- Учителю
- Мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар (Ашық сабақ)
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар (Ашық сабақ)
Жаңашаруа қазақ орта мектебі
(Ашық сабақ)
Тақырыбы: Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар
Өткізген: Г.Ибат
Сабақтың тақырыбы: «Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыру мақсатындағы сабақты дамыта оқыту түрінде өтті.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі
Көрнекіліктер: Бақылау картасы, құпия сөз, мақал-мәтелдер, қоржын, рейтенгі жүйесі, ережелер жазылған плакатттар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылар назарын сабаққа аударған соң, сынып үш топқа бөлініп дөңгелек стол айналасына отырғызылады. Үш топқа топ басшысын тағайындау.
1. «Қабілет» тобы
2. «Дарын» тобы
3. «Парасат» тобы
(Әр топ білімділігін, іскерлігін, тапқырлығын алған ұпайларын рейтенгі жүйесі бойынша анықтау)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Мағжан Жұмабаевтың «Қарағым» Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңдерін жатқа сұрау. Сұрақ қою арқылы қорытындылау. Бағалау.
ІІІ.Жаңа сабақ
-Балалар біз қандай бөлімді аяқтадық?
- «Білім өмір шырағы»
-Бұл бөлімде кімдердің шығармаларын оқып таныстық?
-А.Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру»
-С.Бегелдиннің «Шоқан»
-А.Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз. Ауылға келген мұғалім»
-Ы.Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұртта»
-Машқар Гумеров «Күмән»
-Т.Молдағалиев «Мамандық таңдау»
-М.Жұмабаевтың «Қарағым»
-Шәкәрім «Амандық борышың»
-Бүгін бұл тараудың соңығысы халықауыз әдебиеті шығармаларының түрлері: жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер болмақ.
Біздің бүгінгі сабағымыз: 4 деңгейден, 8 бөлімнен тұрады. Әр бөлім сайын ұпай қойып отырасыз.
І.Деңгей: «Білгенге маржан, білмегенге арзан»
А)Тапсырмалар
1.Жаңылтпаштың қалай түсінесіз?
2.Жұмбақты қалай түсінесің?
3.Мақал дегеніміз не?
(Сұрақты топ басшылары алады)
Әр деңгейден кейін әділқазы бағасын береді.
Ә)Оқулық пен жұмыс. Жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқып, талдау.
ІІ.Деңгей «Халық айтса, қалт айтпайды»
(Топ басшылары сұрақтар алыңыздар)
А)Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.
1.Жаман аттан аяғым артық.
Жаман жолдастан таяғым артық.
2.Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ.
Аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ.
3.Түйедей бой бергенше
Түймедей ой бер.
Ә)Әр топқа тықырып беріледі. Өздері мақал-мәтелдер айтып жасырады. «Отан, еңбек, оқу-білім»
Сергіту сәті: Құпия сөзді шешсек Отан туралы мақалды оқи аламыз.
ІІІ.Деңгей «Ойлан тап»
А)3 топқа екі-екіден жұмбақ жасырылады.
1.Айдалада ақ отау
Аузы мұрны жоқ отау (жұмыртқа)
2.Тақиям толған сөк
Ерте тұрсам жоқ. (Жұлдыз)
1.Отқа жанбас, суға батпас (Мұз)
2.Сырт-сырт соғады, уақыт озады. (Сағат)
1.Қалың киімді ұнатады.
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
2.Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырым жалап тұр. (от пен қазан)
Ә)Тақтаған сөздер жазылады. Сол сөздерге жұмбақ құрастыру
Кітап, домбыра, қарбыз, қалам
ІҮ деңгей «Кім жаңылыспайды»
(Топ басшылары конверттің ішінен жаңылтпаштарды алып жаңылыспай, жаңылмай қайталап айтып беру.)
І топ Сабақты Айдар айтар
Білсе айтар
Білмесе Айдар
Қайдан айтар.
ІІ топ Аңқау жалқауды жалқаусың депті,
Жалқау аңқауды аңқаусың депті.
ІІІ топ Топ бала
Допты ала
Қуып жүр
Топтала
Ә)Бақылау картасын толтыру. (карандашпен белгілеу)
Ү.Қорытындылау: Сұрақ-жауап арқылы
ҮІ.Бағалау: Әділқазы ұпай санын айтады.
І орын Дарын тобы
ІІ орын Қаділет тобы
ІІІ орын Парасат тобы