7


  • Учителю
  • ӘЛіппемен қоштасу 1 б - сыныбы

ӘЛіппемен қоштасу 1 б - сыныбы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Қош бол, құтты әліппем, әріптерді үйреткен!

Мақсаты:

1.Алғаш сауатын ашқан әліппеден қандай жетістіктерге жеткенін көрсетіп, әрі өнер, білімдерін көрсету, ана тілін сүюге, мәртебесін биік ұстауын үйрету

2.Оқушылардың мұғалімге деген құрметін оятып, білімге деген талабын, қызығушылығын арттыру;

3.Оқушыларды жан - жақты өнерлі, мәдениетті болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: сахна төрінде әсем безендірілген мерекенің атауы «Қош бол, құтты әліппем, әріптерді үйреткен» жазылады. «Әліппе білім бастауы» слайд, гүлдер, оқушылар шығармашылығын насихаттайтын деректер, (суреттер, математикалық сызбалар, үлгілі жазулар, жасалған бұйымдар т,б.) бүктемелер, шарлар.

Ертеңгіліктің барысы: (жоғарғы сынып оқушылары ашады)

1-жүргізуші: Ой бүгінгі күн қандай тамаша!

2-жүргізуші: Табиғат ана өз жылуын жердегі адамзтқа төгіп тұрғандай ғой өзі.

1-жүргзуші: Қарашы қандай айнала неткен әдемі!

2-жүргізуші: Қандай көрікті десеңші

3-жүргізуші: Армысыңдар, құрбылар?

1-жүргізуші: Сәлемет пе

3-жүргізуші: Бұл жерде неғып тұрсындар?

2-жүргізуші: Бүгін 1б сыныбы, Мейрамгүл апайдың сыныбында әліппемен қоштасу кеші деп естідік

1-жүргізуші: Апайымызға көмектессек деп едік

3-жүргізуші: Мен де бірге барсам бола ма?

1-жүргізуші: Әрине, болады.

2-жүргізуші: Ендеше не тұрыс

3-жүргізуші: Сәлеметсіз бе апай, сізге көмектескелі келдік

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Сендердің көмектерінді қуана қабылдаймын!

1-жүргізуші: - Ендеше, думанды тойымызды бастаймыз!!!

  • Көрермен қол шапалақтайды, осы кезде есік қағылады да ішке бір оқушы кіреді де:

  • Ой қандай сүйкімді балалар, неткен тамаша көрініс. Сәлемет пе, балалар мен сендерді танымадым, мен өзі қайда келіп тұрмын?

2-жүргізуші: Қош келіпсіз

3-жүргізуші: Сіз біздің мектебімізге келіп тұрсыз.

1-жүргізуші: Бүгін 1б-сыныбында ерекше той өткелі тұр.

2-жүргізуші: Сынып оқушылары әліппемен қоштасқалы отыр. Той үстіне келіп қалған екенсіз, онда төрлетіңіз, бұл тойды бірге тамашалаңыз.

Қонақ: Рахмет сендерге көрсем көрейін. (жайғасып отырады)

3-жүргізуші: Өлшеулі ар - намысы халқымыздың,

Қорғаны адамдық пен салтымыздың.

Армысыздар аяулы ұстаздарым,

Сенері сіздерсіздер халқымыздың.

1-жүргізуші: Өнер берер ертеңгі бағаларың,

Әліппемен қоштаспақшы балаларың.

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,

Қош келдің, ата-әке, аналарым!

2-жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана.

Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар! Күні кеше ғана оңы мен солын танымаған А-ны әріп деп білмеген ойын балалары бүгінде үлкен міндет, жауапкершілік арқалап отыр. Балалардың сауат ашу мақсатында қолға алғаш ұстаған кітабы - Әліппе оқулығы. Бүгін оқушылар білім асуының алғашқы белесінен аман-есен асып, бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы Әліппеден тоқыған білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салмақ. Олай болса Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне қош

келдіңіздер.

3 - жүргізуші: Бүгін үлкен салтанат, Өткен оқу сан сабақ.

Оқулықпен достаспақ, Әліппемен қоштаспақ.

Әріптерді таныған, Өңкей білгіш балдырған

Өсті бүгін бойларың, Құтты болсын тойларың.

1-жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрмет етіп сендерді,

Бүлдіршіндер шақырамын ортаға - деп бүгінгі мерекеге қатысушы оқушыларды ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер

  • 1-слайд: бір-бірлеп фотосымен оқушылар ортаға шақырылады

Біздің сынып тамаша, Көз тоймайды қараса.

11 қыз бен 8 ұлды, Күнде түгел санаса,

Сабақтан ешкім қалмайды, Нашар баға алмайды.

Тараған соң сабақтан, Бір-бірімен алысып, жамандыққа бармайды.

Себебі олар ақылды, Жас ұрпағы Отанның

Үміт еткен елінің, Ірге тасын қалайды

  • оқушылардың осы уақыт ішіндегі жетістіктері

2 - жүргізуші: Бала деген шіркін - ай балдай екен!

Тәттілігі жакя мен жалдай екен!

Арып - ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен! - деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай, кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық!

3-жүргізуші: Бар білімнің бастауы, Бар ғылымның бастауы,

Жас балаға нұр шашқан, Қандай кітап тіл ашқан?

Хормен: Әліппе (3-слайд. Оқушылардың жақсы жазулары, суреттері, қолөнерлері көрсетіледі)

Мұғалім: Олай болса, барлық ғылым анасы, сүйікті Әліппенің арқасында сауатты адам қатарына қосылдық, бәрімізге қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе.

Әліппе:

Армысыздар, білім қуған жас достар.

Армысыздар, ата - аналар,

Болашаққа жол бастар.

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың,

Қуанышы ананың

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық,

Не үйреніп, не білдік

Қане ортаға салайық!


  • Мерекелерің құтты болсын! - Балалар, бұл мерекеге қуана келіп тұрмын.

Мұғалім: - Ал балалар, міне ортамызға әліппе де келіп жетті. Әліппе жайлы не білесіңдер? Қане ортаға салайық. (4-слайд. Сұрақтар жауабымен көрсетіліп тұрады)

  1. Әліппе оқулығын ең алғаш жазып беріп кеткен кім? - Ы.Алтынсарин

  2. Ы.Алтынсарин кім болған? - ақын, жазушы, аудармашы, ағартушы педагог, мектеп ашқан адам.

  3. Әліппе оқулығынан қанша әріп үйреніп, жаздыңдар? - 42

  4. Қанша дауысты дыбыс бар? - 14

  5. Қанша дауыссыз дыбыс бар? - 25

  6. Бір дыбыс? - у, кейде дауысты, кейде дауыссыз

  7. Қалған екеуі? - таңба, олар ь және ъ белгілері

  8. Сөз неден құралады? - әріптен

  9. Сөздердің жиынтығы нені құрайды? - сөйлемді

  10. Ал сөйлем жиынтығы ше? - мәтінді

  11. Мәтіннің несі болады? - тақырыбы

  12. Тақырып нені білдіреді? - мәтін не туралы екенін білдіреді

Мұғалім: Әліппе жайлы қандай таппақ білесіңдер?




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал