7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Жалаң, Жайылма'

Сабақ жоспары 'Жалаң, Жайылма'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Мақсаты: 3-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру жай сөйлем дегеніміз не? Айтылу мақсатына қарай түрлерін ата. ә) оқулықпен жұмыс 1-жаттығу (Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.Мәтіннен хабарлы,лепті, сұраулы сөйлемдерді тап. Ауызша орындау.)б) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу А а А а Алма.

2-жаттығу Сызбаға қарап,қандай қорытынды шығаруға болады?

Жай сөйлем. Жалаң сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрады.Жайылма сөйлем бастауыш,тұрлаусыз,баяндауыштан тұрады.

1-жаттығудағы қарамен жазылған сөйлемдерді сызба бойынша талдау.(Қарамен жазылған сөйлемдер Жайылма сөйлемдер себебі олар тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден тұрады.)4-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы.Қарамен жазылған жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жаз. (Жұлдыздар тізілді,ай үңілді)

5-жаттығу Сергіту жаттығуы(терең ойлау тапсырмасы сызбадағы жай сөйлем түрлерін салыстырып, олдардың ұқсастығын мен айырмашылығын дәлелде.)

6-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындату Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір. Жалаң сөйлем: Жаңбыр сіркіреді.Қаз қаңқылдады.Жайылма сөйлем Жолдасты жол айырады.Екі дос мектептен қайтты.т.б

IV.Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? І қатардың балалары жалаң сөйлемдер айтады(МысалыБауыржан келді.) ІІ қатардың балалары жайылма сөйлемге айналдырады(Бауыржан сабақтан келді).ІІІ қатардың балалары жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдейді Сөйлем түрлерін ата.

V.Үйге тапсырма: 3- жаттығу 4-бет. VІ. Оқушыларды бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал