7


  • Учителю
  • Тапқыр достар сайыс сабақ жоспары.

Тапқыр достар сайыс сабақ жоспары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тақырыбы: «Тапқыр достар» (интеллектуалды сайыс)



Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

Әдісі: сайыс сабақ

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, қазақ тілі, өнер, халық педагогикасы- (мақал-мәтел).

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.

2) Әділқазылар алқасын сайлау.

3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.

4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.



І топтың аты - «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы - аттың суреті.

ІІ топтың аты - «Домбыра», ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра», таңбасы - домбыра суреті.





Виолетта: Саламатсыздарда құрметті ұстаздар мен оқушылар және сайысқа қатысушылар. Біз бүгін Қазақ тілі мерекеліп атпалығымызға орай Тапқыр достар атты сайысымызды бастаймыз.

Палина: Сайысқа 3 «Ж» және 3 «Г» класс қатысып өзара сайысқа түседі. Олай болса сайысымызды бастаймыз.





Виолетта: І тур «Сөз өнері» деп аталады.

(Сайысқа қатысушы оқушылар қазақтың белгілі ақындарының «Тіл туралы» жазған өлеңдерін жатқа орындайды. Ұпай саны 5-10 көлемінде)



Палина: 1- топ «Тұлпар» тобынан - «Тіл құдіреті» атты өлеңі.

2- топ «Домбыра» тобынан - «Қазақ тілі» атты өлеңі , авторы- С.Торайғыров

Виолетта: II тур «Өнерлі бала өрге жүзеді» деп аталады.

(Сайысқа қатысушы оқушылар арасынан өнерлі оқушылар өз өнерін көрсетеді.Ұпай саны 10-15 көлемінде.)





Палина:

  1. топ «Тұлпар» тобынан - Нұртасова Жанелдің орындауында «Мереке» әні.

  2. топ «Домбыра» тобынан - Шабала Люба және Некифорова Иннаның орындауында «Ақ көгершін» әні .

Виолетта: III - тур. «Мақал-мәтел» сайысы.

(Тіл және Отан туралы мақалдар жарысы.) Екі топтың қайсысы қанша мақал білетін көрейік. Әр мақалдың ұпай саны- 5.

Палина:

1- топ «Тұлпар» тобынан - неше мақал айтылады?

2-топ «Домбыра» тобынан - неше мақал айтылады?

Виолетта: IV - тур. «Бәйге» деп аталады.

( бұл кезең бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді. Әр сұрақтың жауабы 5 ұпайға тең)

Палина:

  1. топ «Тұлпар» тобына -

  1. Жіктік жалғауының III- жағы

  2. Аптада неше күн бар?

  3. Кім ? не? Қай септіктің сұрағы?

  4. Қандай сөзіне мысал келтіріңіз?

  5. «Дәптер» сөзін тәуелдеңіз?

  1. топ «Домбыра» тобына -

  1. Көптік жалғауын атаңыз?

  2. Бір айда неше апта бар?

  3. Кімнің? Ненің? Сұрақтары қай септіктің жалғауы?

  4. Қандай сөзіне мысал келтіріңіз?

  5. «Кітап» сөзін тәуелдеудеңіз?

Виолетта: V - тур. «Ойлан -тап» кезеңі.

(берілген сөз бойыша бірнеше сөздер құрастыру, әр 2 ұпайға тең).

Палина:

1- топ «Тұлпар» тобына - «Қошақандарым»

2- топ «Домбыра» тобына - «Балапандарым»

Виолетта: VI - тур. «Жүйрік ой» кезеңі.

( Берілген сурет бойынша шағын әңгіме жазу. Әңгіме жазылуына қарай 10-15 ұпай беріледі.)

Палина:

1- топ «Тұлпар» тобына - «Қыс мезгілі» суреті.

2- топ «Домбыра» тобына- «Көктем мезгілі» суреті.

Виолетта: Осымен біздің бүгінгі сайысымыз аяқталды. Ұпай санын есептеу үшін әділ қазыларға уақыт береміз. Ал сайысқа қатысушылар Ән ұранымызды шырқаймыз.

Палина: Ендігі сөз кезеңі әділқазы алқаларына беріледі.

Осымен сайысымыз аяқталды келесі сайыстарда кездескенше сау болыңыздар.





























































№53 орта мектебі





«Тапқыр достар» атты білімділер интеллектуалдық сайыс.









Тапқыр достар сайыс сабақ жоспары.





Класс : 3 «Г» және «Ж»

Өткізген: Жарылғасынова Г.С









2015-2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал