ге бөлу кестесін құрғанда 7-ге көбейту кестесін пайдалануға болады. (кестемен жұмыс істеу)


Родос алыбы

Бұл - алтыншы «керемет» Родос алыбы деп аталады. Теңіз бен қала қақпасының аралығындағы сауда алаңында биіктігі 36 метр жас жігіттің қола мүсіні болған. Осынау алып ескерткіш екі алшайта басып, қалаға жау жолатпас қаһарлы сақшыдай алысқа көз тігіп тұрған. Басында күн шапағын бейнелеген тәжі болған. Арал тұрғындары күн тәңірі Гейлосты өзендердің қамқорлығы деп білген, сондықтан да мүсін басына тәж кигізілген.

№ 5. Бос орынға тиісті санды қой.


Александрия маягы


Бәрінің білетін «фара»(үлкен шам) атауы әлемнің жетінші «кереметінен»шыққан.Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында, Алексрандия қаласының қасында, жаңа заманнан бұрынғы 280 жыл шамасында ежелгі дүниенің үлкен маягы﴾шырақ﴿ орнатылған.

Бұл үш қабат мұнараның биіктігі 120 метр болған. Оның үстінде жан жағы ашық тас күркеде лапылдап от жанып тұрған, ол кемелерге жол көрсеткен...

№ 6. Теңдеу құр және оларды шеш.

А) Белгісіз санды 253 - ке арттырғанда, 609 шығады;

Ә) 63 -ті белгісіз санға бөлгенде, 9 шығады.

Үйге тапсырма: 7-ге көбейту, бөлу кестесін жаттау


Сабақты қорытындылау:

- Біз бүгін қайда саяхат жасадық?

- Әлемнің неше кереметі бар екен?

- Қазақстанның неше кереметі бар екен?

- «Жеті» қандай сан?

- «Жеті» санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?

Бағалау:

  • Бағалау парағындағы бағаларыңда айтыңыздар?

  • Өздеріңе қандай баға қойдыңдар?




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал