7


Дүниетану 'Таскөмір' 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану Күні:

Сабақтың тақырыбы: Таскөмір.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға таскөмірдің қалай пайда болатынын; адамның таскөмірді не үшін қолданатынын түсіндіру;

Дамытушылық:логикалық ойлау қабілеті мен тіл байлығын дамыту; Тәрбиелік:табиғатты аялауға тәрбиелеу; еліміздің қазба байлықтарын үнемді пайдалануға үйрету.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ

Әдістері: СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, таскөмір кесегі,слайд

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық

Шыңына көз жетпес.

Көркіне сөз жетпес.

Басынан қар кетпес,

Өзіне тау жетпес, деп әнде айтылғандай Қазақстанның жер үсті табиғаты қалай сұлу болса, жер асты да солай қазба байлыққа тұнып тұр.

Миды шынықтыру

1.Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?

2.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?

3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?

4. Кен орнын деп нені айтады?

5. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?

6. Қара,қоңыр, кейде ақ түсті, жанғыш пайдалы қазба.

Мұнай

Топпен жұмыс

Бірінші топ: мұнайдың қасиеттері туралы;
Екінші топ: мұнайды қалай өндіреді?
Үшінші топ: мұнайдан не алынады? Табиғи газ туралы не білесің?
Оқушылар жауап беру кезінде слайд көрсетіледі, пайдалы қазбалар үлгілері қолданылады. Әр топ ойларын айтуға дайындалады.

жеке жазу;

жұпта ойын таныстыру;

топта талқылау;

ұжымның ойын ортаға салу.

ІІІ.Мағынаны тану кезеңі

Қызығушылықты ояту

Қара түсті отын,

Жанады жарқын. /Көмір/

Көмір сөзін естігінде алғашқы ойларыңа келген сөзді жазу

1.жұпта ойын таныстыру;

2. топта талқылау;

3.ұжымның ойын ортаға салу.



Көмір қалай пайда болды?

Көмірдің пайда болу схемасымен таныстыру. Слайд2

Осыдан 300 миллион жыл бұрын жер қазіргідей болған жоқ. Климат

жыл бойы жылы және ылғалды болды. Су булары бұлтты үнемі жауып

тұрды. Күнде найзағай жарқылдап, нөсер жауындар толастамады.

Бұлардың әсерінен өзендер арнауынан шығып, жаңа көлдер мен

батпақтар пайда болды.. Көп судың әсерінен өсімдіктер қаулап өсті.

Шіріген өсімдіктер батпақты жерлерге құлап, қатты қысым мен ауаның жетіспеушілігінен таскөмірге айналған.



Шіріген ағаштар батпақты жерлерге құлауы

Таскөмірдің пайда болуы

Өсімдіктердің қаулап өсуі

Қатты қысым және ауаның жетіспеушілігі

Өзен ,көлдердің арнасынан шығу,батпақты →жерлердің көбеюі



Су буларының күнді жауып тұруы

Толассыз жауған жауындар


Климаттың үнемі жылы болуы


Көмір өндіретін қалалар туралы 3-слайд

Қарағанды Көмір Алабы - және кендері шоғырланған . Картамен жұмыс

Қарағанды облысы -ҚР орталығында орналасқан.1932 жылы 10 наурызда құрылған.

Қарағанды көмір алабы жоғары сапалы, аз күлді. Көмір тереңде орналасқан, қазып алынатын орташа тереңдігі 300м. Сондықтан жер астынан шахталық әдіспен алынады. Бұндай жағдайда өндірілген көмірдің сапасы өте жақсы. Қарағанды көмірін негізінен тұтынушылар-Қазақстан, Ресей металлургиялық зауыттары мен электр стансалары.

Екібастұз көмір алабы , солтүстік-шығысында, жерінде. аса ірі көмір кендерінің бірі. КӨМІР АЛАБЫНЫҢ ұзындығы 24 км, ені 8,5 км. Көмір өндіру ашық жүргізілуде. Екібастұз көмір алабында Қазақстан - бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Алаптың жалпы көмір қоры жылына 87 млн. т көмір өндіріледі. Өндірілген көмірді , Ресей және басқа көршілес мемлекеттердің ірі энергетикалық орталықтары пайдаланады.

Екібастұз көмір алабы-күлі көп, сапасы төмен.Тек отын ретінде пайдаланылады. Көмір қабатынынң тереңдіігі 15 0м және жер бетіне жақын орналасқандықтан ашық әдіспен алынады.

Қоңыр көмір қорлары Торғай,Майкөбе кенішінде шоғырланған


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір дем алып алайық.


Мәтін бойынша тірек сөздерді тақтаға жазу.

Морт сынғыш, қара, қоңыр, шахта, бояу, пластмасса

Мәтінді іштей түсініп оқиды.


Тірек сөздердің мағынасын ашу. Жауаптары қате берілуі мүмкін.

Көмір жұмсақ.

Оның түсі қара, қоңыр

Ол тек жердің терең қабатында болады.

Шахтадан көмірді құбыр арқылы алады.

Таскөмір құрылысқа пайдаланылады.

Таскөмірді үйді жылыту үшін ғана пайдаланады.

Шахтада комбайншілер жұмыс істейді.

Таскөмір Астана қаласында өндіріледі.


6. Орталықтармен атқарылатын жұмыстар:

1.Кескін картадан көмір өндірілетін жерлерді табу.

3. «Мен көмірмін» эссе жазу

3. Кестені толтыру


Пайдалы қазбаның аты

ерекшелігі

Қалай өндіріледі?

пайдасы

Қазақстандағы көмір орындары


Автор орындығында жазғандарын оқиды.


Үй жұмысы: Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын дайындау, көмір туралы жұмбақ құрастыру



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал