7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз

Ашық тәрбие сағаты Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз !!!



Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Кіріспе

  1. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз - көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.

Наурыз-жыл басы.«Наурыз» сөзі - біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, ай аты, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты айтылады.

Наурыз-көктем мерекесі.Наурыз - бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

1-Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, халайық, тыңдаңыздар!

Наурыз тойын бастаған мында біз бар.

Тыңдаңыздар! Наурыз тойы басталды,

Бір орында тұрмаңыздар,

Қызықтан құр қалмаңыздар!



Ратмир.

Наурыз келсе, құт келгені халайық,

Есік ашып,шашу шашып

Ел боп қарсы алайық!

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.



1-жүргізуші:

Салт-дәстүрді сақтайық,

Шымылдықты ашайық.

Жөн-жоралғы бойынша,

Наурыз тойға құтты деп,

Той шашуын шашайық! (шашу шашылады)





Қыздар тобының орындауында «Қамажай» биін қарсы алыңыздар.



Қашан да құт- береке орнасын деп,

Шашу шашты ырыс-бақ дарысын деп.

Уа, халайық, теріп ал несібеңді,

Халқымның қабыл болсын ниеті деп.



Алмаз.

Хош келдің,Наурызым,ардақты

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып

Гүлге бөлеп аймақты.

Мадина.

Армысыңдар ағайын!

Бармысыңдар ағайын!

Ұлыс бақты болсын!

Әр күніміз жақсы болсын!

Наурыз тойын бой жазбай

Жаңа жылды қарсы алайы

Ратмир.

Уа,халайық,халайық,

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке,бұл тойдың

Шашуларын шашайық.



Ән: «Наурыз - біздің жаңа жыл» қабыл алыңыздар.



Наурыз тойы - береке,

Наурыз тойы - жыр аңыз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз



Ильяс

Келді наурыз бұлақ күш тасыменен,

Құлпырып қайта өзгеріп жастығымен.

Жер иіп, тамыр толып, бүршік жарды,

Табиғат нұрын шашқан ықыласымен.



Ксения

Сәулесі бар Наурызда ұлы үміттің,

Басын қосқан сан адам,сан ғұрыптың.

Ұлыстың ұлы күнін паш етеміз,

Белгісін достықпенен, татулықтың.



Еламан

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайынан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен,шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.



Азиза

Наурызым қайта оралды аты да аңыз,

Сұраймыз алғыс та, ақы да біз.

Үй-дастархан, даламыз -сахынамыз,

Сіздерді Ұлы Мейрам Наурызға шақырамыз.



Еламан

Уа,жарандар,жарандар,

Бәрің бері қараңдар.

Наурыз айы туыпты,

Әне,Наурыз келеді.

Құлпырады жер енді,

Қарсы алайық Наурызды.



1-жүргізуші:

.

(Шаттық биін билеген Наурыз ортаға шығады)

Наурыз:

Жайнатамын бар гүлді,

Сайратамын бұлбұлды.

Төгілтіп ән-күй жырды,

Мейрамдайық бұл күнді.

Тіршіліктің бастауы,

Наурыз айы - мен болам!



Ильяс

Қош келіпсің, Наурыз!

Арман тойы халықтың

Қуанышы халықтың

Құтты болсын қадамын.

Сені тойлап қарсы алып.

Бар әлемге жар салып.

Сәлем бердік біз сізге.



Ал, енді Наурыз қыздың орындауында «Елім менің әнін» қарсы алыңыздар.



1-жүргізуші:

Көргенде қуанасың таза ауаны,

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурызың құтты болсын, Қазақ елі!







Ксения.

Келді Наурыз,жар салып,

Би билейік ән салып.

Жылда келсін Ұлыс күн

Тұрайық есен қарсы алып.

Еламан.

Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханы елімнің

Береке ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған

Наурызым,армысың!

Қызығыңа тоймаған

Дарқан дала қарлы шың.

Азиза.

Жарқыраған жас нұрлы

Жаса,Наурыз дәстүрлі!

Бақытыма шалқыдым,

Ашылады нұрымыз

Осынау байтақ елімде

Айтылады жырымыз.



Он саусағынан өнер тамған бишілеріміздің « Астапурай» биін тамашалауға шақырамыз.



1-жүргізуші:

.

Наурыз айы -Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы.Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеседі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

(Екі жақтан Күн мен Түн шығады)

Күн: Сәулесі мол күнмін,

Түн:Жұлдызы мол түнмін.

Күн мен Түн:Ұзақтығы бірдей болып,

Теңелеміз бұл күні.

Түн: Ал ертең күн ұзақ,

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек бірақ.





1-жүргізуші:

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Қуанышта ел енді,

Наурыз келді салтымыз.

Көгерсін деп халқымыз,

Көшеге тал егеді.





Асем.

Бүршік жарып жапырақ,

Жаяды көктеп тал біткен.

Айран,сүтін көбейтіп

Көктемде төлдер мал біткен.

Даулет.

Армысың,Наурыз!

Қуаныш боп кір,төрлет.

Ел болып саған

Көрсетіп жатыр сый-құрмет.

Мадина.

Әнім де саған,биім де

Құт қонақ өзің үйімде

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде,Наурыз,күлімде.

Күн менен түн теңелді.

Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді.



«Жақсы көрем әжемді » әнін қабыл алыңыздар.



Жүргізуші:

Ұлыстың Ұлы күнінде өзінің игілікті істерін көрсетіп,жастар қариялардан бата алады. Халық аңызы бойынша бұл күні Қыдыр баба барлық босағаны аттап, төрге шығып,бақыт,мерей,қуаныш әкеледі екен.Қыдыр баба елге тек жақсылық әкелетін, жақсылыққа бастап, қолдап жүретін ұлы бейне.



Қыдыр баба төрде болсын,

Ұлыс береке берсін!

Берекелі тірлік болып,

Мерекелі тірлік орнасын:



Уа,жұртым,жараңдар!

Ана жаққа қараңдар.

Қарт бабам -Қыдыр келеді,

Құттықтап қарсы алыңдар.





Қыдыр баба:

Ұлыс оң болсын!

Бестік баға мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын!

Денсаулықтарың зор болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қарындарың тоқ болсын!

Қуаныш, шаттық көп ,

Уайым-қайғы жоқ болсын!

Ұрпақтардың бағы болсын,

Арайланған таңы болсын.

Ақ батамен қол жайғанның,

Тілегінің бәрі болсын!



Наурыз:



Бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар ала келіпті. Барлығымыз соны шешіп көрейік.

Тапсырмалар:

  1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім? (Ананың сүті тәтті, ананың қолы жұмсақ,жаңбыр жаумаса жер жетім,басшы болмаса ел жетім)

  2. Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіңдер? (Малды теппе, ақты төкпе,отты шашпа, күлді баспа, бүйіріңді таянба,жағыңды таянба,бос бесікті тербетпе,бесікті ашық қалдырма)

  3. Сүттен жасалатын тағамдарды ата? (Айран, ірімшік, құрт,қатық, шұбат,қымыз,қаймақ, іркіт т.б.)

  4. Ұлттық ойындарды ата? (Алтыбақан, аударыспақ,қыз қуу,көкпар тарту,ат жарыс, теңге ілу,ақсүйек, тоғызқұмалақ).



Бәріміз бірге «Қара жорға» биін билейміз. Кім жақсы билейді соған қыдыр атаның сыйлығы бар.



Жүргізуші:

Наурыз тойы- жырымыз,

Көңіл гүлдей жайнасын.

Құлпырсын Күн мен Ай,

Құтты болсын Наурыз той.

Дастан.

Сәнді көктем-нұрымыз

Наурыз тойы-жырымыз

Көңіл гүлдей жайнасын!

Құлпырсын түр қыр мен ой,

Құтты болсын,Наурыз той!



Жүргізуші

Қыс өтіп, қар кетті,

Жырлайық жаз жетті.

Мейрамы ежелден,

Құтты болсын Наурыз.

Алмаз.

Наурыз- шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз,

Би билейміз бәріміз.



Жүргізуші

Ұлы тойда әдемі,

Әнмен шашу шашайық.

Ал балалар кәделі,

Наурыз жырға басайық.



Ильяс.

Ой,халайық,халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық.

Жыл басы-Наурыз,мереке

Ақ нұрға әсем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды.



Сүйіншілеп шабайын,

Қанат қақсын бала жыр.

Құтты болсын,ағайын,

Ұлыс күні, жаңа жыл.



Қазақтың ұлттық ойыны: «Бәйге»



Қыздар тобының орындауында «Ханшайым» биін қарсы алыңыздар.



Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығымен, шуағымен Күн-ана,

Алып келді жер бетіне гүл көктем.



Қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Арқан тарту»





1.Қыздардың бұрымына тағатын әшекей. (Шолпы)

2.Үрлеп ойнайтын музыкалық аспап. (Сыбызғы)

3.Айт мейрамында айтылатын ән. (Жарапазан)

4.Наурыз көже қанша дәмнен дайындалады? (Жеті)

5. Өренкті тақыр кілем. (Алаша)

6.Әйелдердің қымбат заттармен әшекейленген мойынға тағатын бұйымы. (алқа)

7.қияқпен ойналатын ішікті музыкалық аспап (Қобыз)

8.Ерте туып тез жетілгшен қозыны не деп атайды. (марқа)

9.бір-бірімен байланысып, рет-ретімен дамып отыратын оқиға. (сюжет)

10. Үш арсызды ата. (Ұйқы, күлкі, тамақ)

11.Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.

12.Наурыз көже дегеніміз не?



«Наурыз көже»

Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс т б. Тағам түрлерін жасап,оған қазы, шұжық сияқты соғымның сүр етін қосып пісіреді. Қазан аузы жоғары, - деп жиналғандарға наурыз көже таратылады.



Арпа, бидай,тары бар,

Қатық, малта, ағы бар.

Ішілетін, жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар.





Әнші, биші, ақынбыз,

Елім тапқан жарасым.

Думандатып жатырмыз,

Қазағымның даласын.





« Наурыз, жыл басы» атты әнімізді қарсы алыңыздар.



Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытты бола берсін!

Еліміздің несібесі көп болсын,

Халқымыз көбейіп тоқ болсын!

Наурыз құтты болсын!

Осы сәтте «Қазақтың дастарқаны» әні орындалып, бәрі дастарқанға жайғасады













8



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал