7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі. Қысқа мерзімді жоспар. 1 Сабақ Тапсырма Оқытудың негізгі міндеттері. Белсенді оқытуда қолданыла тын модульдер, әдіс-тәсілдер. Негіз

Тақырыбы: Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі. Қысқа мерзімді жоспар. 1 Сабақ Тапсырма Оқытудың негізгі міндеттері. Белсенді оқытуда қолданыла тын модульдер, әдіс-тәсілдер. Негіз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі. Қысқа мерзімді жоспар. 1 сабақ

Тапсырма

Оқытудың негізгі міндеттері.

Белсенді оқытуда қолданыла

тын модульдер,

әдіс-тәсілдер.

Негізгі дереккөз

дер

Мұғалімнің

іс-әрекеті


Оқушының

іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Бағалау,оқыту үшін бағалау.

3 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Шаттық шеңбері


Оқушыларды шеңбер болып тұрғызып, бір-бірлеріне тілек айтқызады.


Шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылы лебіздер тілеу арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптастырады.

Ынталанады.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

Топ ережесін естеріне түсіреді

Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау

2 минут

Топқа бөлу


Жануарлардың суреттері салынған қиындылары

Сурет қиындыларымен топқа бөледі.


Сурет қиындыларын құрастырып, жануарлардың суретімен 6 оқушыдан 3 топқа бөлінеді.

Топта ынтымақтаса жұмыс жасайды.

Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау

5 минут

Үй тапсырмасын сұрау

Уақыт шеңбері

Бағалау парақшасы, смайликтер

Шеңберде тұрғызып, өтілген сабақтар бойынша сұрақ-жауап өткізеді.


Шеңбер болып тұрып, бір-бірлеріне белгіленген уақытта сұрақтар қойып жауап береді. Сайланған топ басшылар белсенді қатысқан топ мүшелерін бағалау критерийлеріне сүйене отырып, бағалайды.

Өтілген тақырыпты еске түсіреді.

Сұрақтар қоюға дағдыланады.

Топтық бағалау.

Смайликтермен формативті бағалау

12 минут

Жаңа сабақ таныстырылымы

Миға шабуыл

Бағалау парақшасы, смайликтер, интербелсенді тақта

Интербелсенді тақтадан жануарлар туралы слайдтар көрсетіп, ашық сұрақтар қояды.


Оқушылар суретке қарап өз пікірлерін білдіреді.тақырыпты талқылайды, сұрақтар құрастырады және сөз жұмбақ құрайды.

Суретке қарап сыный тұрғыдан ойлау арқылы тақырыпты ашады пікір алмасады дәлелдер келтіреді.

Топтық бағалау.

Смайликтермен формативті бағалау

7 минут

Жаңа сабақты қолдану

Сәйкестендіру

Оқулық, А4 қағазы

Оқулықта берілген аңдардың суреттерін тұратын атауларымен сәйкестендіртемін.


Берілген аңдардың суреттерін тұрақ атауларымен сәйкестендіріп, А4 қағазына жазып, дәлелдейді.

Аңдардың тұрақ атауларын біледі.

Сыни ойланады.

Топтық бағалау.

Смайликтермен формативті бағалау

3 минут

Сергіту сәті


Интербелсенді тақта

Сергіту сәтін өткізеді

Би ырғағына байланысты қимылдар жасайды.


Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады

Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау

5 минут

Жаңа сабақты қорытындылау

Жүзім шоғы

Плакат, маркер, оқулық, бағалау парақшасы, смайликтер

Плакатқа жүзім шоғын салдырып, топтық жұмыс жасату арқылы жаңа сабақты қорытындылайды.

Плакатқа жүзім шоғын суретін салып, сұрақтар жазып, плакаттарын алмасып, сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылайды.

Тақырып бойынша түсініктері қалыптасады.

Топтық бағалау.

Смайликтермен формативті бағалау

4 минут

Бағалау

Топтық бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау парақшасы, смайликтер

Топтық басшыларының қорытынды бағасын тыңдайды.Көңіл-күйлерін білу мақсатында смайликтермен қалыпт

Топтың орта балын шығарып бағалайды.

Сабақтан алған әсерлерін смайликтермен білдіреді.


Әділ бағалауға үйренеді.

Ынталанады.

Топтық бағалау.

Смайликтермен формативті бағалау

3 минут

Кері байланыс


Рефлексия плакаты, түрлі-түсті стикерлер

Стикерлер тарқатып беріп, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жаздырады.

«Не білдім?», «Не білгім келеді?» «Не білемін?» деген сұрақтарға жауаптарын стикерлерге жазып, рефлексия плакатына іледі.

Өз пікірлерін білдіреді.


3 минут

Үй тапсырмасын беру


Күнделік

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жаздырады.Мәтінді түсініп оқу.Шөпқоректі жануарлар туралы шағын әңгіме жазып келу.


Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.



Сабақтың өзіндік талдауы


Сабақ кіріспе, тұсаукесер, негізгі және қорытынды бөлімдері бойынша жоспарланды.

Сабақтың ұйымдастыру бөлімінде оқушылар тренингпен 3топқа бөлінді. Сондай-ақ, сыныпта психологиялық қолайлы ахуалды туғызу үшін әр топ өлең шумақтарын бірнеше рет оқып шығады.

Тұсаукесер бөлімінде оқушылар өткен тақырып бойынша жоғарғы және төменгі дәрежелі сұрақтар қою арқылы сыни ойлауына мүмкіндік бердім. Маңыздылығы -өткен сабақты өмірмен байланыстыра білді. Сонымен, оқушылар тапсырманың қалай орындалуын өздері анықтап алды. Бұл, бір жағынан, олардың сабаққа қызығушылығын арттырса, екінші жағынан, олардың өз алдарына қоятын жауапкершілік сезімдері күшейіп, жинақтала түседі.

Негізгі бөлімде әр топ сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру мақсатында жоғарғы және төменгі дәрежелі сұрақтар қойып, «Дұрыс» «Дұрыс емес»әдісі бойынша білімдерін қай деңгейде екенін біліп,өзара бір-бірін бағалады. Бұл жұмыс оларды ұйымшылдыққа, жауапкерішілік үйретеді. Сондай-ақ, әр оқушы өз пікірін білдіру арқылы ақылдасады, бір-бірін тыңдай отырып, пікірлерін бағалайды, ішінен жақсысын алып, жауаптарын қорғауға үйренеді.. Сабақ соңында өткен тақырып бойынша қалыптастырушы тест орындады.

Сабақта бағалау әрекеті оқушы тарапынан жүзеге асып отырды.кейде өзім түсіндіріп жіберіп отырдым.(өзге ұлт өкілдері болғандықтан бағалау кейбір сыныптарда орысша айтылды)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал