- Учителю
- 'Балаларды сәлемдесуге үйрету' (дайындық)
'Балаларды сәлемдесуге үйрету' (дайындық)
Балаларды сәлемдесуге үйрету
Мақсаты:балаларға сәлемдесу,амандасу туралы түсінік беру.Сәлемдесе білуге үйрету.Балаларды әдептілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:сәлемдесу.
Заттың дамыту ортасы: Ойыншық жүрекше,бейнетаспа.
Әрекет кезеңі.
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Балалардың әрекеттері.
Шаттық шеңбер.
Балалар шаттық шеңбер бойына тұрып,айтады.
Қуан,шаттан,алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң.
Қайырлы күн
Дәлелі түрткі болатын.
-Балалар,біз бүгін сәлемдесу,амандасу туралы әңгімелесеміз.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Сендер қалай ойлайсыңдар,адамдар неліктен бір-бірімен амандасады?
-Дұрыс айтасыңдар!Сәлемдесу,амандасу-адамның бір-біріне ізет,сый-құрмет көрсетуі.Амандық денсаулық,жақсылық тілеу.
-Ал сендер үлкендермен қалай амандасасыңдар?
Мысалы,таңертең балабақшаға келгендеріңде сендер бірінші кіммен амандасасыңдар?
Тәрбиешілермен.
-Дұрыс айтасыңдар.
Үлкен адамды көргенде сәлеметсіз бе дейсіңдер.Бейне таспа көру.Үлкендер бір-бірімен»Сәлеметсіз бе?»»Амансыз ба?»,»Ассалаумагалейкум»-деп бір-бірімен амандасады.
Ал достар бір-бірімен «Сәлем»дейді.
-Балалар,біз бүгін сәлемдесудің әдептіліктің бастауы екенін білдік.
Сәлемдесу дегеніміз-достық пейіл мен құрмет білдіру,яғни әрбір күніміз немесе әңгіменің сәлемдеуден басталатынын түсіндік.
Сәлемдесу арқылы бір-бірімізге достық пейіліміз бен тілегімізді білдіретінімізді білдік.
Балалардың ынта қойып тыңдауы.
Ойын:»Қалай амандасу керек?»
Балалар бір-біріне жүрекшені беріп сәлемдеседі.Балалар ойын ойнайды.
Ұйымдастырушы ізденуші.
Көшелерден біз өткен,
Ата көрсем жақын кеп,
Сәлем берем ізетпен!
«Асалаумағалейкум»-деп.
Алдан әже жолықса,
Бөгелем де әдеппен,
Сәлемдесіп сол тұста
«Есенсіз бе,Әжей»-деп.
Кім кезіксе көшеде.
Таныс емес демеймін,
«Аға,тәте,көкеге»,
«Сәлеметсіз бе?»-деймін мен.
Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:балаларға сәлемдесу,амандасу туралы түсініктер беріледі.
Біледі:балалар сәлемдесе алады.
Білді:балалардың бойында жақсы қасиеттерді дамытады.
Жасай алады:әдептілікке тәрбиеленеді.