7


  • Учителю
  • Конспект урока на тему 'Шығыс септік' (4 сынып)

Конспект урока на тему 'Шығыс септік' (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы. Шығыс септік. 73-79 жаттығу.Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Шығыс септіктігі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру. 2. Дамытушылығы: Жаттығулар орындата отырып, ш
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы. Шығыс септік. 73-79 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:


1.Білімділігі: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Шығыс септіктігі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.


2. Дамытушылығы: Жаттығулар орындата отырып, шығыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.


3.Тәрбиелігі: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білуге, ізденімпаздыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.


Сабақтың әдістері: Ассоциация, семантикалық карта, Венн диаграммасы, тест, екі жақты түсіндірме.


Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру.

3. Психологиялық дайындық


Күніміз ашық болсын

Жеріміз кең болсын

Еліміз тыныш болсын

Сабағымыз жақсы өтсін.


ІІ Үй жұмысын сұрау.

- Қазақ тілінде неше септік бар?

- Септік жалғаулары дегеніміз не?

- Зат есімнің септелуі дегеніміз не?


5. «Септіктер» ассоциация құру.







6. Сематикалық карта.


ІІІ. Жаңа сабақ

«Қайың» сөзін септеу арқылы жаңа сабаққа өту.

8. Шығыс септіктегі зат есімдер кімнен? Кімдерден? Неден? Нелерден? Қайдан? Деген сұрақтарға жауап береді. Шығыс септігі атау септікке - нан,

нен, -дан, -ден,- тан, -тен жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды шығыс септік жалғаулары деп атайды.

Оқулықпен жұмыс.

73- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Шекпеннен су да, жел де өтпейді. Әйелдердің сәукеледен кейінгі бас киімдерін қарқара, қасаба, тақия деп атайды. Келіні жуан әрі қатты тұтас ағаштан үңгіп жасайды. Бұл оқиғаны журналдан оқыдым.

9. Сөздік жұмыс.

Қарқара -жас әйелдердің, қыздардың төбесі биік, шошақтау, салтанатта киетін баскиім. Қасаба -ерте кезде әйелдер киетін ұзын төбелі бас киім. Келі - дәнді дақылдарды түйіп ұнтақтау үшін қуыстап жасаған ағаш құрал.

74- жаттығулар. Шығармашылық тапсырма.

Төмендегі сөздердің тиістігін қойып, өлеңді қалпына келтіру.

Т.Молдағұлов туралы айтып өту. Т. Молдағұлов 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында туған. Тұманбайдың тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы «Студент дәптері» деген атпен жарық көрді. Оның «Кәмила», «Құралай», «Жүрегім менің сапарда», «Шақырады мені жаз» өлеңдері «Хаттар, хаттар» поэмалары т.б шығармалары бар.

75- жаттығу. Тыйым сөздерді жатқа жазу. Шығыс септіктегі сөздерді тап.

Көргенді жас, пәк бала,

Дастарханнан аттама.

Мәнді сөзді тыңда:

Малды бастан ұрма.

Ережені меңгерту.

Шығыс септіктегі зат есімдер кімнен? Кімдерден? Неден? Нелерден? Қайдан? Деген сұрақтарға жауап береді.

Шығыс септіктің жалғаулары: - дан, -ден,- тан, -тен, -нан,- нен.

76-жаттығу. Берілген сөздерді шығыс септігінде тұрғанын дәлелдеу. Шығыс септіктегі сөздерге сұрақ қою. Олар сөйлемде қай мүше болып тұрғанын айту.

Арайлымнан, өрістен, теңізден, кітаптан.

ІY.Сергіту сәті.

11. Зат есім септеледі жеті түрде,

Бір-бірімен шатастырып алып жүрме.

Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,

Жатта соны, ойнап күлме, босқа жүрме.

Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

Жаттап алсаң балақай,

Зат есімді септе тез.

77- жаттығу.

Сызбаны пайдаланып, сөйлем құрау.

12. Астана нан/нен шықты

Автобус дан/ден хабарлады.

Алма тан/тен келді

Үй дайындады

Радио түсті


Астанадан шықты. Автобустан түсті. Алмадан дайындада. Үйден келді. Радиодан хабарлады.

Y. Сабақты қорыту:


YI. Үйге тепсырма: 78 жаттығу. Шығыс септік ережесін жаттау


YIII. Бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал