- Учителю
- Дүниетану пәні. Тақырыбы: 'Адам өміріндегі өсімдіктердің атқаратын қызметі'
Дүниетану пәні. Тақырыбы: 'Адам өміріндегі өсімдіктердің атқаратын қызметі'
| Пәні: | Дүниетану | |||
| Сыныбы: | 2 | |||
| Уақыты |
| |||
| Сабақтың тақырыбы: | Адам өміріндегі өсімдіктердің атқаратын қызметі | |||
| Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері: А) Ақпараттық құзыреттілік
Ә) Коммуникативтік құзыреттілік
Б) Проблеманы шешу құзыреттілігі | Өсімдіктер тақырыбы бойынша алған білімдерін толықтыра отырып оның пайдасы туралы ақпарат беру. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру. | |||
| Сабақтың типі: | Аралас сабақ | |||
| Сабақтың әдісі: | Түсіндірмелі - иллюстративті | |||
| Пәнаралық байланыс: | Әдебиеттік оқу | |||
| Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: | Ынтымақтастық, шығармашылық, қабілетін дамыту. | |||
| Оқыту құралдары: | АКТ, оқулық, көрнекілік, өсімдіктер бейнеленген суреттер. | |||
| Сабақтың барысы: | Мұғалімнің қызметі | Оқушының қызметі | Күтілетін нәтиже | |
| I. Ұйымдастыру бөлімі | - Сәлеметсіздер ме оқушылар? Отырыңыздар. - Көңіл күйіміз қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба? - Құралдарымызды шығарып, мұқият тыңдап, сабағымызды бастайық.
| Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасады. Құрал - жабдықтарын алдарына дайындап шығарып қояды. Зейіндерін мұғалімге аударады. | Оқушылардың құрал - жабдықтары түгел болады. | |
| II. Үй тапсырмасын тексеру | -Балалар, біз алдыңғы сабақта қандай тақырып өттік? - Үй тапсырмасына кім дайын? Үй тапсырмаларын сұрайды.
| - Өсімдіктердің көбеюі
- Барлығымыз. «Өсімдіктердің көбеюі» тақырыбы бойынша түсініктерін айтады. | Үй тапсырмасына жақсы, мұқият дайындалып келгендіктерін көрсетті. | |
| Психологиялық дайындық.
| Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатымен жұмбақтар жасырады. Аспай піскен, Қайнамай түскен. Жарты жыл жадырайды, Жарты жыл қалтырайды.
| Жеміс
Ағаш
| Мұғалім қойған проблеманы шешуге қалай шешетінін түсіндіреді. Бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп түсіндіреді. Талдау оқушылар жауабын салыстыру жаңа материалды қабылдауға дайындау. | |
| ІІІ.Өткен сабақта аған білімдеріне сүйене отырып жаңа материалды хабарлау | Өсімдіктер мен жеміс жидектерді топтап жазайық. Шие, емен, бақбақ,, көкнәр, қияр, алма, жүгері, арпа, бидай, қайың, құлпынай, жусан.
Жарайсыңдар, енді осы өсімдіктердің бізге, адамдарға қандай пайдасы бар? | Өсімдіктер мен жеміс жидектерді топтап жазады. Жемістер: шие, алма, құлпынай. Бидай, арпа, жүгері. Ағаштар: емен, қайың Шөптектес өсімдіктер: көкнәр, бақбақ, жусан. Жемістер бізге күш береді, кейбіреулеріне дәрі дайындалады. Ағаштар пуаны тазалайды. | Өсімдіктерді топтап жазады, олардың пайдалысын табады. | |
| V. Үйге тапсырма. | Өсімдіктер туралы әңгіме жазу | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады. | Берілген ақпарат бойынша оқушылар жауап береді, талқылайды, бақылайды, қорытындылайды. | |
| VI. Бағалау.
| -Сабаққа белсене араласып, қатысып, сабақ айтқан оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма: мәтінді оқып, қайталау үшін берілген тапсырмаларға жауап бер. -Сау болыңдар! | Тиісті бағаларын алады. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
-Сау болыңыз! | Оқушыларды бағалау олардың қызығушылықтарын арттырды. Үй тапсырмасын түсініп алды.
Сабақ аяқталды. | |
| VII. Қорытындылау. | Мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап береді. | Сұрақтарға жауап беріп, сабақты қорытындылайды. | Сабақ қорытындыланады. | |