7


  • Учителю
  • Конспект по математике 'Қызықты логика'

Конспект по математике 'Қызықты логика'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Қызықты логика Тақырыбы: Назар аударуды жетілдіру

Мақсаты: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру.Танымдық тапсырмалар арқылы баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру. ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

Ауызша жұмыс. Көбейту кестесі бар карточкалар таратып беру

2 ∙ 2 = 4 2 ∙ 5 = 10 2 ∙ 8 = 16

2 ∙ 3 = 6 2 ∙ 6 = 12 2 ∙ 9 = 18

2 ∙ 4 = 8 2 ∙ 7 = 14 2 ∙ 10 = 20

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

№ 1 Тез жауап бер

Мемлекеттің бас қаласы-

Көбейткіштердің мәні-

Сәрсенбіден кейінгі үшінші күн-

Заттың қимылын білдіретін сөз табы-

1кг мен 20гр қайсысы ауыр?-

Жаңбыр жауғанда қарға қандай ағашқа қонады?-

6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?-

№2 Ортақ белгісін тап,оны жазу

Қарағай мен шырша-ағаштар

Дәптер мен кітап-оқу құралдары

Етік пен бәтенке-аяқ киім

Үйрек пен қаз-құстар

Қар мен жаңбыр-табиғат құбылыстары

№3 Ойлап тап.Ұқсас қайықтарды бояу

№4 Ойла.Суретті мұқият қарап қоянға сәбізге баратын жолды табу.

№5 Ойлап суретін салу.Доптардың айырашылығын тауып,бір біріне ұқсас болатындай етіп өрнектер салу

Сергіту сәті.

Өзіндік жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізу,берілген есептерді шығару

Ү. Бекіту

ҮІ.Үйге тапсырма:

Риторика

Сабақтың тақырыбы:Шешендік арнау

Сабақтың мақсаты:Шешендік арнау туралы мағлүмат беру.

Әдісі:сұрақ-жауап,талдау,

Сабақтың барысы:Үйымдастыру кезеңі:

Жана сабақ:

Шешендік арнау-адамдар арасындағы қарым қатынасты,қазақ қауымының заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңы сияқты.

Бірыңғай мемлекеттік заңы жоқ елде барлық дау-талап мәселесі ара ағайынның қазылығымен.жол жоба білетін тәжірибелі қарттарға жүгінумен шешілген.Халықтың әдет-ғұрпына сүйеніп әлінше әділ төрелік беретін ойға ұста,тілге шешен адамдарды би деп атаған.Халықтың осындай қарапайы тәжірибесінен қазылық,билік-төрелік айту салты қалыптасқан.Мұны кейін хан-сұлтандар пайдаланып төңірегінде кеңесші билер ұстап,қарапайым қазылықты өзінің ел билеу және қаражат түсіру құралына айналдырған.

Мәтінмен жұмыс:Оқу,түсінік беру

«Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу»

Сергіту сәті:

Мәтін бойынша сұрақ-жауап алу.мәтіннің ішінде берілген шешендік сөздерді талдау


Дүниеде не өлмейді?

Ағын су өлмейді

Асқар тау өлмейді

Аспанда ай мен күн өлмейді

Әлемде қара жер өлмейді


Ағын судың өлгені

Алты ай қыста қатқаны

Асқар таудың өлгені

Басын бұлттың шалғаны

Ай ен күннің өлгені

Еңкейіп барып батқаны

Қара жердің өлгені

Қар астында жатқаны

Ажал деген атқан оқ

Бір алланың қақпаны


Жақсының аты өлмейді

Ғалының хаты өлмейді.


Сабақты қорытындылау:

Бағалау:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал