- Учителю
- алтын күз
алтын күз
Алтын күз.
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Күздің негізгі белгілерімен, күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрімен таныстырып, алған білімдерін тиянақтау. Әңгіме құрап айтуды дамыту, сөздік қорларын молайту, берілген сөз арқылы сөйлем құрау, күз мезгілінің ерекшелігін танып, білуге тәрбиелеу.
Армысың асыл күн!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым!
Тәрбиеші Біздің жемістеріміз ортаға шығып өлендерін оқиды
1-оқушы:
Қосып білім нұрға-нұр,
Біздер бүгін жарқынбыз.
Басы оқу жылының,
Берекелі Алтын күз.
2-оқушы:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
3-оқушы:
Күзім-ау,күзім-ау,
Мінезің қызық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Күз:-Мен байлық пен молшылыққа толы мезгілмін.Өйткені:
Егінді ел жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Алма:
Бір тістеп өзін алғамды
Дәмі аузымда қалғанды.
Домалантып жеймін мен,
Күнде қызыл алмамды .
Қауын:
Жинап жатыр ауылым,
Сап-сары ала қауынын.
Алмақ едім үлкенін,
Ауырын-ай, ауырын.
Қияр:
Қызықтың ба қиярға,
Алда жей бер ұял ма.
Көтергенше берейін,
Қапшығыңа сияр ма?
Қияр:
Атым қияр теріп ал
Жиі-жиі суғарып
Өрік:
Уылжыған өрікпін,
Мен бау-баққа көрікпін.
Бал татыған дәмім бар.
Көктемде ерте гүлдеймін.
Піспей тұрған кезімде,
Менен аулақ жүр деймін.
Асқабақ:
Асқабақтың дәмі,
Таңдайымда әлі.
Кептірілген дәмі,
Таптырмайтын дәрі.
Қызанақ:
Қып-қызыл боп қалғанда,
Ауызыңа салғанда.
Не жетеді шіркін-ай,
Қызанаққа жалғанда.
Қарбыз:
Күннің нұрлы шуағы,
Шұғыла боп шылады.
Шөлің әбден қанады,
Көзің шамдай жанады.
Тамылжыған шырыны,
Таңдайымда қалады.
Айқазиева Жанеркенің орындауында «Ертегілер» әні
Тәрбиеші: Балалар Күзге қандай ертегі қойып берейік
Балалар: «Шалқан ертегісін»
Ата- Бақдәулет
Апа -Жансая
Немере- Айсана
Күшік- Ертай
Мысық- Абзал
Тышқан- Медина
«Үнді биі» Ролланқызы Айлин, Болатова Адина, Бақытбекқызы Аяла, Құдайберген Талшын
Ендігі кезек ата- анадарға келіп түр жұмбақ жасырамыз сіздер оның жаубын тауып айтуларыңыз керек.
1)Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. (Сәбіз)
2)Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен. (Жуа)
3)Бүрі,бүрі,бүрі бар,
Күн келбетті түрі бар. (Күнбағыс)
4)Піспеген де сырты қара,өзі қатты,
Ал,піскенде ерекше дәмі тәтті.(Картоп)
Байлығымды жинадым,
Барымды мен сыйладым.
Алға бастар жолым бар,
Аман -есен болыңдар.