- Учителю
- 3-Сыныпқа арналған бейнелеуденсабақ жоспары
3-Сыныпқа арналған бейнелеуденсабақ жоспары
Бейнелеу өнері
Алматы
«Атамұра»
2012-2013 жыл
34 сағат
Сабақ жоспарлары
Күні: Бейнелеу өнері 3-сынып
Сабақ: №1
Сабақтың тақырыбы:
Жылы және суық түстер жайлы не білесің?
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың
білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет
салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.
Негізгі бояу түсі:
-
қызыл,
-
көк,
-
сары.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Мына жұмыстарға мұқият қара. Олар салған жылы және суық түстер жайлы білетініңді есіңе түсіруіңе көмектеседі.
Жылы және суық түстер арқылы суретшілер ауа райын, жыл мен тәулік мезгілдерін ғана емес, сонымен қатар көңіл күйді де бере алады.
-
Мына жұмыстардың қайсысына жылы, салқын, ыстық, суық, көңілді, мұңды, қуанышты және мазасыз деген анықтаулар сәйкес келеді?
-
Бұл шығармаларды қарағанда сен қандай сезімде боласың?
-
С
аған қандай түс ұнайды? Жылы ма, әлде суық па?
Жылы және суық түстердің құпия-сырлары өте көп. Мына екі шеңберге зер салып қара.
Шеңбердің қайсысы саған үлкендеу болып көрінеді? Әрине, сен қызыл түсті шеңбер деп айтасың. Расында да қызыл шеңбер жасыл шеңберден үлкен болып көрінеді. Ал негізінде бұлар бірдей өлшемдегі шеңберлер.
Өз бетіңмен тәжірибе жасап көр: сары және күлгін (не қызғылт сары және көк) түсті қағаздардан өлшемдері бірдей екі шеңбер қиып ал. Оларды бір-біріне беттестіріп бірдейлігін тексер. Сонан соң шеңберлерді өлшемі бірдей қара немесе сұр шаршылардың үстіне қой.
Үйге тапсырма беру: Жылы түсте табиғат көрінісін бейнелеу.
Сабақ: №2
Сабақтың тақырыбы:
Түспен көңіл күйді көрсету. Жақын түстер.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік дағдыларын
қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Жалпы қабілеттілікті дамыту.
б) Тәрбиелілік: Адамгершілік тәрбиесін беру.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Плакаттар, түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз, және тағы басқа, түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар, ояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Сабақты оқушыларға бірнеше сұрақтар қою арқылы бастаймын:
-
Мына шығармалардың көңіл күйін қалай сипаттар едің? Тандап алынған гамма шығарманың көңіл күйіне калай әсер еткен?
-
I. Жансүгіровтің мына өлең жолдары қай шығармаға дәл келеді?
Жазыла есінеп жапан қыр,
Маужырап сұлап, балбырап.
Даладан, таудан көшті нұр,
Салбырап, сам жамырап.
Мына шығармаларды салыстыр. Мұндағы түстер гаммасы әр түрлі. Тыныштық әсерін туғызатын жүмысты жазарда пайдаланған түстер мен реңктер жақын түстер деп аталады. Ал мерекелі, қарбалас сәтті немесе көтеріңкі көңіл күйді білдіретін шығармалардағы түстерді қарама-қарсы деп атайды.
Өзіңе таныс түстер шеңберіне назар аудар. Онда қатар орналасқан түстер бір-біріне ұқсайды. Қызыл түс сәл күлгінге және қызғылт сарыға, ал қызғылт сары түс сарыға ұқсас. Бүл кездейсоқ емес, себебі қызғылт сары мен күлгін құрама түстер және олардың құрамында қызыл түс бар. Ал жасыл сарыға да, көкке де ұқсайды. Жасыл түс қандай түстерден құралғанын есіңе түсір. Түстер шеңберінде қатар орналасқан түстер бір-біріне ұқсас болады. Сондықтан оларды жақын түстер дейді. Жақын түстердің байланысын түстер реңкі (нюанс) деп те атайды.
Үйге тапсырма беру: Суық және жылы түстерді қолдана отырып шығармашылық жұмыс орындау.
Сабақ: №3
Сабақтың тақырыбы:
Қарама-қарсы контраст (контраст) түстер. Қарама-қарсы түстердің ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың
білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет
салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар, бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.
Негізгі бояу түсі:
-
қызыл,
-
көк,
-
сары.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ал енді шеңберде керісінше қарама-қарсы орналасқан түстерге қара. Қызыл түс жасылға, қызғылт сары түс көкке, сары түс күлгінге қарсы орналасқан. Оларды қарама-қарсы түстер жұбы деп атайды. Бүл түстер бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Қызыл жасылға, қызғылт сары көкке, сары күлгінге қарама-қарсы түстер.
Тағы бір тәжірибе жасап көрейік. Тәжірибе жасау үшін саған үлкендігі мен түстері бірдей, мысалы, қызғылт сары түсті екі дөңгелек және түстері әр түрлі, ал өлшемі бірдей екі шаршы керек. Бір шаршыны сары қағаздан, екіншісін көк қағаздан қиып ал. Дөңгелектерді шаршылардың бетіне орналастыр. Дөңгелектердің қайсысы саған ашық түсті болып көрінеді? Әрине, көк шаршы бетіндегі қызғылт сары дөңгелек анағұрлым айшықты. Ал сары шаршы бетіндегі қызғылт сары дөңгелек әлдеқайда қоюлау. Мүмкін, бір дөңгелектің түсі екіншісіне қарағанда ашықтау шығар?! Оларды шаршы бетінен алып, ақ қағаз бетіне орналастыр. Екеуінің де түсі бірдей екеніне көз жеткіз. Оларды қайтадан шаршылардың бетіне қой, тағы да көк шаршы бетіндегі дөңгелек ашық болып көрінеді.
Осылайша басқа қарама-қарсы түс жұптарына да тәжірибе жасауыңа болады. Жасыл шаршы бетіндегі қызыл дөңгелек күлгін шаршы бетіндегі қызыл дөңге- лекке қарағанда әлдеқайда айшықты.
С
ары шаршы бетіндегі күлгін дөңгелек көк шаршы бетіндегіге қарағанда айшықты болып көрінеді. Нәтижесінде қарама-қарсы түс жұптары жақын түс жұптарына қарағанда әлдеқайда айшықты екендігіне көз жеткізесің. Жақын түстер үйлесімділігіне қарағанда, қарама-қарсы түстердің үйлесімділігі әрқашан жарқырап көрінеді.
Үйге тапсырма беру: Жылы және суық түсте табиғат көрінісін бейнелеу.
Сабақ: №4 бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы:
Жақын түстер гаммасының көңіл күйі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың бояу түстері жайлы таным-түсінігін
кеңейту.
ә) Дамытушылық: Олардың бояуымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін арттыру,
дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық
жұмыс жасауға баулу.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. Сен қандай әуендерді ұнатасың, көңілдісін бе, әлде мұңдысын ба, қатты шулысын ба, әлде баяу ырғақтысын ба? Неліктен?
Франңуз суретшісі Берта Моризоның «Пианино» атты туындысына назар аударшы. Қалай ойлайсың, қыздар қандай әуен ойнап отыр, көңілді ме, әлде баяу ырғақты ма? Жауабыңды түсіндір.
Егер сен музыка тыңдауды ұнататын болсаң, онда сол әуендердің ішінде көңілді, мұңды, салтанатты және өте нәзік лирикалықә ндердің болатынын білесің. Мысалы, бесік жыры нәзік те баяу әуенде айтылып, сәбиді тәтті ұйкыға бөлейді. Баяу әуендерге белгілі бір түс гаммалары сәйкес келеді.
Ал марш салтанатты және көтеріңкі әуенді келеді. Мұндай әуен өз тыңдаушысын жігерлендіріп, рухын көтереді. Бейнелеу өнерінде
кейбір сурет бояулары көңілді нәзік тыныштық орнатса, ал енді бірі керісінше жан толғанысын тербейді.
Бояу түстерінің жиынтықтарын үш топқа бөл. Бірінші топқа қатты дауысты, жігерлі, көңілді әуенге сәйкес түстерді, екіншісіне баяу, нәзік, ал үшінші топқа мұңды, жабырқау әуенге сәйкес келетін түстерді жина.
Ал енді әрбір топтағы түстерді қандай қасиеттері біріктіретінін анықтауға тырыс. Түстерді іріктеген кезде бірінші топқа айшықты, қанық түстер, ал екінші топқа солғын, ақшыл, ал үшіншісіне қара бояу қосу арқылы алынғандай қою түстер жататынын байқаған бо- ларсың. Суретшілер тілімен айтқанда, бірінші топтағы түстерді - қанық түстер, ал екінші және үшінші топтағыларды қанық емес түстер деп атайды.
Жақын түстер гаммасы сабырлылықты, ұстамдылықты білдіреді. Осы түстер гаммасында жазылған шығармалар тылсым тыныштық әсерін туғызады. Жақын суық түстер гаммасы арқылы мұңды көңіл күйді беруге болады. Ал жақын жылы
түсті гамма жанға жайлы жылылықты ұялатады.
Жақын түстер гаммасы тек
қана жылы немесе суық болады.
Үйге тапсырма беру: Натюрморт орында, жылы және суық реңдерге
арнап сурет салу.
Сабақ: №5
Сабақтың тақырыбы:
Қарама-қарсы түстер гаммасының көңіл күйі. Қарама-қарсы түстерді араластыру.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың бояу түстері жайлы таным-түсінігін
кеңейту.
ә) Дамытушылық: Олардың бояуымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін арттыру,
дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық
жұмыс жасауға баулу.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Қарама-қарсы түстер гаммасы мерекелік, жайдары, көтеріңкі көңіл күй туғызғандай әсер береді. Егер сен осындай көңіл күйдегі туынды жазғың келсе, қарама- қарсы түстер гаммасын таңдап алғаның дұрыс.
Қарама-қарсы түстер гаммасы бір уақытта жылы да, суық та бола алады. Олар бір-бірінің түстік әсерлілігін күшейтеді.
Суреттерге назар аудар. Балалар қарама-қарсы түстер гаммасын пайдалана отырып, айшықты суреттер салғанды ұнатады. Сондай-ақ олар жақын түстер гаммасын да жиі пайдаланады.
Қарама-қарсы түстер гаммасы өте айшықты болатынына көз жеткіздің. Алайда қарама-қарсы түстердің тағы бір ерекшелігін жас суретші білуге тиіс. Кейде балалар айшықты түстерді көре салып, оларды араластыруға кіріседі. Оларға алынатын жаңа реңк немесе түс керемет болып көрінетін тәрізді. Бірақ екі ашық түсті араластырғанда қоңыр түс шығады. Қатар түрған қарама-қарсы түстер бір-бірін әсерлей түседі. Осы түстерді бір-біріне қосып, бояутақтада араластыратын болсақ, олар бір-бірінің ашық түсін жояды. Қарама-қарсы түстерді араластырғанда алынған түстерге назар аудар. Өзің де байқаған боларсың, айшықты түстердің ізі де қалмады. Алайда бұл түстерді араластыруға болмайды деген қорытынды жасауға асықпа. Керісінше суретшілер осы тәсілді көбірек қолданады. Міне, қарама-қарсы түстер жұптарын араластыру арқылы қоңыр түстің қандай әдемі реңктерін алуға болады. Мысалы, күздің суретін салу үшін қарама-қарсы түстерді араластыру
арқылы күз түстерінің өте бай гаммасын алуға болады. Бояутақтада өз
бетіңмен қоңыр түстің неғүрлым көп реңктерін шығарып көр. Бұл саған күзгі гүл шоғын салған кезде қажет болады.
Үйге тапсырма беру: Қарама-қарсы түстерге арнап табиғат көрінісін бейнеле.
Сабақ: №6
Сабақтың тақырыбы:
Түс натюрморттың көңіл күйін қалай өзгертеді.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың натюрморт салудағы бояу түстері жайлы
таным-түсінігін кеңейту.
ә) Дамытушылық: Олардың бояуымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін арттыру,
дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық
жұмыс жасауға баулу.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Сен түрлі ағаш жапырақтарының суретін салып үйрендің. Сондықтан саған күзгі жапырақтардың әсем жиынтығын салу қиын емес. Күзгі жапырақтар өте әдемі, олардың түстері, пішіндері алуан түрлі. Алдымен қандай гүл шоғын салатыныңды ойланып ал. Ол жақын гаммада мұңды немесе нәзік болуы мүмкін.
С
ондай-ақ жайнаған, мерекелі көңіл күйді білдіруі де мүмкін. Алтындай жарқыраған жапырақтар қарама- қарсы фонда ерекше көзге түседі. Дегенмен олардың әрқайсысы өзінше әдемі. Мына гүл шоқтарына назар аудар. Олардың қайсысы саған көбірек ұнайды?
Сондай-ақ оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Қарама-қарсы гаммада салынған гүл шоғы қандай көңіл күйді білдіреді?
2. Жақын түсті гаммадагы ше?
-
Төмендегі өлең жолдары қандай әсер беретіні туралы ойлан.
-
Қай өлеңге қарама-қарсы, қайсысына жақын түсті гамма сәйкес келеді?
-
Өлеңдердің мазмұнына сәйкес келетін картина немесе фотосуретті таңда.
Көтеріле, аспандай,
Көкте сұрша бұлт көшіп,
Жерге інжу шашқандай,
Күміс моншақ шық түсіп.
Т. Жароков
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші - алаша,
Ал аунайық жатып ап.
Қ. Шаңгытбаев
Сипап өткен самалға,
Тербеледі сары алма.
Шолып едім бакшаны,
Қауын біткен сап-сары.
Көрінеді шалғайдан,
Бел-белестер сарғайған.
Сары жапырақтар төғілғен,
Тоғайды да көрдім мен.
Таза жездей жайнаған,
Сары бояу ойнаған.
Енді сары бояумен,
Күз суретін салам мен.
Қ Баянбаев
Үйге тапсырма беру: Натюрморт орында, жылы және суық реңдерге
арнап сурет салу.
Сабақ: Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы:
«Күзгі гүл шоғы» натюрмортының композициясы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 3-сынып оқулығы, Қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Сенің композицияңның сәтті шығуына парақтың өлшемі мен пішімін дұрыс таңдау қаншалықты маңызды екенін білесің. Ол үшін түрлі пішімге бірнеше нобай
салып қара. Қандай пішімдерді білетініңді есіңе түсір. Салынған сурет пішіммен қалай байланысып тұр?
Пішіні мен өлшемдері әр түрлі құмыра суретін сал. Олар парақтың пішіміне сәйкес болуы тиіс. Гүл шоқтарының әр түрлі болуын қадағала. Нобайларды мұқият қарап шық. Оларды мүғалім және достарыңмен бірге талқылап, ішіндегі ең жақсысын таңдап ал. Өзіңе үнаған нобайды көшіргі қағаз арқылы бірнеше қайтара салып шық. Олардың әр түрлі түстер гаммасындағы бірнеше нұсқасын жаса. Әрбір нобайдың көңіл күйін анықта. Ол үшін қарама-қарсы немесе жақын түстер гаммасын таңдағаның дұрыс. Сенің гүл шоғыңның көңіл күйі соған байланысты болады.
Мына бірдей екі композиция өр түрлі түстер гаммасында орындалған. Гүл шоқтарының көңіл күйін сипатта. Натюрморттың көңіл күйіне түс қалай өсер ет- кен?
Түсті нобаймен жұмысты аяқтаған соң, композиция- ларды тағы талқыла. Өзіңе ұнаған нұсқаны таңдап ал. Үлкен өлшемді натюрморт жаз. Оны түсті қарындаш, акварель немесе гуашьпен салуға болады.
Кескіндемеші-суретші үшін негізгі әсерлегіш құрал түс екенін білесің. Алайда суретші тек түстің көмегімен ғана әсерлі туындылар жазбайды. Суретші С. Айтбаев дақтың көмегімен түйелерді қалай бейнелегеніне қара. Ол дақты бірде тігінен, бірде көлденең, бірде көлбеу жағады. Бейнебір әсерлі шыгармадагы бейнені суретші дақтардан «қалап» шыққан сияқты.
Ал мына жұмысқа қарасаң, наурыздың тамаша бір күні елестейді. Айнала жарқырап, құлпырып, аяқ астындағы қардың сықырын естігендей боласың. Суретші бұл жұмысын суық және жылы түсті ірі дақтармен салған.
С
уретшілер дақтың көмегімен әр түрлі материалдардың үстіңгі бетін - фактурасын береді. Онымен түрлі көңіл күйді көрсетуге болады. Дақ сан алуан - екпінді әрі кең, алымды, қысқа да нәзік, өткір де қуатты бола алады.
С. Айтбаев. Жайлаудағы түйелер И. Грабаръ. Наурыздағы қар
Үйге тапсырма беру: Гүл шоқтары бейнеленген құмырадағы натюрмортты
бейнелеу.
Сабақ: бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы:
Пуантилизм деген не?
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Әрбір суретшіге, тіпті жаңа бастап жүрген талапкерге де түстерді араластыру мен пайдалану заңдылығын білу керек. Тәжірибе жасап көр: бір қатарға үш түрлі түстегі дақты жақ та, оған әр түрлі қашықтықтан қара. Дақтар бір түске айналып кеткен. Суретшілер өз шығармаларында осы тәсілді ұтымды қолданған.
Мына бір туындыға еріксіз көңіл аударасың. Қанатын кең жайған қарағайдың жапырақтары айшықты бояуларымен батқан күннің сәулесіне шағылысады. Майда қысқа дақтар жылт-жылт етіп, ауа қозғалысын көрсеткендей. Дақтардың түсі әр алуан реңге құбылып, толқып тұрғандай әсер береді. Жазудың бұл мәнерін суретшілер пуантилизм (нүктелермен сурет салу) деп атаған. Франңуздың «пуант» сөзі нүкте деген мағынаны білдіреді. Қысқа дақ расында да нүкте сияқты.
Егер суретті жақыннан қарайтын болсаң, қосылғанда белгілі бір түске айналатын көптеген ұсақ нүктелерді көруге болады. Қажетті түсті бояуларды бояутақтада араластыру арқылы ғана емес, сонымен қатар түсті дақтарды қатарлап жағу арқылы да алуға болады екен. Мұндай тәсіл оптикалық араластыру деп аталады.
-
Суреттерге зейін қойып қара. Жасыл және күлгін түс қандай түстерден алынған?
-
Түстерді алуда пайдаланылған бұл тәсіл қалай аталады?
-
Жасыл, күлгін және қызғылт сары түстерді алу үшін бояутақтада кандай бояуларды араластырасың?
1. Мына натюрморттағы құмыраның түсі кандай?
2. Бұл түс қандай тәсілмен алынған?
3. Натюрморттың фоны қандай түстерден құралған?
4. Оптикалық араластыру тәсілімен қызыл, көк және сары түстерді алуға бола ма?
Үйге тапсырма беру: Түрлі-түсті бояулармен нүктелермен сурет салып көр.
Сабақ: бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы:
Cызықтық перспектива. Сызықтық перспективаның ережелері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Қазақ суретшісі Т. Тоғысбаевтың мына натюрмортындағы заттар бір-бірінен белгілі қашықтықта орналасқан. Бізге жақын немесе алысырақ орналасқан заттардың өлшем айырмашылығын айыратындай олардың арақашықтығы айтарлықтай үлкен де емес. Соған қарамастан, картинадағы кеңістікті сезінуге болады.
Суреттегі заттар бір-бірінен әр түрлі қашықтықта орналасып, қағаз бетінде кеңістік пен тереңдік пайда болса, ол перспективалық бейнелеу деп аталады.
Итальян суретшісі Джентилле да Фабрианоның «Әулие Николайдың ғажабы» шығармасына мұқият назар сал. Сен картинаның алдыңғы қатарынан және бір- бірінен әр түрлі қашықтықта тұрған сұлбаларды көріп тұрсың. Олардың алыс тұрғаны сондай, өлшемдері де өзгеше. Алдыңғы және артқы қатардағы сұлбалардың өлшемдерін салыстыр. Денелер неғұрлым сенен қашықтау орналасса, олардың өлшемі кішкентай, ал саған жақынырақ орналасқандарының өлшемі үлкен болып көрінетінін байқаған боларсың.
Перспективалық бейнелеудің өз ережелері бар. Олармен танысу үшін мынадай тәжірибе жасап көрейік. Үлкендігі бірдей екі алманы алып, өзіңнен бірдей қашықтыққа қой. Олардың көлемін салыстыр. Содан соң біреуін үстелдің шетіне қарай ысырып қой. Енді анықтап қара. Өзіңе жақын тұрған алма алысырақ тұрған алмадан әлдеқайда үлкен болып көрінеді. Демек біз бұдан мынадай ой түйеміз.
Егер көлемі бірдей заттар әр түрлі қашықтықта орналасса, онда алыста орналасқан затқа қарағанда жақындағы зат үлкен болып көрінеді. Демек жақындағы затты алыстағы заттан үлкендеу етіп бейнелеу қажет. Бұл сызықтық перспективаның бірінші ережесі.
Егер мына көпірге қарайтын болсақ, бізден алыстаған сайын тарылып бара жатқанын анық байқауға болады. Бұл құбылыстар сызықтық перспективаға жатады. Ал біздің жасаған қорытындыларымыз сызықтық перспективаның ережелері болып табылады. Оны тағы да мұқият оқып шығып, есіңе сақта.
Алыстағы заттар жақындағыға қарағанда кіші болып көрінеді. Ені қандай болса да, параллель сызықтар бізден алыстаған сайын тарылып, көкжиекте бір нүктеде түйіседі.
Үйге тапсырма беру: Перспективалық көріністерді бейнелеу.
Сабақ: №10
Сабақтың тақырыбы:
Парақ бетін қалай кеңістікке айналдыруға болады?
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға перспектива жайлы жалпы мағлұмат беру,
білімді қалыптастыру және т.б.
ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне заттарды бейнелеуде кеңістік
перспективасын анықтауға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Перспективада сурет салу - затты көріп тұрғанымыздай бейнелеу. Мұндай тәсілмен салынған нәрселер картинаның тереңіне тартқандай әсер береді. Біз енді сызықтық перспективаның ережелерін білу әрі қолдану арқылы әсерлі жұмыстар жазуға болатынына көз жеткізуіміз керек. Бұл, әрине, оңай емес. Сондықтан бірнеше мысал қарастырып көрейік. Мына суреттердегі әр түрлі қашықтықта жатқан көлемі бірдей алмұрттың екі жартысының орналасуын тек сызықтық перспектива ережесімен таныс емес оқушы ғана салады.
Сол жақтағы суретте көлемдері әр түрлі алмұрттың екі бөлігі қатар жатыр. Перспектива әсері байқалмайды. Ал оң жақтағы суретте екі бөлік әр түрлі қашықтықта орналасқан, бірақ көлемдері бірдей. Тағы да кеңістік әсері байқалмайды.
Алмұрттардың екі бөлігін бір-бірінен және көрер көзге әр түрлі қашықтықта жатқан сияқты болып көрінетіндей етіп сал. Ол үшін п ерспективаның бірінші ережесін қолдануға болады. Онда былай делінген: егер көлемі бірдей заттар әр түрлі қашықтықта орналасса, онда алыста орналасқан затқа қарағанда жақындагы зат үлкен больш көрінеді. Алмұрттың бір бөлігі бізге жақын болғандықтан үлкен болып көрінеді. Оны солай етіп саламыз. Ал екіншісін
алысырақ әрі кішірек етіп салу керек. Міне, екі бөлік әр түрлі қашықтықта орналасты.
Суретті анағұрлым әсерлі етіп салуға болады. Ол үшін екінші ережені пайдаланамыз. Онда былай делінген: ені қандай болса да, параллель сызықтар бізден алыстаған сайын тарылып, көкжиекте бір нүктеде түйіседі. Үстелдің суретін саламыз. Ереже бойынша оның алдыңғы шетін кең, ал артқы, бізден алыс шетін тарлау етіп салу қажет. Үстелдің тақтайшаларын да солай етіп бейнелейміз. Көрерменге жақын орналасқан жарты алмұрттың және үстелдің алдыңғы шетінің сызығын жуан етіп сызамыз. Үстелдің бүйір сызықтары да жуан болуы тиіс. Енді суреттерді салыстырамыз. Қай суретте кеңістікті байқай аласың? Әрине, кеңістікті екінші суреттен байқаған боларсың. Ережелер бейнелеу өнерінің құпияларын меңгеруге септігін тигізетінін түсіндің. Оларды орнымен қолдана біл.
Үйге тапсырма беру: Парақ бетіне затты перспективалық бағытта орналастыр.
Сабақ:
Сабақтың тақырыбы:
Парақ бетін қалай кеңістікке айналдыруға болады? Перспективалық бейнелеуді үйренеміз. Қайталау. Балғын суретшілер қолтаңбасы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға перспектива жайлы жалпы мағлұмат беру,
білімді қалыптастыру және т.б.
ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне заттарды бейнелеуде кеңістік
перспективасын анықтауға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Мына суреттерді балалар салған. Ондағы заттардың өлшеміне және бір-бірінен қандай арақашықтықта орналасқанына мән бер. Суреттердің қайсысында сызықтық перспектива ережелері сақталып, ал қайсысында сақталмаған? Өз жауабыңды түсіндір.
Үйге тапсырма беру: Еркін тақырыпта перспетива ережесімен сурет сал.
Сабақ: бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы:
Пейзаждағы сызықтық перспектива.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға перспектива жайлы жалпы мағлұмат беру,
білімді қалыптастыру және т.б.
ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне заттарды бейнелеуде кеңістік
перспективасын анықтауға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Мына пейзаждарға қара. Пейзаждардың көңіл күйін білдіретін түстер гаммасына, ал ең бастысы суретшілер сызықтық перспектива арқылы тереңдік пен кеңістік әсерін қалай бере білгеніне назар аудар.
Үйге тапсырма беру: Қысқы табиғатты бейнеле.
Сабақ: №13
Сабақтың тақырыбы:
Ашық және тұйық композициялар.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға ашық және тұйық композициялар жайлы
жалпы мағлұмат беру, білімді қалыптастыру және т.б.
ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне заттарды композициялық үйлесімде
бейнелеуде кеңістік перспективасын анықтауға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Мына екі пейзажға назар аудар. Олар сипаты және көңіл күйі бойынша бір-біріне мүлдем ұқсамайды. М. Темірғалиевтің бұл туындысында тұнып тұрған тыныштық бейнеленген. Пейзажды екі жағынан ағаштар қоршап тұр. Олар композицияны тұйықтап тұрғандай әсер береді. Мұндай композицияны тұйық немесе жабық деп атайды. Тұйық композиция арқылы
тыныштықты, қимылсыз күйді беруге болады.
И. Шишкиннің мына пейзажында композицияның басқа түрі пайдаланылған. Картинаға карағанда адам алысқа көз жүгіртіп, шексіз кеңістікті көріп тұрғандай әсер алады. Туынды жан-жағынан еш нәрсемен қоршалмаған, адамның көзі ешқандай затқа тоқтамайды. Мұндай композицияны ашық деп атайды. Оны суретші үлкен кеңістікті, қозғалысты беру үшін пайдаланады.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Әрдайым суретті салудың алдында оның композициясы туралы ойлан.
Оқулықтан ашық және тұйық композицияларды тап.
Суретшілер композицияның бұл түрлерін неге таңдағанын түсіндіріп көр.
Таңдап алынған композиция картинаның көркемдігіне калай әсер еткен?
Үйге тапсырма беру: Композиялық үйлесімде табиғат көрінісін бейнеле.
Сабақ: №14
Сабақтың тақырыбы:
Композицияның басты бөлігі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Композиция және оның құрылымдары жайлы алған
білімдерін толықтырып, білімді қалыптастыру және т.б.
ә) Дамытушылық: Оқушының ойын жинақтап тұжырым жасай білу
қасеттерін, белсендігін арттыру, өзара жолдастық көмек
беруі, табандылықпен жауапкершілікке ұмтылуы.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды кішіпейілдікке, жекелеп жұмыс жасауға,
ұйымшылдыққа, сабақта өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Суретші көп фигуралы композиция жазар алдында, ең алдымен, көрермен басты назар аударатын бөлігін анықтап алады. Ол үшін суретші алуан түрлі тәсілдер қолданады. Мына картинада біз алдымен ақ боз ат мінген қара киімді адамға назар аударамыз, содан кейін барып оның арғы жағындагы табиғат көрінісіне қараймыз.
Нәзік пішінді құмыра үстел, орамал, жақтау пішіндерінің тұсында ерекшеленіп тұр. Суретші әрдайым өз шығармасындағы басты бейнені, затты анықтап алады. Ол сол басты бөлікті ашып көрсететін тәсілдерді іздестіреді.
Композициядағы басты бөлікті ашып көрсетудің әр алуан тәсілдері бар. Мына геометриялық композицияларға қара. Ең бірінші әр композициядағы не нәрсеге, қандай денеге көңіл аударасың?
Композициядағы басты нәрсені:
1) пішіннің;
2) өлшемнің;
3) түстің;
4) орналастырудың көмегімен айқындауға болады.
Суретшілер көбінесе басты бөлікті айқындап көрсету үшін бір мезгілде бірнеше тәсіл қолданады. Мына композицияларға қарап, суретші басты нәрсені көрсету үшін кандай тәсілдерді біріктіргенін анықта.
Мына шығармаларға мұқият қара.
1) Әр композициядағы басты нысананы анықта.
2) Ол қандай тәсілмен айқындалған?
Үйге тапсырма беру: Композиялық үйлесімде шығарма орында.
Сабақ: №15
Сабақтың тақырыбы:
Күзгі пейзаждың композициясын жасаймыз.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Табиғатты бейнелеуге, әсемдікті қабылдай білуге
баулу. Суретшілер шығармалары бойынша әңгіме
құрауға үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушының ойын жинақтап тұжырым жасай білу
қасеттерін, белсендігін арттыру, өзара жолдастық көмек
беруі, табандылықпен жауапкершілікке ұмтылуы.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды кішіпейілдікке, жекелеп жұмыс жасауға,
ұйымшылдыққа, сабақта өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері, табиғат көріністері бейнеленген суретші шығармалары, фотосуреттер, және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Міне, күз де келді. Тағы да қолға қылқалам алатын шақ. Осы күзде жинақтаған біліміңді пайдаланып, күзгі пейзаж салып көр. Сенің пейзажыңа қандай композиция - ашық немесе тұйық түрі сәйкес келетінін ойлан.
Пейзаж салудың алдында мыналарды есіңе түсір:
-
Пішімнің рөлі туралы (ойластырған пейзажыңа сәйкес келетін пішімді таңда);
2) Композициядағы тепе-теңдік туралы;
3) Сызықтық перспектива туралы;
4) Сызық пен түстің әсерлілігі туралы;
5) Затты алыс немесе жақын етіп көрсететін жылы және суық түстердің ерекшеліктері туралы.
Мына өлең жолдарын оқы. Суреттелген күзгі табиғат көрінісін қалай көз алдыңа елестетесің? Осы беттердегі суретшілер бейнелеген пейзаждарды суреттеп бер.
Өлеңге сәйкес келетін пейзажды таңда.
Сыңсиды жел қобызын бұрап тартып,
Қалмады қырға біткен қияқтан түк.
Телміріп тас төбеден ай төнеді,
Аспанда алтын қазан сияқтанып.
Т. Айбергенов
Күзгі көрініс
Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерде секірді.
Барын беріп халыққа,
Жұмыстан соң қалжырап,
Дала ұқсайды алыпқа,
Дамыл алған маужырап.
М. Әлімбаев
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Абай
Абайдың мына өлең жолдарына қай пейзаж көбірек сәйкес келеді? Жауабыңды түсіндір.
Үйге тапсырма беру: Күз көрінісін бейнеле.
Сабақ: №16
Сабақтың тақырыбы:
Таңғажайып жануарлар.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Жануарлар түрлерімен танысып, оларды бейнелей білуге
үйрету, табиғат әсемдігін көріп қабылдау.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, ізденімпаздық
дағдысын, шығармашылығын қалыптастыра отырып
дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды шапшаң ойлауға, өздігінен талпынып
жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері, жануарлар бейнеленген фотосуреттер, және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Мына құстардың дене құрылысында ұқсастық көп. Олардың екеуінде де бас, тұлға, құйрық, тұмсық, қанаттары мен аяқтары бар. Дегенмен олар әр түрлі. Сен қалай ойлайсың, неліктен? Түсінуге тырысып көр. Фотосуреттерде тукан, бірқазан бейнеленген. Бұл құстардың тұлғасы орташа, басы шағын ғана, ал тұмсығы үлкен.
Қоқиқаз, көкқұтан, тырналардың аяқтары мен мойындары өте ұзын. Ал құйрығы қысқа.
Жапалақтың басы үлкен, көздері тостағандай, ал тұмсығы кіп-кішкентай.
Тауыс - құстың патшасы. Оның қысқа аяқты келісті денесі жіңішке ұзын мойынға ұласады. Құйрығы өте әдемі. Тауыс оны жиі-жиі жайған кезде, ол желпуішке ұқсайды.
Керіктің мойыны өте ұзын. Аласа бұтадан жапырақ жұлып жеу үшін, оған иілуге тура келеді. Ал басы кішкентай әрі сүйкімді, шағын ғана мүйіздері бар. Керік - мойыны ең ұзын және ең биік жануар. Оның бойы 5 м-ден биік.
Сусиырдың денесі жуан, басы үлкен де, аяқтары қысқа. Оның мойыны мүлдем жоқ.
Бұл «шөл кемесі» - түйе. Оның денесі үлкен және екі өркеші бар. Аяқтары өте мықты. Сен көптеген жануарлармен танысып, олардың бір-біріне ұқсамайтынына көз жеткіздің. Жануарлар түсі, пішінімен ғана емес, дене бөліктері өлшемінің әртүрлілігімен де ерекшеленеді. Дененің әр түрлі бөліктерінің, сол сияқты дене бөліктері мен тұтас дененің өзара қатынасы пропорция деп аталады.
Үйге тапсырма беру: Үй жануарларын бейнеле.
Сабақ: №17
Сабақтың тақырыбы:
Алуан түрлі ойыншықтар.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Әр түрлі ойыншықтар түрлерімен танысып, оларды
бейнелей білуге және жасай білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау
қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке
тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері, түрлі ойыншықтар үлгілері, қайшы, желім және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
1. Мына бейнелерге қара. Олардың қайсысы ойыншық, ал қайсысы ойыншық емес?
2. Суретші ойыншық денесінің табиғи пропорцияларын өзгерткен бе? Егер өзгерткен болса, оны не үшін жасаған?
Буратино - ойыншық. Оны Карло әкей ағаш томардан ойып жасаған. Біз Буратиноны оның ұзын мұрнынан танимыз. Мұндай ерекшелігі болмаса, ол қарапайым балаға ұқсар еді де, оның бейнесін біз жадымызда онша сақтай алмас едік.
Ал барлығымыз жақсы көретін Чебурашканы оның үлкен қалқан құлақтарынсыз көзге елестетуге бола ма? Сол құлақтар емес пе, оны сүйкімді және есте қаларлықтай етіп тұрған!
1. Карлсонның пропорциясын сипатта.
2. Құлағы үлкен болып өсіп кеткен ертегі кейіпкерін есіңе түсір.
3. Қандай ертегі кейіпкерлерінің бет әлпеті мен дене құрылысының пропорциялары қатты өзгертілген?
4. Ұзын сақалы бар ертегі кейіпкерін есіңе түсір.
Үйге тапсырма беру: Ертегі кейіпкерлерін бейнеле.
Сабақ: №18
Сабақтың тақырыбы:
Ойыншық бейнесін жасаймыз. Ойыншық пропорциясымен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Әр түрлі ойыншықтар түрлерімен танысып, оларды
бейнелей білуге және жасай білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау
қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке
тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері, түрлі ойыншықтар үлгілері, қайшы, желім және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Енді өз ойыншығыңды жасауды ойланатын уақыт келді. Өзіңе немесе досыңа қандай ойыншық сыйлағың келетінін ойланып ал. Ол бір сүйкімді аң, фантастикалық мақұлық, көңілді сайқымазақ болуы мүмкін. Есіңде болсын, ойыншық айшықты, есте қаларлықтай болуы тиіс. Бәрімізге белгілі қоян мен аюдың бейнелерін жасамақ болсаң да, олардың ерекше дене мүшелерін ойлап тауып, әсерлі пропорциялар іздестір. Дизайнер-суретші жұмысты нобай салудан бастайды. Нобай салудың алдында мына фотосуреттер мен балалар ойлап тапқан нобайларға назар аудар. Мүмкін, осылар сенің болашақ ойыншығыңның бейнесін табуға көмектесер.
1. Қалай ойлайсың, мына ойыншықтарды қандай материалдардан жасауға болады?
2. Олар қай жастағы балаларға лайық?
Ойыншық нобайын жасау алдында пропорциямен жұмыс істе. Бұл саған қызықты, әсерлі бейнелер табуыңа көмектеседі. Мына суреттерге қара. Сиырдың пропорциясы өзгерген сайын бейнесі де өзгеріп тұр.
Нобаймен жұмыс істеген кезде түс таңдауға да назар аудар. Көрдің бе, түс және мимиканың көмегімен көңілсіз сайқымазақты көңілдендіруге болады. Мына сайқымазақтардың қайсысы саған әсерлірек болып көрінеді? Неліктен? Нобай жасаған кезде пропорциялардың қалай өзгергенін бақыла.
Үйге тапсырма беру: Жануарлардың бірінің нобайын сал.
Сабақ: №19
Сабақтың тақырыбы:
Материалмен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Әр түрлі материалдармен жұмыс істеу тәсілдерімен
танысып, оларды жасай білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өздіктерінен жұмыс
істеу, жеке топтық жұмыста шапшаңдылық танытуға
машықтандыру.
б) Тәрбиелілік: Өзін-өзі басқаруға, ұжымдылыққа, белсенділікке
тәрбиелеу, жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері, түрлі ойыншықтар үлгілері, қайшы, желім және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Нобайды аяқтаған соң, ең қызықтысы - ойыншықпен жұмыс басталады. Ешкімде жоқ сүйкімді ойыншық жасап алсаң, қандай жақсы. Оны анаңа сегізінші наурыз мейрамына немесе құрбыңа туған күніне сыйласаң, қандай тамаша! Ойыншықты әр алуан тәсілмен түрлі материалдан жасауға болады. Оны қағаздан қиып, желімдеп немесе мата мен тері қиындыларынан құрап, тіпті болмаса жіптен тоқып жаса. Әдемі ойыншықты қарағай бүрі, ағаш бұтағы және емен жаңғағы сияқты табиғи материалдардан да жасайды. Тек нобайын сызған кезде ойыншығыңның қандай материалдан оңай жасалатынын ойластыру керек. Сондай-ақ ол әдемі, әсерлі болуы тиіс. Ең ыңғайлы материалдың бірі - ермексаз. Одан әр түрлі ойыншық мүсіндер жасауға болады. Ол өте иілгіш материал. Одан жасалған ойыншықты желім қосылған түрлі гуашь немесе майлы бояумен әрлеу қажет. Сонда ойыншық ыстыққа ерімейді әрі әдемі, әсерлі болады. Ермексаздан домалақ ойыншықтар немесе қатырма қағазға, тақтайшаға жапсырылатын бедерлі ойыншықтар жасауға болады.
Үйге тапсырма беру: Әр түрлі материалдардан шығармашылық жұмыс орында.
Сабақ: №20
Сабақтың тақырыбы:
Жаңа техника. Матрицалармен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін
көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өздіктерінен жұмыс
істеу, жеке топтық жұмыста шапшаңдылық танытуға
машықтандыру.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке
тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері, және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Біз әр алуан техникамен танысуды жалғастырамыз. Бүгін сен матрицалармен жұмыс жасауды үйренесің. Бұл өте қызық. Алдымен матрицалар - таңбаның қалыптарын жасаймыз. Матрицаларды картоптан (алма, сәбіз немесе асқабақ қабығынан), өшіргіштен, пенопластан ойып жасауға болады. Алуан түрлі суреттер салу үшін дөңгелек, үшбұрыш, доғал, төртбұрыш, ромб сияқты бірнеше қарапайым пішіндер қиып алсаң жеткілікті. Бояуды мол етіп бояутақтада әбден езесің. Қағазға толық таңбасын түсіру үшін матрицаларды бояуға малып отырасың. Алдымен бір немесе бірнеше элементтерді кезектестіріп, қарапайым өрнек не әшекей ою жасауға тырыс. Әрі қарай жұмысты күрделендіре түсеміз. Матрица таңбаларының көмегімен матаның немесе түсқағаздың нобайларын жасауға болады. Мұндай жаттығудан кейін сен одан да күрделі жұмысты орындай аласың. Жұмысты бір пішінді композициядан бастаған дұрыс. Қолың жаттығып, жақсы жұмыстар шыға бастаған кезде одан да күрделірек шығарма жасауға кірісуге болады. Түрлі түсті қағаз ал. Қағаз бетіне өз жұмысыңның сызбасын жаса, сонда саған таңба жасау жеңіл болады. Содан кейін бояутақтада өзіңе қажетті түсті гуашь бояуын ез. Матрицаның ізі қағазға тегіс түсуі үшін бояу
аса қою болмауы керек. Енді басып шығаруға кіріс. Жұмысыңа әр түрлі пішіндегі матрицаларды пайдалан. Таңбалар түгел түсірілген соң кейбір бөлшектерді жіңішке қылқаламмен айналдыра сызуға болады. Сонда жұмысың өте тартымды
болып шығады. Оны жақтауға орналастырып, қабырғаға іліп қой.
Қарашы балалардың қолынан шыққан жұмыстар қандай тартымды.
1. Мына жұмыстар қандай түс гаммасында (жылы, суық, жақын немесе қарама-карсы) орындалған?
2. Өзіңе ұнаған жұмыстың көңіл күйін анықта.
Үйге тапсырма беру: Гуашь бояуымен түрлі түсті қағазда шығармашылық жұмыс орында.
Сабақ: №21
Сабақтың тақырыбы:
Иллюстрация дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Иллюстрация туралы түсінік беру, кейіпкерлердің бейнесін
салып үйрену, палитра арқылы қосынды түсті тауып, бояу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білімін, шығармашылық
қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін
дамыту.
б) Тәрбиелілік: Өнерді қастерлеуге, эстетикалық тәрбие беруге,
ұқыптылыққа, сұлулықты түсіне білуге, табиғатты
қорғауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Бейнелеу өнеріне қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері, және т.б.
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Қолыңа жаңа кітап түскенде алдымен оның суреттерін қарап шығасың. Егер суреттер ұнаса, бірден сол кітапты окып шыққың келеді. Демек бұл кітапты жақсы суретші безендірген. Ондай суретшіні көркемдеуші деп атайды. Ал кітапты безендірген суреттерді иллюстрация дейді. Бұл латын сөзі және ол «жарықтандыру» деген мағынаны білдіреді. Иллюстрация гуашьпен, акварельмен, тушьпен, қарындашпен және басқа құралдармен орындалады. Олар ақ-қара немесе түрлі түсті болады. Иллюстрациялар тек кітапты безендіріп қана қоймай, оның оқырмандарға тартымды болуына да әсер етеді. Сонымен қатар иллюстрациялар кітаптың мазмұнын, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен бейнелерін ашуда үлкен рөл атқарады. Қолыңа алған кітапты оқымай-ақ, оның иллюстрацияларын қарап шыққанда, не туралы екенін жобалап айтқан, ондағы басты кейіпкерлерді көз алдыңа келтірген сәттерің есіңде болар.
Мына суреттерге қарап бір ертегідегі екі кейіпкерге назар аудар. Әрқайсысына мінездеме бер. Бұл ертегінің не туралы екенін болжап айта аласың ба? Көркемдеуші суретші болып жұмыс істеп көр. Бұл өте қызықты!
Ертегілерден берілген үзінділерді оқы. Ұнатқаныңды таңдап алып, оны безендіріп көр. Суретшілердің оны қалай орындағанына қара. Өз композицияң мен кейіпкеріңді ойлап тап.
Бом! Бом! Бом! Бом!
Шыбын мен маса қон.
Қол ұстасып биле,
Қандала етік ки де.
Топ, топ, топ!
Қосыл, - деп, - бірге биге, -
Қоңыз, құртты сүйре.
Бай-бағылан ерлер,
Бас киімін сермер.
Бізбен бірге биге
Көбелекке де кел, - дер.
К. Чуковский
Аударған Оразақын Асқар
Арал жатыр теңізде,
Аралда әсем тұр қала.
Шіркеуі алтын күмбезді
Бау-бақшалы айнала.
Сарайдың алды қарағай.
Хрустальдай ақ үйлер
Жалт-жұлт етер жағалай.
Қолға үйренген ақ тиін
Секіреді ерке баладай.
А. Пушкин
Аударған Оразақын Асқар
Мен қаланы атқылаған өте дәу зеңбіректің жанында тұрдым да, оқ зеңбіректен атылып шыққанда, оның үстіне секіріп мініп алып, алға зымырай жөнелдім. Бәрі бірауыздан айқай салды:
- Жарайсың, жарайсың, барон Мюнхгаузен!
Р. Распэ
Сахнадан осы шуды түгел естіген, түрі жан шошырлық адам шықты, оған қарағанда қорқыныштан сілейіп, қатып қалуың мүмкін. Таралмаған қалың сақалы еденде сүйретіліп, көзі алақандай болып айналған, үлкен ауызындағы тістері сақылдайды, құдды адам емес, қолтырауын сияқты. Қолына жеті өрімді қамшы ұстаған.
А. Толстой
Өз біліміңді тексер.
1. Қағаз парақ өлшемі туралы не білесің? Салынған сурет пен парақ өлшемінің арасында қандай байланыс бар?
2. Қағаз парақтың пішімі туралы айтып бер. Салынған сурет пен парақ пішімінің арасында қандай байланыс бар?
3. Сызықтық перспективаның ережелерін айтып бер.
4. Қандай композицияларды ашық немесе жабық деп атайды? Мұндай композициялар туралы не айта аласың?
5. Композициядағы тепе-теңдік деп нені айтады? Төмендегі схемаларға назар аудар. Қайсы композицияны тепе-тең деп атай аласың? Өз жауабыңды түсіндір.
6. Суретші композициядағы басты бөлікті көрсету үшін қандай тәсілдер колданады?
7. «Иллюстрация» сөзі қандай мағына береді? Көркемдеуші-суретшінің атқаратын жұмысы қандай?
8. Пропорция дегеніміз не? Піл, жылқы, пингвин, аққу, түйеқұс, т.б. жануарлар мен құстардың пропорциясы туралы айтып бер.
Үйге тапсырма беру: Өзіңі ұнайтын ертегі кейіпкерлеріне иллюстрация жаса.