7


Тарбие сағаты 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік!»

Мақсаты: Оқушыларды желтоқсан құрбандарымен таныстыру.Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға- апалардың ерлігі туралы айту.Еліміздің тарихы туралы түсіндіру. Желтоқсан құрбандарына әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ- жауап

Көрнекілік: қанатты сөздер, Қазақстан Республикасының Әнұраны, елтаңба, туы, буклет, Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев суреті.

Жүрісі: І Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті оқушылар: Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986жылдың желтоқсанына арналған: «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік!» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

16 желтоқсан бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасиетті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Сабира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын еске алып бір сәт үнсіздік жариялаймыз.

Бұл күн- Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да 16-желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

ІІ.Ой қозғау. 1.Біз қандай елміз? ( Тәуелсіз елміз) 2. Қай жылы тәуелсіздік алдық? (1991жылы 16 желтоқсан) 3.Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер? 4.Егемен елдің ерекшелігі неде? (Шекарасы, Елбасы, ұлттық рәміздері, Ата заңы, өзіндік экономикасы, салт- дәстүрі болады)

ІІІ.Елтаңба, ту, рәміз туралы оқушы ойын тыңдау, толықтыру

«Рәміздерім-елдігімнің белгісі», Көк байрақ туымыз халқымыздың қасиетті, киелі белгісі. Туымыздың көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді. Ту ортасындағы алтын күн халқымыздың азаттық күні.Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр.Алтын күнді алтын қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан қыран құс- ерлік белгісі. Кең пейілді, көңілі таза, жері кең еліміздің азат күні жарқырап тұр.Ту шетіндегі ою- өрнек қазақ елінің танымын, қасиетін көрсетеді.

1-оқушы: Әнұраным - жан ұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім. Туған жерім сағынарым, Мың қайталап айтам мұны. Бақыт, бірлік- күн талабы, Тоқталмайды дабыр үні. Мәңгі бақи шырқалады, Республикам Әнұраны.

2- оқушы: Айнымайтын аспаннан, Біздің тудың бояуы. Оны халық қашан да, Биікке іліп қояды. Туымызға жас тұнған, Біз қарамай өтпейміз. Сол көк тудың астында, Көгереміз көктейміз.

ІҮ.Әдеби музыкалық монтаж

3-оқушы: Желтоқсан - майдан, жанжалы деме кешенің, Желтоқсан- зары боздаған көмген шешенің, Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара. Бүгінгі мен кешенің.

4-оқушы: 28 жыл болды күн шыққалы Шығыстан, Арайлап ат, алтын арай күміс таң. Қазақстан Ғажапстан болады, Қазақстан- күні ертеңгі Гүлстан.

5-оқушы: Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын, Желтоқсанға шықты алаңға жастарым, Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік Дербестікке құн сұрамақ басқа кім?

6-оқушы: Алаңға шығып, ойын айтты жастарым, Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

7-оқушы: Келді осылай аңсаған күніміз де, Көптен күткен тәуелсіздік келеді бізге. Қайта оралды сан ғасырлық қиындық, Қасиетті тіліміз бен дініміз де.

Хор: «Менің Қазақстаным» әні.

Ү.Отан, туған жер туралы мақал- мәтелдер айту.

1.Ерлік білекте емес, жүректе . 2.»Бірлік болмай, тірлік болмас» 3. «Туған жер- тұғырың, Көк туың- қыдырың» 4.»Туған жердің түні де ыстық, күні де ыстық». 5.»Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас». 6.Ердің көркі елімен, Отан көркі жерімен.

ҮІ. Ой қорыту.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдеріне сүйене отырып, өз ой- пікірлерін әңгімелейді?

1.Желтоқсан көтерлісі қай жылы болды? 2.Желтоқсан көтерлісіне қатысқан аға- апаларымызды атаңыз? 3.16- желтоқсан қандай мейрам болып есептеледі? 4.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қай жылы жарияланды?

1.Қазақ биі: Дильназ бен Гүлімай

2.Мирас көркем сөз

3 «Қамажай» биі Ұлжан

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Балалар, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік!



Ақшұқыр мектеп- лицейі



Сынып сағаты

«Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік!»

Өткізген: Тілеміс Т.Т



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал