7


  • Учителю
  • Ашық сабақ жоспары 'Буын', 1-сынып

Ашық сабақ жоспары 'Буын', 1-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 18.02.2015.

Пәні: Ана тілі

Тақырыбы: Буын. Не деу керек?

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың өлеңді саналы түсініп оқуын меңгерту, шапшаң оқуға төселдіру; Буын жайлы білімдерін кеңейту. Сыпайы сөздерді үйрету, үлкендермен сәлемдесу түрлерін үйрету.
2. Дамытушылық: Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, таным белсенділігін арттыру, сауатты көркем жазуын қалыптастыра түсу, әдеп әліппесін бойына дарыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілік, имандылық тәрбиесін беру, әдептілікке, сыпайылыққа, ізеттілікке үйрету, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, сөздік, көрнекілік,
Түрі: Топтық жұмыс, саяхат сабақ.
Көрнекілік: Кесте, суреттер, сыпайы сөздер, үлестірмелі қима қағаздар, слайд.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық:

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз.

Қызығушылықты ояту: Мұғалім: - Балалар, біз осы уақытқа дейін «Үлкенге құрмет, кішіге міндет», «Әке көрген оқ жонар», «Талаптыға нұр жауар» деген мағыналы, тәрбиелік мәні зор тақырыптармен таныстық. Осы тақырыптар бізді не нәрсеге жетелейді, нені үйретті, қандай бала болуымыз керек екенін ұғындырды?

Оқушылар: Әдепті, ақылды болуға, ата-анаңды, үлкендерді, ұстаздарды құрметтеуге, кішіге қамқор болуға, үлкен әже - аталарымызға көмектесуге үйретті.

Мұғалім: Міне осының бәрі ненің белгісі?

Оқушылар: Адамгершіліктің, әдептіліктің, сыпайылықтың.

Мұғалім: Сыпайылық неден басталады?

Оқушылар: Құрметтеуден,сіз деп айтудан.

Мұғалім: Ендеше балалар, біз бүгіннен бастап бір-бірімізге сіз деп сөйлейік. Бұл сыйластың белгісі.

Мұғалім: Ендеше балалар, біз бүгінгі сабақта сіздер болып, біздер болып, бізге қонаққа келген ұстаз апайларымызбен бірге бәріміз «Сыпайылар әлеміне» саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін бізге көліктер керек.

- Қандай көлік түрлерін білеміз?

- Мектепке қандай көлікпен келеміз?

- Автобустың қалай кіріп, қалай шығамыз?

Көліктерді таптық, енді сол көліктерге мініп саяхатқа шығамыз.


Өткенді қайталау: (Автобус)

-Балалар, біз бүгінгі сабақты 3 топқа бөліп өткіземіз.

Топтық ереже: Бір-бірімізді тыңдаймыз, бір-біріміздің сөзімізді бөлмейміз, уақытты үнемі пайдаланамыз, басқа топтарды тыңдаймыз.Топтың атын біліп алу үшін, мынадай тапсырмалар орындаймыз. Ол үшін ең алдымен біз автобус көлігіне мінеміз. Тапсырманы дұрыс орындағанда ғана автобус бізді «Сыпайылар әлеміне» апаруға жол бастайды.

Әр сұраққа дұрыс жауап берсеңдер автобус көлігін аласыңдар.

Сабақтың соңында жинаған көлік түрлерінің саны бойынша бағаланасыңдар.

1-топ: «Дыбыс» тобы. Сандарды өсу ретімен орналастыр.

3

5

1

4

2

б

с

д

ы

ы

2-топ: «Әріп» тобы. Әріптерден сөз құрастыру

ірәп-әріп

3-топ: «Сөз» тобы: Ребус

,,,, ,,, ,,

Сағат өзен қаз

1-топ: «Дыбыс» тобы.

-Дыбыс дегеніміз не?

- Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Мысал келтір

2-топ: «Әріп» тобы.

-Әріп дегеніміз не?

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Мысал келтір

3-топ: «Сөз» тобы.

-Сөз неден құралады?

-Біңр сөзге сөйлем құра

-Сөйлем неше сөзден құралған?


Үй тапсырмасын тексеру: Үйге қандай тапсырма берілді?

1-топ: «Дыбыс» тобы.

1-оқушы «Көрші атам» өлеңін мәнерлеп оқу.

2-топ: «Әріп» тобы.

Сәлемдесу түрлерін оқу.

3-топ: «Сөз» тобы.

Ата мен баланың амандасуын көрсету.

-Міне балалар, өткенді қайталадық, бәрін есімізге түсірдік, кешегі үйге берілген тапсырманы да орындадық, яғни автобуспен бәріміз «Сыпайылар әлеміне» жол бастадық. (Оқушыларға автобус беру арқылы бағалау). Енді әрі қарай пойызға мініп жүреміз. Пойыздың тапсырмасы мынадай болмақ.


Жаңа сабақ: (Пойыз) Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мынадай тапсырмалар орындаймыз.

1-топ: «Дыбыс» тобы.

Буын ережесін шығару.

-«Ата» деген сөзді буынға бөлу. Неше дауысты дыбыс және неше буын бар?

А-та-2 дауысты (а-дауысты дыбыс), 2-буын бар.

Ереже: Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады. Мысалы: А-та деген сөзде 2 дауысты дыбыс бар, сондықтан 2 буын бар.

2-топ: «Әріп» тобы.

Суреттегі сөздердің бірінші әріптері бойынша сөз құрастыру. БУЫН.

3-топ: «Сөз» тобы.

Әріпті жұмбақ. БУЫН.
Табада бар
Танада жоқ,
Сабада бар
Санада жоқ. (Б)
Дабылда жоқ
Дауылда бар,
Далада жоқ
Ауылда бар. (У)
Қылда бар
Жүнде жоқ,
Жылда бар
Күнде жоқ. (Ы)
Нарда бар
Қарда жоқ,
Нанда бар
Майда жоқ. (Н)

-Ендеше балалар, біздің бүгінгі грамматикалық тақырыбымыз буын. Алдағы уақытта осы буынға байланысты тапсырмалар орындап, жаттығулар жазамыз.

Ереже: Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болдады. Буын дауысты дыбысқа негізделіп жасалады. Буынның 3 түрі бар. Ашық, тұйық, бітеу.

Ашық буын дегеніміз-дауысты дыбыстан басталып дауысты дыбысқа аяқталады, немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталады. Мысалы: Ба-ла, ә-же.

Тұйық буын дегеніміз-дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы: Ас-пан,

Бітеу буын- дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы: Жас-тық, Бал-жан.

-Міне, пойыздың тапсырмасын да орындадық. Пойызбен бірге жүріп, біраз жолды артқа қалдырдық. (бағалау мақсатында пойыздарды беру)

Енді аспанға ұшу арқылы, яғни ұшақ арқылы «Сыпайылар әлеміне» жақындаймыз.


Дәптермен жұмыс: (Ұшақ)

Көркем жазу:

1-топ: «Дыбыс» тобы.

58-жаттығу. Берілген сөздерді оқиды.

Апа, әже, ата, көке, шеше, нағашы.

2-топ: «Әріп» тобы.

Осы сөздерді буынға бөліп жазады. (әр сөзге 1 оқушы)

А-па, ә-же, а-та, кө-ке, ше-ше, на-ға-шы.

3-топ: «Сөз» тобы.

-Осы сөзде жалпы нені білдіреді? (туыстық атаулар)

-Тағы қандай туыстық атауларды білеміз? (жиен, ана, бөле, әпке, т.б.)

Сергіту сәті: (видеоролик)

Домбыра туралы мәлімет беру


Ойын: «Ойланып көрейік!»

-Сыпайы сөзде айтылса қолымызбен шапалақтаймыз, жай қарапайым сөзде айтылса аяқпен тарсылдатамыз, амандасуға байланысты сөзде айтылса айналамыз.

Сөздер: Сәлем, кешіріңіз, ассалаумағалейкүм, әке, мақұл, қош келдіңіз, нағашы ата, ғафу етіңіз, амансыз ба?.

-Міне балалар, ұшақпен де ұштық. (Ұшақ суреттерін оқушыларға беру) «Сыпайылар әлемі» елінің дәл ортасына жақындадық. Әрі қарай кемеге мініп баратын боламыз.


Оқулықпен жұмыс: «Кеме»

-Бүгін балалар біз Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» деген өлеңімен танысамыз. Қоржынымызды тағы да сыпайы сөздерден толықтыратын боламыз.

Әнуарбек Дүйсенбиев-Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, аудармашы, прозалық шығармалардың авторы, журналист Әнуарбек Дүйсенбиев 1931 жылы қазан айының 25 жұлдызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған.

«Не деу керек?» өлеңін мәнерлеп оқу.

-Не деп барып жеу керек?

Рахмет апа деу керек!

-Мұндайда не деу керек?

Кешіріңіз деу керек!

-Жөн еді не айтқаның?

Рұқсат па деу керек!

-Сен қай сөзді айтпадың?

Жарайды, мақұл деу керек.

1-топ: «Дыбыс» тобы.

-Өлеңді 4 оқушы мәнерлеп оқу

2-топ: «Әріп» тобы.

-Өлеңнің түсінігін қысқа айту.

3-топ: «Сөз» тобы.

-Сыпайы сөздерді теріп айту.

-Міне балалар, осымен кеменің тапсырмасын да ойдағыдай аяқтадық. (Оқушыларға кеме беру). Егер осы соңғы тапсырманы орындасақ онда біз «Сыпайылар әлемі» еліне жетеміз. Соңғы тапсырманы орындау үшін атқа, яғни жылқыға мінеміз.

-Балалар неге жылқыны таңдадық деп ойлайсыңдар? Себебі ол қазақ халқының көлігі. Қазақ халқы жылқыны мінсе - көлік, ішсе сусын деп бекер айтпаған. Жылқы ол талай бәйгелерден оза жапқан жануар. Егер біз қазіргі бізге берілген тапсырманы ойдағыдай орындайтын болсақ, жылқы біздерді де бәйгеге апарады, яғни манадан жете алмай жатқан «Сыпайылар әлеміне» еліне жеткізеді.


Бекіту: «Жылқы»

1-топ: «Дыбыс» тобы.

«Баспалдақ» ойыны, «Б» дыбысына басталатын сөздер жазу

бал

ба

ла

ба

ла

пан

ба

ла

пан

дар

2-топ: «Әріп» тобы.

Ға буынынан аяқталатын сөздер жазу

А-ға, та-ға, жа-ға,балға.

3-топ: «Сөз» тобы.

Сәйкестендіру

Рах құл

Ке сат

Ма мет

Рұқ шір

Рахмет, кешір, мақұл, рұқсат.


Барлық топқа: Семантикалық картаны толтыру.

сөздер

ана

сіз

әже

ұл

бала

қыз

кешір

1 -буын


+


+


+


2-буын

+


+


+


+

Жұп болып тексеру.

-Міне балалар, осымен біз барлық «Сыпайылар әлемі» еліне жеттік. (Жылқыларды беру арқылы бағалау)


Бағалау: Топ басшылары топтарындағы оқушылардың қанша көлік түрін жинағандарын айтады. Мұғалім бағалайды.


Қорытынды: -Балалар, біз «Сыпайылар әлеміне» оңайлықпен келген жоқпыз. Осы елге жету үшін не істеді? (көліктерге міндік, түрлі тапсырмалар орындадық.)

-Қандай көлік түрлеріне міндік?

-Олардың пайдасы қандай екен?

-Қандай өлеңмен таныстық?

-Әнуарбек Дүйсенбиев деген кім екен?

-Буын дегеніміз не екен?

-Қандай тапсырмалар орындаған қызықты болды?

-Қандай тапсырма қиын болды?

«Ыстық орындық». Сыпайылар әлемінің тәжін киіп, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айту.

-Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал