7


  • Учителю
  • Урок, Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық

Урок, Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

БЖС ТЕХНОЛОГИЯСЫ «ТРИАДА - БИОИНТЕРНЕТ» КАРТАСЫ

Тақырып: Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық.

Мұғалім: Абильдина Д.К.

Өткізу түрі: «Биоинтернет» картасы, БжС технологиясы. Мұғалімдерге арналған әдістемелік басшылық «Стандарттық мазмұн» 4 сынып.

Мақсаты: өткен тақырып бойынша 63% -ға жеткен оқушылардың білім мен біліктілігін сөйлеу арқылы нақты бекіту. Балаларды бірыңғай ақпараттық кеңістік - ұжымдық парасаттылыққа кіріктіру. Сабақта, «оқы да-тоқы» ұстанымын жүзеге асыра отырып, оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.

Міндеті: технологиялық карталардың регламентінің орындалуы.

Күтілетін нәтиже: алға қойылған мақсатқа жету.

Тип іс-әрекет амалы мен білімді бекіту бойынша оқу сабағы: мотивация > жетекші білім мен іс-әрекет амалдарын өзектендіру > стандарттық және өзгермелі жағдаяттарда білімді қолдану үлгілерін құру > білімді өз бетінше қолдану > бақылау және өздік бақылау > түзету > талдау.





І цикл.

Ұйымдастыру кезеңі.

Мотивация

Күнтізбелік жоспар бойынша тақырыптарға қалған уақыт көрсетіледі. Оқушылардың мотивациясы сыныптың бір топ ретінде болуы: Сыныптық -топ «Биоинтернет» және «Жаттықтырғыш» карталар бойынша максималды қысқа уақыт аралығында жоғары нәтижемен өтуі қажет. Мұғалім тақырыптарды оқыту барысында уақытты үнемдеуді болжайды және «Логика», «Көшбасшы», «КТС» карталарындағы жұмыс түрлерін пайдалануға мүмкіндік жасайды.

1.Терезенің сыртында сиқырлы өмір, өмірде табысты болу үшін сабақта табысты болу керек.

2. Орындадың + түсіндіре білдің =меңгердің.

3. Білімді болу -өз ойыңды жеткізу және сұрақ қоя білу біліктілігің.

4. Үйренгің келсе -үйрет, оқыт.

5.Топтық рух: сенде мүмкіндік бар, басқаларға көмектесе отырып өзіңе көмектесу.

Тақтаның жоғарғы оң жағына 63% нормасының саны қойылады.

№1 ООМ бойынша жұмыс барысын түсіндіру.

Ойлау қаблетінің дамуына, табысты болуға ынталандыру. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.





Егер «Алгоритм картасы бойынша жұмыс жүргізілгеннен 48 сағаттан артық өтсе, онда ОӘЖБ бойынша қысқаша тақырыпты қайталауға рұқсат етіледі. Оқушылар тақырып бойынша сұрақ қою керек.



Қайталау ұзаққа созылмауы тиіс. Оқушыларды жұмыс жүргізуге тақтаға шығаруға болмайды.

3

1 цикл Стандартты және өзгермелі жағдаятта білімді қолдану үлгісін құрау

Сынып 3 тапсырма алады.

ТКШ -АКШ-ЖКШ 2- нұсқа бойынша.

1 Нұсқа:№7

2Нұсқа:№8

Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлерін алмастырады.

«Қолдағы қаламсап - бұл қателік!»

бұйрығы беріледі.

1.Мұғалім барлық жауаптарды тақтадан көрсетеді. Тақтаға барлық тапсырмаларды дұрыс орындаған балалар шығады және әр оқушыны мұғалім тексереді - бұл «Альфа» тобы.

2.Екі тапсырманы дұрыс орындаған балалар екінші қатарға отырады-бұл «Бетта» тобы. Оларды альфа тобындағы оқушылар тексереді.

3. Альфа тобындағы балалар бірінші қатарға отырады.

4. Бір тапсырма немесе барлық тапсырмасы дұрыс орындалмаған оқушылар үшінші қатарға отырады, бұлар «Гамма» тобы.

Екі тапсырманы дұрыс орындаған, тексеруден өткен балалар екінші қатарға отырады, бұл бета тобының балалары.

4оқушы шығарылады.

Жұмыстың аяқталуы 5+30 формуласы бойынша. Тапсырманы орындау бойынша сыныпты үш топқа бөлу: альфа, бета, гамма.

Альфа:ТКШ-АКШ-ЖКШ

Бета: АКШ-ТКШ

Гамма: ТКШ немесе барлық тапсырма дұрыс орындалмады.













4

Білімді өз бетінше қолдану

Орындалған жұмыстар бойынша қатемен жұмыс. «Альфа» тобының сарапшылары ООМ толтырады және «Бета» тобымен жұмыс жасайды.

Мұғалім ООМ «Альфа» тобындағы оқушылардың санын белгілейді және келесі ереже бойынша, егер «Альфа» тобында;

1 оқушы болса, сарапшылар тобын күшейту үшін «Бета» тобынан кезекпен қатемен жұмыс үшін тақтаға 5 оқушы шығады;

2оқушы болса 4 оқушы шығарылады;

3оқушы болса 3 оқушы шығарылады;

4оқушы болса 2 оқушы шығарылады;

5 және одан жоғары болса 1 оқушы шығарылады;

ОӘЖА бойынша барлық шешімдер терминдер, түсініктер, ережелер және формулалар қатаң түрінде қайталанып шығады.

Мұғалім бүкіл сыныпқа сарапшы мен оқушы жұмысының үлгісін көрсетеді.

Мұғалім 3 сызба негізінде сарапшы мен жаттықтырушыларға оқушылармен жұмыс жүргізу ережесін көрсетеді.

Мұғалім эксперттерді дайындау жұмысының өзіндік стратегиясын құрады.

Тақтаның алдында тек қана «Бета» тобының оқушылары жұмыс жүргізеді.

Әрқайсысы тақта алдындағы жұмыстан кейін ООМ ұяшығына плюс және жаттықтырғыш болу құқығына ие болды. «Альфа» тобына ол кірмейді

5

Бақылау және өзіндік бақылау

Мұғалім өзі ООМ белгі арқылы «Альфа» тобындағы сарапшы - оқушыларға және «Бета» тобынан жіберілген жаттықтырушыларға қозғалу маршрутын көрсетеді.

Ешбір оқушы жұмыссыз отырмайды, сарапшылар қасына келмеген жағдайда өз бетінше ОӘЖА сызбасы бойынша ауызша айтып үйренеді. Мұғалім белгілі бергеннен кейін балалар бір бірімен жұмыс жасай бастайды. Мұғалім сарапшылар жұмыстарын бақылайды «Гамма» тобының жұмысына зер салады. Барлығы «Сарапшы жұмысы» сызбасы бойынша жұмыс жасайды. «Биоинтернет» картасындағы 2 суретте көрсетілген.

Жұмыстың аяқталғаны ООМ ұяшықтарының толтырылуы бойынша анықталады. Сынақ тапсырғандар сарапшыларды есептемегенде 63 - дан кем болмауы тиіс.

5

Түзету

Жұмыс аяқталғаннан кейін мұғалім әрбір сарапшының және жаттықтырушының жұмысын ұқыпты талдау жасайды, олар оқушылардың қандай қателер жібергенін сауатты, нақты түсіндіру керек.

Сарапшылар жұмысының қателері мен жетістіктерін көріп отыру үшін оқушылардың сұрап отыру маңызды. Мұғалім сарапшылар жұмысы туралы өзінің көз қарасын да білдіріп отырады.

Мұғалімнің негізгі мақсаты «Биоинтернет» картасындағы өзінің көмекшілерін - сарапшыларды дайындау, осыны есте сақтау керек. Оларсыз жоғары нәтижеге жету мүмкін емес.

6

Ой толғау

Сынып үш тапсырма алады ТКШ-АКШ-ЖКШ екі нұсқа бойынша.

1 Нұсқа №9

2 Нұсқа №10

Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап - бұл қате» бұйрығы беріледі

5+30 уақыты тек қана «Бета» және «Гамма» топтарына

6

2 цикл

Бақылау аяқталғаннан кейін, кезең толығымен қайталанады. Кезең саны шектелмейді.

Егер 63 ,нәтиже алынса «Жаттықтырғыш» картасына көшуге рұқсат етіледі.

Мұғалім қобалжымау керек. Ең маңыздысы балалардың пәндік тілді сауатты меңгеруі.





«Альфа» - 5, «Бета»-4, «Гамма» - 3 деген баға қойылады.

Егер оқушы «Альфадан» «Бетаға» көшсе және қайталанса ол 4 деген баға алады. Егер «Бетадан Гаммаға» көшсе және тағы қайта орнына барса 3 деген баға алады. 2 деген баға қойылмайды. Барлық балалар көп жұмыс жүргізеді, сондықтан нашар бағаға лайық болмайды.

Мұғалім көшбасшыларының ұмтылысын және сынып топтың жұмысының сапасын белгілеп отырады.

9

Үй тапсырмасы

«Альфа» тобына -ЖКШ бойынша -10 есеп.

«Бета» тобына -АКШ бойынша 10 тапсырмадан және 5 тапсырма ЖКШ бойынша.

«Гамма» тобына - ТКШ 10 тапсырмадан және АКШ 5 тапсырма

6 сарапшы ЖКШ бойынша үйге 30 тапсырма алады, мұғалімге «Жаттықтырғыш» картасымен жұмыс жүргізуге көмекші болу үшін.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал