7


  • Учителю
  • 'Менің тұңғыш Президентім' 2 класс

'Менің тұңғыш Президентім' 2 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Мақсаты: 1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті тақта
Түрі:
Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік.
Кіріспе.
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.

II. Тақырыбы, мақсаты
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ. 1-желтоқсан Президент күніне орай «Менің тұңғыш Президентім» атты сынып сағатын өтеміз.
Негізгі бөлім .
Слайдтар бойынша түсіндіру.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу.
Балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі - Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.

Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.

Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып - «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Менің Отаным -ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы.
1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.
Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн. 1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды.

1995ж Конституциямыз қабылданды. 2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым -қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі -әлем алдындағы зор беделі.

Оқушы:
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз - бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.

Оқушы:
Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен - тәуелсізбін, азатпын.

Оқушы
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

Оқушы
Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.

Оқушы
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық - алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі
Интерактивті тақтамен жұмыс
- Елбасының басқа ел басшыларымен түскен суреттері
- Елбасының өмірінен үзінділер айту, көрсету

Оқушы
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп

Оқушы
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Астанаға саяхат
Астана-Отанымыздың жүрегі.
Астананың көркем жерлері туралы айту. Басқа елдің президенттерінің Астана туралы айтқан пікірлері
Астана күні. (Оқушылар пікірін тыңдау)
Болашағы кемелді, керегесі кең, сән-салтанаты келіскен әлемде теңдесі жоқ қала-Астанамызбен, жас қаламызбен мақтанамыз.
БАРША ӘЛЕМ НАЗАР САЛҒАН ЖАС ҚАЛА
Астананың көрікті жерлеріне саяхат.
Оқушылардың өлеңдерін тыңдау.

Оқушы
Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен - тәуелсізбін, азатпын.

Оқушы
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.
Нұр аға - қазақ халқының маңдайына біткен бақ.
Қазақстан Президентінің басқа мемлекеттер Президенттерімен кездесуі, достық қарым-қатынастары туралы айту.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы айтылған пікірлер
ЕЛБАСЫНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫ - ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛДАУЫ
Жыл сайынғы жолдаулардың мақсат, міндетіне тоқталып өту
Болашақтың іргесін бірге қалаймыз
ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ- ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазақстан - 2030" халыққа жолдауы

2011- 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы жасалды.
2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау.
(жолдауларға шолу жасау)
Слайдтар бойынша түсіндіру

2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының бірегей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары қойылған.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында
«Балалық шағымның аспаны»атты фильм түсірілді. Бұл кинода Елбасының балалық шағынан азаматтық жасына дейінгі өмір жолын қамтиды.
Көркем фильмнен үзінді көрсету.

Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Интерактивті тақтамен жұмыс
Ой қозғау. Болашаққа саяхат «Егер де мен………»
Президент болсам….
Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
Президент дипломдары, ордендері, атақтары туралы айтып өту
Аса мәртебелі құрмет атақтардың бәрі Елбасының мемлекет басқарудағы іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақсартудағы зор еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне көрсетілген құрмет.

Оқушы
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні

Оқушы
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Оқушы
Қазақстан - кешегі әз әуен,
Қазақстан - бүгінгі ғажап үн.
Қазақстан құшқан кеудесін ғасырлар,
Қазақстан - қастерлі қазағым

Мұғалім
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.
Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті
сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.

Үйге тапсырма «Менің тұңғыш Президентім» шығарма жазу

Тақырыбы: Абайлаңдар, балалар!
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті киім киген оқушылар - «Қызылдар», сары түстілер- «Сарылар», жасыл түстілер - «Жасылдар».
Жүру барысыҰйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі - көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Абайлаңдар, балалар!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер.
Оқушы: Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген,
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Кешіміз басталсын сәлемменен!
Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және сары түстілер - «Сарылар» тобы.Әр топ өздерін таныстырады:
«Қызылдар» тобы:Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
Жүргізуші: Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды - дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды - тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.
Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы - Бағдаршамды ортаға шақырамыз.
Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.
Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам: Мен сендерге қояр сұрағым бар. Сендерді тексерейін. Жауабын кім айтар екен?
Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға,
Көрдіңдер ғой ұмытқаны ережені, далаңдап.
Ал, кәнеки, үйренейік бәріміз де жүру тәртібін.
Ережені жақсы білер, жатқа білер кім мұны,
Кім айтады жол белгісі неше топтан тұрады?
Оқушылар жауап береді.
Бағдаршам: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мұдіріп, ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Жүргізуші: Жарайсың, Бағдаршам! Ал енді сұрақ қойып топ мүшелерін тексеріп көрейік.
Викториналық сұрақтар:
1. Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?
2. Жол таңбасы қандай екі түрге бөлінеді?
3. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?
4. Бағдаршамдв сигналдар қалай орналасқан?
5. Жол белгілері қандай топқа бөлінеді?
6. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?
7. Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне рұқсат етіледі?
8. Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?
9. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?
10. Габариттік оттар қай кезде жанады? (фарлар)
11. Жүргізушілер сыртқы жарық приборларын не үшін қосады?
12. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді?
Дұрыс жауап берген топқа өздеріне сәйкес келетін түстен жетондар беріледі.
Жүргізуші: Жарайсыңдар. Жол ережесіне қатысты сұрақтарға ең көп жауап айтқан …. топ мүшелері. Құттықтаймыз! Ал енді ір топтың үй тапсырмасын тексерейік. Бағдаршам туралы деректер дайындау керек болатын, ендеше, тыңдалық.
«Қызылдар» тобы:Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі-түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өнінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
«Сарылар » тобы: Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.
«Жасылдар» тобы: Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал - негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келіпсіңдер. Ал енді кезекті жол белгілеріне береміз. Әр топ өзінің түсіне қарай белгілерді таңдап, сол белгілер туралы айтып шығады.
Тақтада қызыл түспен «Ескерту белгілері», жасыл түспен «Тыйым салу белгілері» және сары түспен «Міндеттеу белгісі» деп жазылған сөздер ілінеді.
1-топ:Ескерту белгілері . Қолына айналасы қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті тең қабырғалы үшбұрыш ұстаған топ басшысы:
Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған.
Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Үшбұрышты қызыл бояу - мен көрінсем абайла! Жол бойында қауіпті түс алдан шығар дегенді айтар ескерту белгісі.
Қалған топ мүшелері басқа ескерту белгілерін көрсетіп таныстырады.
2-топ: Тыйым салу белгісі. Қолына қызыл жолақпен көмкерілген сары түске боялған дөңгелек қалқаны бар топ басшысы:
Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты.
Дөп-дөңгелек қызыл шеңбер, мен көрінсем «Тоқта қане» деп жар салар тыйым салу белгісі.
Топ мүшелері тыйым салу белгілері туралы айтады, таныстырады.
3-топ: Міндеттеу белгісі. Қолында көк түсті дөңгелек қалқаны бар топ басшысы:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын айшықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, тартуымды міндетті орында!
Қалған топ мүшелері басқа белгілерді таныстырады.
Мұғалім: Рахмет, балалар. Сендер бүгін көп мәлімет бердіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер.
Бағдаршам: Мен сендерге ризамын. Бүгінгі жол ережесіне арналған шараға өте жақсы үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарың көрініп тұр. Рахмет сендерге. Барлық белгілермен мына отырған балаларды таныстырып шықтыңдар. Енді бұл сынып оқушылары көшеде жол ережесін бұзбайды деп ойлаймын. Мен енді сендермен қоштасамын. Әлі талай сендерге қонаққа келіп тұрамын.Сау болыңдар, балалар!
Мұғалім: Сау бол, Бағдаршам. Ал, балалар, бізге де қоштасатын уақыт келді. Әр топ басшылары қорытынды сөздерін айтсын.
Оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Оқушы:Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол бәрімізге ортақ тәртіп.
Оқушы: Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың
Сен өзіңді аман сақтап.
Барлығы: Жол тәртібін білейік
Аман есен жүрейік!
Мұғалім: Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді. Ал енді «Тоқта!», «Дайындал!» және «Жол ашық!» деген сөздерді байланыстырып әр топ өз жұмысын қорытындыласын.
«Қызылдар» тобы: Тоқта! Сен жолда жүру ережесін білесің бе? Бұл ережені білмесең, өміріңе қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан да үнемі есіңде сақтап жүр, жас дос!
«Сарылар» тобы: Жол ережесін білмейтін кішкене інілерің мен қарындастарыңа ақыл-кеңес беріп, оларға жол ережесін үйретуге дайындал. Бұл сенің міндетің.
«Жасылдар» тобы: Өміріңнің қай кезеңінде де жолдарың ашық болсын!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал