7


  • Учителю
  • Қысқа мерзімді жоспар Құрманғазы

Қысқа мерзімді жоспар Құрманғазы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы атаСабақтың мақсаты: Құрманғазы өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру арқылы атадан қалған күй өнерін насихаттау.Күтілетін нәтижелер:Пәндік нәтиже: «Құрманғазы» өлеңіне түсініктеме беру. Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша терең
предварительный просмотр материала

«С. Қожанов» атындағы ЖОМ бастауыш сынып

мұғалімі Бөрқұлақова Ботакөз Айтуғанқызы

Қысқа мерзімді жоспар

Күні:10.04.2015 ж

Сыныбы: 2

Пәні: Әдебиеттік оқу

Мұғалімі: Бөрқұлақова Б

Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы ата

Сабақтың мақсаты: Құрманғазы өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру арқылы атадан қалған күй өнерін насихаттау.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: «Құрманғазы» өлеңіне түсініктеме беру. Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша тереңірек ақпарат беру. Оның өмірі мен шығармашылығын білуге қызығушылықтарын туғызу.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Оқушыларға Құрманғазы туралы өлеңін оқытып, талдатып, күйлерін естіртіп, мазмұнын ашу арқылы ойлау, жүйелі әңгімелеу, дұрыс сөйлеуге бағыт беру. Қазақ күй өнері туралы дүниетанымдарын кеңейту.
Тұлғалық нәтиже: Құрманғазының өнері жайлы айту, оқушыларды мәдениетке, өнерге баулу. Атадан қалған күй өнерін насихаттау арқылы тарихын, ғұрпын құрметтеуге баулу. Музыка арқылы әсемдікті сезінуге, рухани нәр алуға жетелеу.
Әдіс-тәсілдер: СТО, АКТ, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Талантты және дарынды бала

Оқу нәтижесі: Құрманғазы өмірі мен шығармашылығы жайлы біледі. күй өнері арқылы тарихын, ғұрпын құрметтеуге үйренеді.

Ресурстар: Әдебиеттік оқу,Интербелсенді тақта, Құрманғазы өмірі жайлы слайд, постер, маркерлер, желім, қайшы


Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Негізгі дерек көздер мен ресурстар

3 мин


5 мин.


5 мин

7 мин


2 мин


8 мин


5 мин


2 мин

3 мин


3 мин

1 мин


1 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын анықтау. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және қызыл, сары түсті оюлар арқылы сыныпты топтарға бөлемін.

ІІ. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру үшін:

«Ыстық орындық» әдісін пайдаланамын.

ІІІ.Үй тапсырмасын пысықтау:

1.Раунд-Робин әдісін пайдаланамын. (Бұл әдісте оқушылар мәтін жайлы не түсінгенін, не білетіні жайлы бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бір-бірінің сөзін қайталамай айтып шығу керек)

2.Ермексаздан жасалған мүсіндер көрмесін ұйымдастыру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақты бастамас бұрын АКТ-ны пайдаланып, Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйін тыңдатамын. Күй арқылы оқушылардан:

-Күй атасы кім?

-Құрманғазы атамыз жайлы не білеміз?-деген сұрақтар қоямын. «ББҮ» кестесі бойынша топтарға тапсырма беремін.

Оқулықпен жұмыс

Бүгін біз Байбота Серікбайұлының «Құрманғазы ата» жайлы өлеңімен танысатынымыз жайлы хабарлаймын.Автор Байбота Серікбайұлы жайлы қысқаша түсінік беремін.

Мағынаны тану

1.«Құрманғазы ата» өлеңін мәнерлеп оқыту. Жақсы мәнерлеп оқыған оқушыларды жұлдызшалармен бағалау.

2.Оқушыларға Құрманғазының «Кісен ашқан», «Балбырауын», «Ақ желең», «Түрмеден қашқан» күйлерінен үзінді тыңдату.
3.Дәптермен жұмыс
Дәптерге Құрманғазы күйлерінің аттарын жаздыру. Қазіргі күйшілер Айгүл Үлкенбаева, Секен Тұрысбеков есімдерін жаздыру.
4. Қосымша ақпарат: Құрманғазының «Салық өлген» күйінің шығу тарихынан әңгімені топтарға бөліп беру.

5. Мәтінмен жұмыс
Топпен жұмыс. Мәтінді төрт аялдамаға бөліп оқиды.

ЖИГСО әдісі бойынша мәтінді топтарға бөліп беремін.


Сергіту сәті

Балалардың Музыка сабағында өткен «Домбырасыз ән қайда?» атты өлеңді әнімен орындатамын.


Жаңа сабақты қорытындылау үшін:

Кестемен жұмыс жасатамын.Дұрыс толтырылғын кесте бойынша топтарды бағалаймын.

1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім болған?
2. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерің білесің?
3. Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?
4. Қазіргі кездегі күйшілерден кімді білесің?
5. Қандай күйлері аттың шабысын, халықтың ерлігін
суреттейді?
6. Қандай күйлері адамның тіліне жақын?
7. Қандай күйлері туған жерге деген сағынышты елестетеді?

«Ақын орындығы»
Ұйқас бойынша өлең құрату.
…………… домбыра.
…………… сен ғана.
Құрманғазы атамнан,
…………… сен ғана.

Жұмбақ
Билемейді, сөйлейді, күліп, айтады ән,
Керек десең, қайталайды қайтадан. (Домбыра)
Үйге тапсырма.

1.«Құрмаңғазы ата» өлеңін мәнерлеп оқу.

2.Ойыңнан Құрманғазы туралы төрт жол өлең құрастыр.

Кері байланыс

«Күн және бұлттар» әдісі бойынша оқушыларға стикер таратып беремін.

Оқушылар сәлемдесті. Бүгінгі сабаққа бір-біріне сәттілік тілейді.

Оқушылар топқа бөлініп, топ ережесін қайталайды.Ережені сақтауға топ мүшелері келіседі.


Әр топ мүшелері өз сөздерімен мәтіннен түсінгендерін айтады және жасаған мүсіндері бойынша түсінік береді..

Оқушылар тапсырманың дұрыс орындалуына қарай өзара бағаланады.


Оқушылар топ болып ойласа отырып күй жайлы және күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы жайлы айтады.


Оқушылар өз топтарымен ақылдаса отырып, кестені толтырады.


«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.

Балалар өлеңді мәнерлеп оқып шығады. Өлең мазмұнын өз сөздерімен баяндайды.

Дәптерге Құрманғазының күйлерін және қазіргі атақты күйшілерді тізіп жазып шығады.

Балалар қолдарындағы мәтінді оқып, жұпта, топта мазмұнын талдайды.
Әр топтан бір - бір оқушы мазмұнын әңгімелеп береді.

ЖИГСО әдісі бойынша топтар бірлесе жұмыс жасайды. Әңгіме бойынша топтар бір-біріне сұрақтар қояды. Өз сөзімен ойларын ашық айтады.Сын тұрғысынан ойланады

Оқушылар би қимылдарын жасай отырып, әнді орындап шығады.

Топ мүшелері бірлесе отырып кестені толтырады.Жаңа сабақ бойынша алған білімдерін пысықтайды. Топтар бір-бірін өзара бағалайды.


Балалар ұйқас бойынша өлеңдер құрап, оқып шығады.Жұмбақты бірлесе отырып шешеді.


Балалар сабақтан алған әсерлерін арқылы сабақ бойынша өз ойларын стикерге жазып, тақтаға іледі.

Интербелсенді тақта, слайд суреттері

Топ ережесі жазылған плакат

Ермексаздан жасалған мүсіндер

«Құрманғазы Сағырбайұлы» портреті, оқулық, веб- сайттар

Интернет, энциклопедия, оқулық, суреттер.

Интербелсенді тақта

Тірек сызбалар, оқулық


Оқулық, кестелер

Интербелсенді тақта, мүсін суреттері





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал